Адамның адамдығы тіліменен,
Ақылмен сөзді тауып бейнелеген.
Ақылға ғылым билік жүргізуге,
Ой қуатын мінезбен меңгер деген.
Адамның адамдығы тіліменен,
Ақылмен сөзді тауып бейнелеген.
Ақылға ғылым билік жүргізуге,
Ой қуатын мінезбен меңгер деген.
Көңілді күй бұзылған,
Ұнатпай сөзді алды да.
Өмірдің сырын алдырған,
Қайтсам деп артқа тағы да.
Тамылжытып ән салып,
Қымбат қылған жар салып
Жұлдыз атап қадірлі,
Қарасын жұрт тамсанып.
Надандық ілімнен басталады,
Білімді көп қазақта болмақ нары.
Ұлтымыздың бірлігін сақтау үшін,
Топ құрып өз пікірін жазғандары.
Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7
Ғисадай көркем сөзді пайғамбардан,
Талай үлгі рух сырынан үлгі қалған.
Қазақтың дәстүріне жалғап оны,
Ясауидей бабадан ақылы мирас болған.
Жас күнінде ойланбай ойнақ салған,
Әр есекке тән, жанын арамдатқан.
Есі кіріп күнәмді кешір деген,
Нәзіктер көп дін ұстанған шариғаттан.
Байталдық жыныстық мінез деген,
Ұрғашылық әр айғырды өзі іздеген.
Ұрланып жас айғырға артылатын,
Кәрі байтал үйірінен өзі жүрген.
Мүжбүр етпек түңілуге,
Ібілістің білімі түскен жерге.
Талай адам танымай өзін-өзі,
Көңілін ұрлатады дүниеге.
Құранда Раббымыз; « Мұхаммед олар сенен (рух)жан туралы сұрайды: «Ол Раббымның әмірінен. Сендерге өте аз мәлімет берілді» де» (17-85) деген аятта тырнақша ішіне рух сөзін қоса тіркеудің өзінде рух-таза ақыл мен жан туралы деректердің арап халқында сөз қорында, тіл өнерінде шығармашылығында да, жалпы дін ұстанымында аз мәліметтің болатынын ескерткен. Бұл жерде рух сөзін тырнақшаға алуы да дұрыс емес, себебі рухтан рұқ болып, ал барлық рұқтық білім құранда баяндалып және жан білімінің мәліметін: «Мұхаммед айт: « Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларыңның тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68)
(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)
Адыңғы тарауда Абай ата қара сөздерінің 31-ші сөзі мен 19-шы сөздерінің орындарының ауысып кеткендігі туралы ескерткенбіз. 31-сөз естіліктің жағдайымен байланысты болса, енді 19-шы сөз пайғамбарлық қасиеттің «Қарилық» қабілетімен байланысты болмақ. Жалпы сөздердің негізгі ұғымдарын өзгертудің сонау бағзы заманнан бері жалғасып ақырында; «сөздің бәрі араптардан пайда болған» деген Аллаға ортақ қосу әрекетінің қазіргі таңда мүлдем шарықтаған шегіне жетіп, арап халқының сөз атауын мағынасы әрекетіне қарай тәпсірлемей құран арқылы сол қалпында ала салумен нәтижесінде қорқынышты бір шектеу үкімдерге айналдырып алып, шариғатты жол – шексіздік қылып, ислам әлемінің «экстремизмдік» жағдайға түсуіне де осындай ескі тәпсір білімдерін заманға қарай сандық тұрғыда қайта зерттелмеуінен де зұлымдыққа түсуге себепші болғаны да хақ.