Түпкі жаратушы Алла барлық қуаттардың сипаты Тәңір болып, ал енді өзінің бізге әшкере жария болатын  «Өзі» сипатын, жарықтық қуатын Алла тағала болып жаралды да, ол жалғыз деп атаймыз. Алла тағала жеті қанатты періште болып жанның барлық түпкі бастауы болып саналады. Сонымен Абай атамыз 38-ші қара сөзінде; 1.Өмір, 2.Ғылым, 3.Құдірет, 4. Түсінуші, 5.Естуші, 6.Қалаушы, 7.Сөйлеуші, 8.Тудырушы-бар қылушы сипаттарын баяндап және бұл сегіз сипатынан туындайтыны, яғни Алла тағаланың ғылымы, құдіреті және Рахметі бірге болады дейді Абай атамыз.

        Түпкі жаратушы Алла барлық қуаттардың сипаты Тәңір болып, ал енді өзінің бізге әшкере жария болатын  «Өзі» сипатын, жарықтық қуатын Алла тағала болып жаралды да, ол жалғыз деп атаймыз. Алла тағала жеті қанатты періште болып жанның барлық түпкі бастауы болып саналады. Сонымен Абай атамыз 38-ші қара сөзінде; 1.Өмір, 2.Ғылым, 3.Құдірет, 4. Түсінуші, 5.Естуші, 6.Қалаушы, 7.Сөйлеуші, 8.Тудырушы-бар қылушы сипаттарын баяндап және бұл сегіз сипатынан туындайтын, яғни Алла тағаланың ғылымы, құдіреті және Рахметі бірге болады дейді Абай атамыз. Ал біздер үшін Рахмет сипаты; өзіміздің құлшылығымызбен Аланың досына айналумен, жоғарғы дәрежелі періштелік шапағатшылықпен байланысты болып, «Бір Алла –Мен» болып; 1.Рахман, 2.Рахим, 3.Ғафур-кешіруші,4.Уадуд-сүйікті, сүюші, 5.Хафиз-қорғаушы, араша түсуші, 6.Сәттар-кешіруші, араша түсуші, 7.Рәззақ-несібе беруші, ризық беруші, 8.Нафиғ-қосымша несібе беруші, 9.Уәкил-уәкіл, кепілдікте тұрушы, басқарушы, 10.Латиф-жақсылық жасаушы, шапағат етуші болып, бұлар Алла тағаланың көркем 99 есімімен байланысты екенін ескертеді. Яғни бұл 10 сипатының төртеуі Алланың өзі сипаты, ал қалған алтауы Алла досы болған әулие-әмбилердің жандарымен, рұқымен, кісілік ақыл  парасаттылығымен тікелей байланысты екенін білгеніңіз де жөн. Мұны; «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» деп ескерткен даналар.

 X-Құран және қазақтың сөз ғылымы, ақыл мен парасат негіздері

        Сонымен қазақ деген елге құдайдың ерекше назарында болып талай сынақтардан өтіп, енді егемендік алғанда ел басына билеуге шаруашылықты, дүние ісін ғана жақсы таныған білімді, бірақ ғылымсыз пенделердің келуімен дүние ісін жетік меңгеріп, алдыңғы қатарлы елге айналдық дегенмен, ал өзіміздің тектік рұқтық, жандық сипатымызда,  тарихымызда, тегімізде болмаған ең  төменгі азғындалуға түскен жайымыз да бар. Қандайда бір бүгінгі бағытымыздың дұрыс, бұрысын айқындау үшін бұрынғы өткен тарихымыздан, діннің насихаттарынан, даналардың қалдырған аманат өсиеттермен салыстыра отыра сынаған абзал болады.

Сонымен ғылым деген «метафизикалық» яғни бізге беймәлім көмес, ғайып қуаттардың, жаратылыстың кереметтерінің себебін, адамзатқа пайда, зиянды әрекеттерін, адамзаттың құпия жан, рұқ қуаттарының өсіп, өну көбеюі мен түрленуін, оны дүниелік тіршілікпен байланысты меңгеру адамгершілік  құлшылық амалдарын түсіндіру керек.  Мұндай  көмес, ғайыппен байланысты ғылымды меңгерудің тәрбиесін қазақта ғана дәстүр деп атайды. Сондықтан да Әл-Фараби атамыз; «Балаға біріншіден тәрбие беру керек, ал тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген.

         Ақырзаман дегенімізді біздерден бұрын өткен талай даналар болжап белгілерін де нақты көрсетіп кеткен. Ал ақырзаман пайда болған кезде адамзаттың зұлымдыққа түсіп, түрлі апаттармен, сынақтармен азапталатын және ақпараттық күрделі өзгерістің басталу кезеңі екенін барлық дін кітаптары да насихаттайды. Мұндай ақырзаман оқиғалары негізінде 4 кітаптың түсуімен байланысты төрт мезгілдік уақиғалар болса, ал жалпы оның саны құранда жеткілікті ғибраттары берілген.  Және бұл замандарда негізінде 8 діннің өзгерісімен 8 түрлі уақиғалардың  бір дәуірде қайталануы болса, ал дәуірдің саны 9 болып, аталарымыз; «Тоғыз жолдың торабында тоғысу» деп астарлы ескерткен.

Түп негізді жаратушымызды біз ақыл тұрғысында Алла деп атап, ал оның бізге көрінетін растығы, барлығы Алла тағала деп аталады. Ал бастапқы барлық ғаламның жаратылған алғашқы нұрын Раббы деп атаймыз. Сонымен Алла тағала біздерге мәлім болған 8 сипатты қуаттары болып; 1.Өмір, 2.Ғылым, 3.Құдірет, 4. Түсінуші, 5.Естуші, 6.Қалаушы, 7.Сөйлеуші, 8.Тудырушы- бар қылушы. Алла тағаланың бұл сипаттарын біз жеке-жеке қарастырғанмен, оның түсінігі, болмысы біздің жерлік тұрмысымыздағы пенделік ақылымызбен қабылданатындай емес. Себебі барлық сипатында өмір бар, сол сияқты ғылым мен құдіреті де бар.

Біздердің ұғымымызша ғылым мен білімнің айырмасы жоқ деп түсінеміз. Білімді көп жинағанды ғалым, ғылымды меңгерген деп атаймыз. Ал Абай атамызға жүгінсек; «Алла тағалаға ұқсамақ-дәл бірдейлік дауғасымен емес, соның соңында болмақ. Ол үшін алла тағаланың сипаттары; Өмір, Ғылым, Құдірет,  Түсінуші, Естуші, Қалаушы, Сөйлеуші, Тудырушы-бар қылушы. Бұл сегізінен алла тағаладай күрделі жетілгендік болмаса да, пендесіне әрбірінен өз халінше бар қылып жаратыпты…» Олай болса біздердің естіп, көріп, қалап, сөйлеп, өмірде бар болу үшін көбеюіміздің бәрі адамдық білімімізден, өмір сүру тәжірибемізден, ақылымыздан болады екен. Ал енді ғылым мен құдіретті  тапқан ақылымыздың шамасына қарай ғылымның белгісін танып, хикметіне жалғанып, іздеп тауып меңгере аламыз.