Дін дегеніміз адамзаттың өмір сүру барысындағы рухани тұрғыдағы өркениетінен, жетістіктері мен қателіктерінен тұратын шежіре тарихы және өмірге деген көзқарастарының кейінгі ұрпақтарға қалдырып отырған насихаттары және белгілі меңгерген құндылықтар мен қасиетер тегін меңгеру арқылы ақиқатқа жету аманаты, уәдесі де болып табылады. Біздер ізгілікті дін арқылы ғана ақиқатты тани аламыз. Ал ақиқат дегеніміз; Әр адамның жеке меңгерген білімімен, өмірден алған тәжірибесі мен табиғи қасиеттерінің арқасында көз жеткізген өмір шындықтары болады.
Автор: Тоқберген Байтасов
Адамзаттың істері тәңірдің көз алдында,
«Біздерсіз» тірлігі адамның оңалды ма?
Алланың құдіретті нұры Раббың болған,
Алла жар деп айтамыз; мал, жаныңа.
Сап, сап көңілім жоқты іздеме,
Жалғанның қызығына көзді сүзбе.
Талаптың тұлпарына мініп көзде.
Көңілім арман жүйрік сенен озар,
Арманды тапсаң көңіл бағың болар.
Жер ана даналықтан жаратқанды,
Даналықта баста парасат қуат барды.
Парасатты жер анадан бөліп алып,
Күн мен жұлдыз болып біз аталды.
Пайғамбарымыздың, «Әрбір жүз жыл сайын сөз атауларының ұғымдары өзгеріп отырады» деген өсиетімен байланысты, құранның таңбаға байланысты арап тілінде тұрақты өзгеріссіз үні болып, арап елі үшін үгіті де насихаты да өзгеріссіз болады. Себебі әлемінің дамуына байланысты ислам елдері өзге елдерден өзара сөз алуымен, таңбаның жетіліп, үндердің де өзгеруімен; тілдің үндік даму заңдылығы да сөз ұғымдарының, атау сөздердің қуаттарының өзгерісін де туындатады. Және мұндай әрбір өзгерістің қарсылықтар арқылы ғана дамитынын да білген жөн. Сондықтан арап елі орта тұрақты үммет болып, ал өзге тілді үмметтер әрбір жүз жыл сайын ұлттық тілдегі құран аудармасының ұғымдары өзгерістерге ұшырап, жаңадан ұғымдардың пайда болуымен де, құранның жаңадан насихаттарының аяттарының сырын ашып отыруы міндетті болмақ.
«Бір мәрте ақиқаттың жолына аяқ басқан халық, бұл жолда өз араларында қашан ұрыс-керіс пен талас-тартыс басталғанға дейін қала береді.» (704-хадис) Пайғамбарымыздың бұл өсиеті түркі халқына, оның ішінде тура жолдың, ақиқаттың негізін қалаған, сондықтан әлемдердің шежіресін, даналықтың, көркем сөздің құндылығын сақтауға бұйырылған мирастың егесі болған қазақ халқына арналғаны да хақ. Себебі қай елде тура жолдың негізі қаланса, сол елді сөздің құндылығы, жан ғылымының сыры, нақылдардың мол байлығымен ерекшеленуі тиісті.
Қазақ дәстүрінің құранмен бекіп, бүкіл әлем діндерін толық қамтып қалыптасуы да жан ғылымы мен жоғарғы біртектілік қасиетті меңгерген Құл Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың 63 жыл жер астында хилуетте өмір сүріп, әлемдік барлық ақпараттық жүйеге жалғана алуымен байланысты екені де хақ. Бұндай ақпараттар жүйесінің 3 түрлі тараудан 33 мың сипаттардан; нақыл — сөз құпиялары, ғылым деректері, ғылым көздерінен тұрып барлығы 99 көркем есімдермен немесе Ар —атты Алла тағаланың сегіз сипатының бейнесімен байланысты болып, сәни дәптердің хикметтерінің сандық мәндері мен құран аяттарының арасында тығыз байланыстың барын әзірге ұғына алған қазақ ғалымын таба алмайсыз
Бүкіл әлемді билеуші-пәни дүниенің барлық жаратылыстық нәрселерін қозғалып түрленуге, өсіп-өнуге немесе бір жағдайдан келесі жағдайға өлім, туылу, қартаю сияқты себептерін өзара келісіммен жан-жақты қарым-қатынастарға, табиғи реттілікпен өзара ынтымақтастыққа сай етіп жаратқандықтан, олардың барлығы да басты мақсат үшін қаракет ететіндей, бір заттай тұтастықта болып көрінеді. Мұны біз бүтіндік, бір тектілік деп атаймыз. Адамзатты осы жаратылыстың негізгі себепшісі, тұтынушысы ретінде жер бетінде жаратушы иеміздің орынбасары, яғни жалпы әлемдік тұтастықта да халифа басқарушысы, Алла тағаланың ұқсасы болуға тырысу үшін жаратқан. Ал біздер қандай істі бастасақ та;«Бисмиллаһи рахаман, рахим» деп айтуымыз керек
«Адамзатқа алдымен тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп Әл-Фараби бабамыз неге ескертті? Шәкәрім атамыздың; «Жаралыс басы қозғалыс, қозғалысқа керек қолқабыс» деген насихатын інжіл жазбалары да растайды. Баста сөз болған, сөз құдайдың буы-нұры еді деп түсіндіреді. Демек, сөздің пайда болуы ақыл – нұрмен, яғни қозғалыс тегімен байланысты. Қандай бір жаратылыстық нәрсенің, қуаттардың белгілі бір қозғалу тәртібі бар. Сондықтан әрбір адам баласы да өзінің жартысын, жынысын, тегін, қуаттарының шамасын білуі керек. Бұл білімге жатады. Бірақ осы қуатымызды, яғни білімімізді біз қажетімізге қарай жұмсауымыз және онан пайдалы зиянсыз әрекеттер шығаруымыз үшін төменгі, жоғарғы шамаларын, шектерін яғни тәрбиесін меңгеріп, салыстыру арқылы жұмсалмаса, онда бақытсыздыққа душар боламыз.
Біздердің өмір сүрген әлемімізде ешқандай бостық немесе белгілі бір тәртіпке бағынбайтын, өз ара қарым-қатынаста қуаттық алмасуда болмайтын жаратылыс себебі жоқ десек жалған емес. Әлемдегі қандайда бір жақсы, жаманды өзгерістердің бәрі әлемдік тұтастықтың ішіндегі қуаттардың алмасуынан пайда болатыны да хақ. Жер анамызды жаратқанда даналықтан жаратып, ал даналықтың ішінде парасаттылық қуат та болған еді. Мұны «Жерді 4-күнде жаратып несібелеріңді түгелдедім» деп түсіндіреді. Ал жер көкті 6-күнде жаратқанын да, жалпы бүкіл әлем 7-күнмен жаралып біздің аптаның ішіндегі 7-күніміз және олардың аттары да осыған дәлел болады. Сонымен парасаттың 7-белгісі бар мұны жер әлемде бейнеленуін апта, яғни күш, қайратты белгілейді.