Надандық
Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін
Қатындар жас баласын күтеді,
Аямай қолдан келген шамасымен.
Емізбей ұрып-соғып, түртеді,
Ержетіп есі кірген баласын.
Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін
Қатындар жас баласын күтеді,
Аямай қолдан келген шамасымен.
Емізбей ұрып-соғып, түртеді,
Ержетіп есі кірген баласын.
Өлімнің хақ екенін көрсең де,
Өлместей омыраулап, шатасың.
Дозақтың барын біліп жүрсең де,
Күнәға әлің келсе, батасың.
Патшалар сансыз шығын қылады,
Дайындап соғыс үшін ғаскерін.
Аямай бірін-бірі қырады,
Ел алар оққа байлап жастарын.
Қазақ дәстүрінің аты бар, жалпы сипаты бар, бірақ ішкі сыры – дініміздің жетістігі мен ғылымдық маңызы бүгінгі таңда жоғалған десек жалған емес. Қазақ дәстүрінің туы; «Өлі риза болмай тірі байымас», «Үш байлық», «Төртеу түгел болса төбеден келеді, алтау араз болса ауыздағы кетеді», «Ақыл алтыда, ой жетіде», «Жетесізге жеті айтсаң да түсінбес, санасызға сан айтқанмен түсінбес». Біздер түпкі жаратушы Аллаға ешқандай құлшылығымыз да жетіп және қандай зиянкестік, қарсылық қылғанмен, ешқандайда зиянды әсер бере алмаймыз. Сондықтан Алланың барлық әлемді баураушы жоғарғы орын екені; «Ол азап биік дәреже иесі Алладан. (3) Ол жоғарғы орынға періштелер және Жәбірейіл мөлшері елу мың жылдық бір күнде шығады» (70-4).
Ислам бірлік дін еді,
Тұрағы діндер жүрегі.
Намаз деп ислам діңгегі,
Пайғамбардың сүннеті.
Егеменді қазақ деген дербес өзінің ата заңы бар, рухани еркіндігі бар ел болдық дегенмен, бірақ оған жете алмағанымызды құдай бізге Путин мырзаның аузына сөз салып сынақпен ескертті де. Сондықтан Путинге де қазақтың естілерінің атынан рахмет айту да керек. Біздің жаны өліп қалған жетесіз ел басшыларының жалған намысына түрткі болғанына. Жалған дейтініміз Ар деген санадан биік тұратын Алла тағаланың біздің бойымыздан сегіз сипатының бейнеленуі болады. Мұндай арлы адам баласы алды артын болжап, дін-дәстүрдің бұзылмауын ойлап қана намыстанып амал қылады.
Адамдық қасиеттің төрелігі,
Хан болар ақылға кемелдігі.
«Керікті» арғы атасы Керейханның,
Үш рудың туының бұл елдігі.
Жаратылыс сырын білу даналықтан,
Әлемдік қозғалысқа қуат қоссаң.
Қозғалыстың тегі бар үш негізді,
Жұбымен алты ақыл кірпіш болған.
Сонымен Алла тағаланың ғылымы, құдіреті барлық сипатында да болып, ал біздің адамдық болмысымызда, жер бетіндегі өмірімізде бұл парасаттылық қуатымыз болып бейнеленіп және адамзаттың рухани жарық өнімімен жұлдыздық-кісілігімен байланысты болады. Біздер жаратылысымызда Алланың Өзі сипатының кісілігінен, ата-баба нәсілі аруағынан жаратылып, жеті ата-баба, нағашы жұртымен байланыс белгілерін алып және жер бетіндегі барлық адамзаттың нәсілімен де байланыстық жүйе құрылыммен өмірге келеміз.
Сын сағаты елге соққан-ды,
Екі күнін тартып алып,
Ел билік құдайға қарсы шыққан-ды.
Қызылбас салты масһабы,