(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай   ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Ата-бабаларымыздың адамзаттың құлшылығының негізі: үш байлықпен негізделуін және үшінші байлық «Он саулық» туралы көктен келетін нұр деп қана түсінеміз. Ал оның қандай  жаратылыстық сипаттармен, рухани қуаттармен,  ақылымыздың сипаттарымен байланысты болатын мән-мағынасына көңіл бөле бермейміз. 20-шы тарауда Абай атамыздың: мұны Алла тағаланың Рахмет сипаты деп барлық жарылқаушы, қорғаушы, мейірім, рахман, ара түсуші, несібе ризық беруші, пайда беруші, уәкіл басқарушы деген ұлық сипаттарымен көрсетіп берген.

                      (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай   ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы) Философия-ойдың қуатын меңгеру ілімі болып, ойсыз ақылдың жарығы болмайды сондықтан да ақыл шам болса, ой соның майы болатынын да білген жөн. Сопылық мақамдағы «май іштім» деген осы ой қуатын алумен, ал тылсымнан аян арқылы арақ ішу ақыл қуатын алумен ерекшеленеді. Қазіргі таңда қазақ елінің философиялық мектебінің өз мақсатын атқара алмағандықтан қазақ елінің болашаққа қарай заманның ырғағына сәйкес өркениетті меңгеруінің тежеліп тұрғанына жоғарғы лауызымды ел билігі мен зиялы қауымның ақылы болғанмен оның шамының майы болмай, сондықтан шамдары иман, ар болып жана алмай, жол көрсететін жарықтары болмай, кез келген елдің әдетін, салтын, білімін ақыл қылып алуға себеп болғаны да сөзсіз.