Еркек- рұқ, әйел- жан жаратылған,
Бес қуат жанға шипа азық болған.
Атаның шақуатының көп қой мәні,
Дене –киім, терің-әке ризық алған.
Еркек- рұқ, әйел- жан жаратылған,
Бес қуат жанға шипа азық болған.
Атаның шақуатының көп қой мәні,
Дене –киім, терің-әке ризық алған.
Құдайым жарылқасын бұлағыңды,
Некемен сүйіп қосқан қосағыңды.
Ақ жаулық, кең пішілген жеңді болып,
Күн көрмеген ақ білек жан жарыңды.
Сүюге де қыз жігітке ақыл керек,
Ұлтының дәстүрінен білсе дерек.
Арсыз қыз бен опасыз ер ғашық болып,
Көп ұзамай ажырасқан кімге керек?
Қандай жақсы нәзік жан жылағаның,
Көзден шығып ыстық жас, тулағаның.
Жаның таза әйнектей бол берсін,
Нәзік дыммен өсірмек бақшаларын.
«Біз – тегіміз түрік, дініміз – ислам екенін ұмытпауымыз керек. Олүшін, қасиетті кітап – Құран Кәрімді насихатауды естен шығармауымыз керек.». Н.Ә.Назарбаев.
Ел басшымыз мұны қазақ зиялы қауымына, ғалымдарға, дін ғалымдары мен имамдарға, заң шығарушы лауазымдыларға, құқық қорғау мекемелеріне арнаған жолдауы деп түсінуміз де керек. Ал енді қазақ қоғамында ел билеушілер, заңгерлер, зиялы қауым өкілдері ұлттың бірлігін қалыптастыруға жұмылған болса, онда ел басшысының әрбір айтқан жолдауын насихатын талқылап мұны заман талабына сай деп тапса, дереу орындау үшін заңмен бекітіп іс-әрекет амалға да айналдыра білу керек.
Сонымен қазақ елінің бүгінгі ұлттық болмысымыз, ата-бабадан алған аманатымыз, құдай алдында берген уәдеміз, болашақ ұрпақ алдындағы абыройымыз, шежіреден алатын бағамыз қандай? Әрине қазіргі ақпараттық басылымдар мен телеарнаға қарасақ біздің мәңгілік ел болатынымызға және өндірісті дамыту, жаңа кәсіптерді меңгеріп жер ана байлығын өңдеу арқылы біз әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналатынымызға сенімдіміз. Сонымен бірге масһаб деген құдаймен арадағы кепілдікке тұратын дін ұстанымымыздың да қиямет-қайымға дейінгі барлық ғылым-білімге, рухани даму жолымызға пәтуа беріп, жол көрсетуге де шамасы жетеді деп насихаттап жатырмыз. Осы жерде сенім мен иманның да сырын, маңызын білу арқылы ғана біз таңдаған жолымыздың, болашаққа жасаған жобамыздың айқындығын аңғаруға шамамыз келмек.
Осыдан 10 жыл бұрын қазақ елінің болашақта қандай рухани дағдарысқа түсіп, жастардың азғындап, мәңгүрттеніп, көздері қызарып қолына қару ұстап кететін де қаупі бар және масһабтың тәпсірлерінің дін салтын құлшылық істерін қалыптастыратын көптеген пәтуаларының жалғандығын жазып мұны зиялы, білімді қауым өкілдеріне қаншама жылдар бойы алдарына апарып таныстырғанда қолдарын сілтеп, есіктерін де жауып алған еді. Енді қазіргі ата жол жазбаларында масһаб білім мен жалпы исламдағы діни ахуалдың мұндай шиеленіске түсуі де білімсіздіктен, құранды теріске алып шариғатты ғана меңгерумен құдай ісін «Біздерден» келетін хабарларды мойындамай, өздерін «Жұлдыз» санаған тажалдық білімнің қасіретін нақты мысалдармен, аяттармен дәлелдеп те жатырмыз.
Иманды адам баласына; 1.Ақылдылық, 2.Пайымдаулық (ойлана білу), 3. Ізгілікті, 4.Көркіне, жынысына өзі сай ізетті , 5.Сабырлы болу деген бес түрлі негізгі қасиеттерді меңгеру керек. Имандылықтың нәтижесі де және соңғы тұрағы табандылықпен сабырлы болу екен. Сабырлы болу шыдамды, төзімді болу емес. Онда есектен артық иманды мақұлық болмас еді. Сабырлы болу ақиреттің өмірін, тылсым құпиясын Алла тағаланың хикметтерінің сырын шеше білумен ғана айқын болады. Ал оның жолында мұсылмандық деген адамдық болмысты меңгерудің де сырлары тұрғаны сөзсіз. Біздер кәміл мұсылман болмай иманды бола алмаймыз. Ал кәміл мұсылман болу үшін Абай атамыздың өсиетіне жүгінсек;
Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7
Шүкір деген сөз болды тілге оңай,
Әйтеуір бар жүрміз ғой өліп қалмай.
Егесіне әрбір кие ісін біліп,
Рахметіңді іспен білдір жауап солай.
Шүкір дейді арсыз қызын адам санап,
Қазір кез келген жас та кәрі де «Иман келтірдім» деп дәрет киімін дұрыстап, шариғатқа лайық амал қылып намаз оқыса болғаны иманды деп атай бастаймыз. Бірақ аятта; «Оған (Раббысының шындығына) иман келтірдік» дейді, олар; бірақ ұзақ жерден олардың қолдарына қалайша келеді?» (34-52) Шындыққа яғни Алла тағаланың бізге әшкере жария қылған хикметтеріне, белгілеріне, қуаттарына т.б. сансыз біз білмейтін себепші нәрселеріне иман келтіру, яғни оның сырын, білімін меңгеруден бас тартпау деп түсінген жөн. Және бұл қуаттардың нәсілдік, тектік, өнер қаракеттік болып адам баласының қолымен байланысты екенін де аятта ашық ескертіп тұр.