«Әркім істегенінің бодауын алу үшін; Мен мезгілін құпиялаған қиямет анық келеді.» (20-15) Қазіргі таңда қазақ елі ғана емес, бүкіл әлем елдерінің рухани дағдарысқа түсіп, иман қуатының жоғалуымен және оның орнына тек жалбарыну, сенімді бекіту құлшылығы келіп иманға ашық қарсы шығудан оның арты дүниелік сынықтар мен азаптарға, апаттарға ұласып жатқаны да сөзсіз. Бұл Раббымыздың біздерге де қаншама жыл сынақтан өтумен және дін тұрғысында қандай имандылығымызды көк отанның қазынасын сақтай алдық соған байланысты әлемде ерекше белгі қазақ елінде басталып иманды меңгеру мен сенімділік құлшылығының арасында ақпараттық соғыстың басталғанына да ондаған жыл өткені де сөзсіз. Сонымен осыдан екі жыл бұрын Құдайдың ашық түсірген хикметін, мұғжизаларын теріске шығарып соттаған қазақ елі үшін желтоқсан айының аяғында қияметтік сын сағаттың соғылғаны және мұның енді алдағы уақытта алты жылы барын да білген жөн.

     Сонымен Иман: 1.Ақыл; 2.Пайымдаушылық , ойшылдық; 3.Ізеттілік; 4.Көркі өзіне сай (жасына, жынысына, атақ, дәрежесіне сай болу);5. Ізгілікті (жомарттық, мейірімділік) болу. 6. Сабырлы болумен толық имандылықтың  6 шарты болу керек. Ақылды меңгеру және оның қызметшілері (зейін, зерде, зеректік, жады, жат, жете, сана) санамен ерекшіліктері адамзаттың жаратылысына байланысты қуаттық туралы «Жын –шайтандар философиясы», «Құлшылықтар философиясы» атты жазбаларда талқылап өттік. Сол сияқты жалпы қазақ дәстүрінің имандылық ерекшелігінің, оның меңгерудегі әрекеттердің сипаты Абай атамыздың 45-қара сөзімен, пайғамбарлық қасиеттермен байланысты жетелік тұрғысында түсіндіріліп, жазылып баяндалып та жатыр.

    «Дін дегеніміз көзқарастар жүйесі мен іс-әркеттер және Алланың адамзат баласына салып берген қасиетті жолы. Діннің арқасында ғана көкірегі ояу адамдар өзінің көздеген мақсатына жетуге мүмкіндік алады..»(Әл-Фараби) Сонымен ғұлама бабамызға жүгінсек дінді меңгеру үшін көкіректің ояу болуы міндетті шарт екен. Олай болса көкіректің оянуына ең басты себеп бір ақылдың қуаттылығы, естіліктің жағдайы және ішкі дүние мүліктің сыры иманның қажетті мөлшері, шамасы керек екен. Дін-сенімдерді меңгерумен өзінің бейнесін құлшылығын анықтап, ал діннің мақсаты мен талабы адамзатты жер бетінің халифасына , құдайлық сипаттағы періштелік дәрежеге айналдыру болмақ.

Жаратушы иеміз; «Сендерге түсінікті болу үшін әрбір жаратылыстың нәрселерін парымен жаратым» деген. Пар, парлық, пар болу деген бірінсіз-бірі пайда бола алмайтын, көбейіп қосыла алмайтын, тіршілік ете алмайтын, белгілі бір талапқа да сәйкес бола алмайтын деп ұғынған жөн. Әйел мен еркектің жыныстық тұрғыда қарама қайшылығы да бір–біріне достығы да қастығы да пар болып жаратылып барлық әлемдегі нәрселер осы екі пар үшін қызметке пайдаға асуға ғана жаратылғаны да хақ. Енді рухани яғни көместік, ғайыптық, метафизикалық, физикалық, химиялық, биоөрістік тұрғыларда еркектің де әйелдің де рухани жаратылысының жұбы, пары болып; оны жандық және жындық қуаттық болмысы деп атаймыз. Сондықтан адамзат деп аталғанмен заттық тұрғысында да екі жыныстық ерекшелікпен, ағзалық қарама–қайшылықпен өзара бірігіп көбейуге бейім болса, рухани тұрғыда да екі сипаты болып; жындылық қуатпен  күш қуатты, өнерді, түрлі қарекеттік істерді меңгерумен байланысты да бейнеленуі болып және бұл көмес болмыстың да өзара қосылумен онан пайда болатын өнімі болуы шарт.

Қандайда бір халықтың тарихи дін ұстанымымен белгі қалып оны; Әдет-ғұрыптар деп атаймыз және мұндай ғұрыптардың да ата бабаларымыздың жаратылыстың себептерін меңгеруге, түрлі рухани қуат, күштермен байланысты өмірлік тәжірибесінен, Алланың болмысын мойындаудан туындағаны да хақ. Сондықтан пайғамбарымыз; «Сендер ата-бабаларыңның ғұрпын сақтаңдар. Олар кесірткенің ініне кірсе сендер де кіріңдер» деп ескерткенде сахабалар; «Бұрынғы аталарымыз християн, яхуди болса да ма?» деп сауал қойғанда «Ия» деген жауап болған екен. «Әр үммет үшін үшін, олар орындайтын бір ереже жасадық. Бұл іс (шариғат) жайында тартыспасын. Раббың жаққа шақыр. Сен әлбетте тура жол үстіндесің» (22-67)

Қазіргі таңда қандай да бір әлемдік және мемлекет ішінде болған, болып жатқан, алдағы уақытта болатын  оқиғалардың белгілі бір заңдылыққа бағынатыны және мұндай оқиғалардың бағзы заман халықтарының тағдырларының жүздеген жылын аз ғана мезгілде, дәуірде қайталанып отыратын да шарттары бары сөзсіз. Қазақ елінің өткен арттағы тарихымызға үңілсек қаншама қанды оқиғалардан, апаттардан, сынақтардан, қан төгістерден ұлтымыздың негізгі тегін сақтап жоғалып кетуден де аман есен өтіп, шежіреміз қалыптасып, біздердің тұрмыстық салттарымыз бен өмір сүру ерекешелігіміздің рухани тұрғыда ұлтымыздың және өзге ұлттармен де ауыз біршілігімізді, халықтардың тұтастығын қалыптастыруға да қабілетті дәстүріміздің де өзге ислам елдерінен әлде қайда биік тұрғанын жетесі жетілген, имандылықты толық меңгерген және санасына белгі алған арлы адам баласы ғана ұғына алады. 

Сайттардың бетінде тылсымнан аруақтардан келген ақпарат бойынша; Бұл елді мекендегі ұйқының салдары жер астына шағып жатқан нұрға байланысты екенін, мұнан ата жолы арқылы тазаруға болатын ескерткенмен мұны түсінетін ел билейтін, зиялы қауым арасынан санасы бар азаматты әрине бұл кезде кездестіру қиын. Сана қуаты бастағы шырағданның, қажылық қасиеттің жетілуімен және бас киіммен, ақ жаулықты төменгі сана етектіден алған қан шарабымен тікелей байланысты деп түсінген жөн. Сондықтан қазір тегін жоғалтпаған, анасының ділі қуаты таза, ақ сүтінен ұлттық қасиетіне, ағашына жалғана алған санасы жетілмегенмен жетесі бар азаматтарға ғана бұл хабардың ұғымды болатынын ескерте кетейік.

    Қандайда бір жаратылыстық қуаттың өлшемі мен қозғалыс жылдамдығы болып және негізінен 3 түрлі уақыттық жылдамдыққа, үш түрлі ақпараттық жаратылыс жүйесіне тәуелді болып, жер әлемдік жаратылыс қозғалыстық негізін 6 күнмен яғни 6 санмен белгілеп және негізгі себептердің жарықтың бастауы үшпен қайта дәрежелеу арқылы 18-мың ғалам деген осы ақпараттардың орталығы, ошағы, мекені «Матрицасы» болып саналады. Сенім қуатының түрлену, қозғалыс тербеліс жиілігін ғаламдық тұрғыда қарастырсақ 72 сандық белгімен болып, Жын сүресінің жындар әлемінің адамзаттың сенімімен тікелей байланысты бейнеленетінін, яғни ішкі ағзалардың жұмысының бір жүйемен басқарылуын қалыптастыратын ғылымда «биоритм» болып аталады. Ислам ғалымдары мұны Алла тағала тәулігіне 72 рет адамның жүрегіне қарайды деп бұл тербеліс жиіліктің 120 минутқа теңдігін ескерткен. Негінен адам баласының сенімі, тәуекелі білгілі бір ұстанымына байланысты тәуекелшілігінің сипаты болып; 1.Ми; 2.Жүрек; 3.Бауыр;4.Бүйрек;5.Өкпе ағзаларының 24 сағат бойы «биоритмдік» қозғалысының жиілігін қалыптастырады. Адам баласының тәндік қуаты денсаулығы немесе осы ағзаларға байланысты болатын аурулары да белгілі бір ұстанған сеніміне, тәуекеліне байланысты болатыны да хақ.  Және мұның қозғалыстың негізі оттың жалынынан адамзаттан бұрын жаралып, ібілістің де жаратылуы жыннан екенін, осы ағзаларға сенімін ұрлау арқылы әсер ете білетінін де білген жөн. Сенімдік қуаты тәуекелдің қандайда бір заманның оқиғаларына, білімінің, жараталыстың түрленуіне байланысты болып, мұндай жағдайда  Алла тағаланың хикметімен, белгілерімен түсірген аяттарының мәлімет, хабарларына да қара күштердің қарсылығы болып ондай аяттарды, хикметті хабарларды  иман арқылы меңгеруден ғана бойлық жарықтың жетілуімен, имандық жолдас адамзаттың тұрақты серігі — сенім болатынын да жадыңызға тоқып алыңыз. Біздер осындай себептік түрленуге байланысты сенімділікті дін деп атап, бірақ оны иман келтіру деген ұғыммен бірге түсініп, сенімді иман деп қабылдаудан рухани жағдайымыздың, жанымыздың ішкі сырын білмеуден жалпы адамзат қоғамының адасуға бөлшектенуіне соқтырғанын, ібілістің қақпанына түсумен ақылымыздың шектеліп, ойымызды, ойшылдық қабілетімізден айырылып қалғанымызды аңғарудан қалғанбыз. Ақылымыз сенімнің әрекетіне қарай бейімделетін басқарылатын болса, ойдың иманмен ғана тәуелді түрде қалыптасып бірге өсіп жетілетінін де естен шығармау керек.

Ат қояр қазақ,

Ырым ғып анық.

Тегінде иттік,

Бұруға салып.

Құтжол деп итті,

Қойғанмын атын

Жүруге танып

Үрмеді ит боп,

Құттығы қалып.

Жолбарыс атап,

Тектігін алып,

Өзгерттім атын

Тектігін мысық,

Ырылын алып.

Тегінде жоқты,

Кім бермек салып?

Ұқсасын онда,

Иттігін алып,

Пенділік атын

«Ов»-тарын алып,

Қоймасам болмас

Үлгісін алып.

Адам боп бірақ

Кетпесі анық.

Ырымым ұқсас

Болса да мейлі,

Дәстүрден алшақ.

Наданның сөзі

Болмаймын дейді

Адамның ұлы

«Ева»-ның қызы

Махаббат, иманға

Болмайтын құлы.

Ескілік текті,

Жынымен кекті

Меңгермек жүкті.

Итіме қойдым,

Болсын деп кекті.

Болған мен қырын,

Атасының ұлы

«Иттерден» жұрын!

(қараша 2014 жыл)

***  ***

  

Бұл тақырыптың қоғам арасында үлкен тартыс болып ОВ» ты алып тастаған қазақ болып аталып, иманы күшейіп, арлы болады деген жолдаумен көптеген пенделердің әсіресе жастардың бұл әрекетті қолдап, енді мұны ерлік санап, ал мұндай атаулармен аталмағандарды сатқын атап, қарсылық ұйымдастырып жатқаны жасырын емес. Әрбір таңбаның киесі болып және адам атының тылсым ақиретпен үш түрлі ақпараттық жүйеге жалғанып яғни; жануарлық, құстық және адамдық жаннат егелеріне жалғанумен байланысты болатыны дінде де ғылымда да белгілі кітаптық білімі жоқ екені сөзсіз. Бірақ бұрынғы замандағы әулиелеріміз әкесінің аты түгіл өз атын да жасырын ұстап,  жалпы үлкендердің де атын халыққа ататпай киесі соғады деп ескертіп, қосымша атаулармен жер су аттарымен жалғаудың маңызында үлкен сыр жатыр. Сондықтан; Әзірет Сұлтан Құл қожа Ахмет Ясауи деген бес түрлі атаудың осындай біздерге ғылымдық маңызы бар үлгі екені де сөзсіз.