Жалпы адамзаттың Нұқ пайғамбарымыздан бері арманы болған қалайда жанды жетілдіріп мәңгілік өмірдің ағашына жалғануға себепші болатын өлімді меңгеру жеңумен қайта туылу еді. Бұл сыр Тәуратта да белгілі болғанмен тек қана 70 адамның уақытша өліп тірілуімен және тек әулиелердің ғана арнаулы құлшылық амалдарымен ескі күнәлі рұқын өлтіріп, қайта жаңадан рухани азық алып, ет-малын тазартып, рұқын жетілдіріп, аруағын қалыптастырумен жоғарғы дәрежелі саналыққа жетуді меңгеру үшін де иман қуатын жітілдірудің маңызы да зор болғаны сөзсіз.
Автор: Тоқберген Байтасов
Абылайхан атаның тойының алдында зияратының Астана қаласынан қашық емес екенін, басында аң терісі байланған қара найзасы барын айтып ешқандай мұны ұғатын саналы қазақ шықпағаны да сөзсіз. Және алтын адам аталған; Қазақ, Созақ бабаларымыздың анасы болған, Ұлсай Емер анамыздың да басын көтеру мен Алаш бабамыздың, Алтай Жүрсін бабалар басындағы мұрағаттарын да ашып халыққа жария ету туралы да менің көтерген мәселеме ешкім құлақ асқан да жоқ. Сол сияқты Кенесары хан атамыздың қырғыз елінде 11 уәзірімен қоса жерленіп, басында мұрағаты барын және басының кесілмегенін хабардар еткенмен, мұны да ұғатын текті, намысты саналы қазақ шыққан жоқ. Енді Керейхан мен Жәнібек бабалардың да зияратын тауып басына ескерткіш орнатып ас бермей –ақ, ел биліктің той өткізбек ойлары бары да сөзсіз. «Санасыздарға сан айтқанмен түсінбес» дегендей бұл жолдаудың да ел билікпен зиялы қауым өкілдерімен қабылданабайтыны да сөзсіз.Қазақтың көргенді ар-намысты ұрпақтары бұл сөзімінің хақтығына сенетін болса, есеп шот ашып халықтан қаражат жинап, бабаларымыздың зиярат бастарына ескерткіш орнатуға шамамыз келгенше үлкен тойдың алдында арнаулы ас беріп, құран оқып еске алуға жағдай жасаса. Ал жерленген орнын, зиярат бастарын біз көрсетуге дайынбыз. Алдын ала Керейхан бабаның басында орнатылған, басы домалақ тас мүсінінің және қазған жағдайда сол қолында сауытының барын ескертеміз. Ал Жәнібек сұлтан бабамыздың зияратынан қанжардың басының табылатыны да және 3 тармақты бір белгі нәрсенің барын да алдын ала білген жөн.
Алдыңғы жазбаларда қарастырылған ақылдың алты сатысы болып; 1. Сезімдік ақыл (интуиция). 2. Сезімдік ақылдың аңғарымпаздығы (сана). 3. Қаракеттік ақыл (интеллект). 4.Қаракеттік ақылдың алғырлығы (таланттылық) болып және алдағы жазбаларда талқылайтын ақылдың маңызды даналыққа деген құштарлық екі қадамы 5. Танымдық ақыл, дарындылықтарды, қасиеттілікті меңгеру, парасат кітаптарына жалғану ізгілік болса; 6. Даналық ақылды меңгеруге байланысты ақылдың жоғарғы сапасы игілік болып саналады. Шәкәрім атамыз; «Жаралыс басы қозғалыс, қозғалысқа керек қолқабыс..» деген философиялық тұжырым жасаған екен. Жаралыс басы таза ақылдан пайда болған уақыттың өзі болып, барлық жаратылыс уақытқа бағынса ал оның мезгілдік, зам
Кез келген жаратылыс нәрселерін қозғалыстық қуаттық өлшемдермен, уақыттың да сырын меңгеру үшін де үш өлшемді бейнеден қарастырылған ұғымдарын салыстырып түсіну Раббымыздан біздерге шартты міндетті үкім. «Түсінулерің үшін әр нәрсені пар-парымен жараттық.» (51-49) Бұл аяттағы сандар жүйесі негізгі жаратылыстың қуаттарының өлшемдік бірлігін береді. 40-сандық мәні жұптылықтың, 9-саны тақтылықтың және жұп пен пардың дәржеленуімен белгілі болмақ. Ал 50-саны бес қуаттың 10-санымен дәрежеленуі және бірлікпен қосындысы болып нәтижесінде 50+49 =100 –Алланың жүзі белгісін береді.
Сонымен бірге иман деген киенің барын барлық адамзат мойындауы да хақ. Бірақ, сол иманды меңгеруді біздер исламдық бес парыз бен шариғаттан ғана пайда болады және намаз оқымағанда иманы болмайды дегенді мойындағандар; діншіл, оразашыл болып, ал мойындамағандар; исламды да, дінді де осындай пәтуалары кемсітулері үшін жек көретіні де, мұндай діннен аулақ жүруді қалауы да сөзсіз. Ал иманның ғылымына жүгінсек және пайғамбарымыздың да өсиеттері бойынша жақсылық, сүйіспеншілік атты адамдық қасиетті адам баласына ұлтына, жынысына қарамай тағдырында жазылатыны, егер мұны алып қойғанда адам баласының хайуаннан айырмашылығы болмайтыны да сөзсіз.
Қазір әлемдік тұрғыдағы «экстремизм» атты тажалмен күресуге қазақ елі де белсеніп кірісіп кеткені сөзсіз. Және тағы бұл тұрғыда біздің ел билеушілер, зиялы қауымдар тарапынан зерттеу мен бағдар жасап, алдын-алу әрекеттерін шет елдің тәжірибелерінен заңмен қатты жазалап, үнемі ұйықтамай күндіз-түні бағып отырумен және масһаб атты діннің ең таңдаулы қаруы үгітімен ақпараттық тұрғыда жеңіске жетіп, халықтың санасын ашып, бейбітшілігін қамтасыз етеміз деп ақпаратық орталықтардан дәріптеліп жатқаны да халыққа белгілі жағдай. Сонымен экстремизіммен күрестің бір тәсілі де масһабтың — тура жол, шексіздік және оның басында тұрған бір ғана әулиенің ісіне табыну арқылы, оның «Ахмет» елші болып адамзатты құтқарушы құдайдың өзінен екенін мойындатпақ шара екені де сөзсіз. Және мұндай рухани байлықты таңдай білген ел билеушілердің, зиялы қауымның, дін ғалымдарының халық алдында құрметті аталуға да лайық екенін білдіретін жақында яғни 4-қараша күні Хабар телеарнасынан «Арнайы хабар» деген бағдарлама берілді. Сондықтан да Ата жолының басынан бастап бүгінгі күніне дейін белсенді мүшесі, зерттеушісі ретінде менің де бұл сұқбатқа бұқара халықтың атынан берер бағасын, халықтың назарына ұсынуға қақымның бары да сөзсіз. «Бас кеспек болғанмен тіл кеспек жоқ» дейді қазақта.
Иманның дәні тағдыр егілетін,
Жүрекке жатыр-жерде берілетін.
Иманды жақсылық деп атаған,
Адамзаттың өсірмек егіні екен.
Қазіргі әлемдегі болып жатқан негізгі қауіптің ошақтары неге ислам әлемінен пайда болып отыр деген сауалға жауапты іздеп көрдіңіз бе? Егер мұның астарына терең үңілсек, мұның бәрі құранда ашық аяттармен сол түскен заманда-ақ осындай бүліктердің құранды теріске алудан пайда болатыны және мұны пайғамбарымыз да; қияметтік сын сағатында 30 түрлі тажалдар пайда болады, деген екен. Жалпы тажал ұғымын қазір дінсіз, намаз оқымайтын білімсіз, надан деп түсіндіреді. Сонымен бірге иман деген киенің барын барлық адамзат мойындауы да хақ. Бірақ сол иманды меңгеруді біздер исламдық бес парызбен шариғаттан ғана пайда болады және намаз оқымағанда иманы болмайды дегенді мойындағандар; діншіл, оразашыл болып, ал мойындамағандар; исламды да, дінді де осындай пәтуалары кемсітулері үшін жек көретіні де, мұндай діннен аулақ жүруді қалауы да сөзсіз.
Дін атын, шапанын жамылғандар
Исламды, бірлігін қорлағандар.
Адамзаттың бәрін сүй махаббатпен,
Өсиетін дана Абайын алмағандар.
Қыз өріс байлығы қазақтағы,
Шырағың сөнбесін деген бата барды.
Тегің бар, елім қытайда қазақтағы,
Кені бұл өлемейтін ген қаныңдағы.