«Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін және ең жоғарғы кемелдік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек, ол мұны өзі жалғыз жүріп таба алмайды және бұған жету үшін ол қандай да бір адам қауымын қажет етеді, осы қауымдағы адамдардың әрқайсысы оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай да бір затты тауып беріп отырады. Оның бер жағында әрбір адам өзінен басқа екінші адам жөнінде де нақ осындай күйге түседі. Міне сондықтан да бір-біріне көмектесіп отыратын біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті нәрселердің бір бөлігін тауып беріп отыратын көптеген адамдар бірлестіктері арқылы ғана адам өзінің жаратылысына сай кемелдік дәрежесіне жетеді.» (Әбу Насыр Әл-Фараби) Дана бабамыз Алла тағаламыздың құран аяттармен үкім берген қауымдастықты меңгерудің сырын  осылай тәптіштеп түсіндіріп кетіпті.

       Қазіргі таңдағы масһаб діншілері мен дін имамдары Алламен арада ешқандай дәнекер болмауы керек, тікелей Аллаға табынып (ұқсастықта болып) жалбарыну керек деп түсіндіреді. Негізінде жалпы жаратылыстың барлығы тұтастай Алла болып, Алланы тану дегеніміз әлемдік тұрғыда ақылымыздың шамасы жеткенінше ғана жаратылыстың барлық құпия сырларын, ішкі зайырлық қадір-қасиет, білімін және ақиреттік білімін меңгерумен ғана Алламыздың өзіндік сипаттарын ғана ұғынып, танып, біздер үшін жаратқан қадір, қасиеттеріне, жолына бой өрісімізбен, жан өнімі көлеңке перштелігімізбен жалғанамыз.

 

   Дін-насихат деген барлық киелі кітаптарда. Ал насихаттың адамзаттың сөз өнерімен, ақыл, даналықты меңгерумен байланысты әлемдік қуаттардың жүйесіне жалғану кітабының әр замандық уақиға, қозғалыстық өзгерістерге сай білімнің қуатымен белгіленген түсінігі болып табылады. Біздер қандай білімді меңгерсек те, оның пайда зиянын анықтап, белгілі шамасын өлшемінен артық шектен шықпау үшін жанымызды жоғалтпауға жаратылыстың ақ бұлағына, бастапқы ғылымға жалғануды меңгеруіміз керек.

     «Мұхаммед  сол уақытта Раббың періштелерге; «Әрине мен жерде бір орынбасар жаратамын!»,-деген еді. Періштелер: «Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтау мен пәктаудамыз» деді. Алла: «Мен сендердің білмегендеріңді жақсы білемін!»,-деді.» (2-30) Бұл аятқа ақыл тоқтатқан адам баласына ол уақытта жер бетінде бірін-бірі азық қылған, қан төгетін жанды жаратылыс егелерінің, яғни жындық сипатта; жәндіктік, жануарлық, құстық тұрғыда болғаны, олардың негізінде 4-періштелік (Жәбірейіл, Исрафил, Микәйіл, Әзірейіл) тәңірлік жүйемен басқаруында тұрып енді, барлық жанды жаратылыстың сырын, қасиетін меңгерген және барлық періштелерді де басқарып қызметке тұрғызуға, жер бетінің барлық ісінің халифасы қылып, Алла тағаланың Мен-Жар сипатының ұқсасы; Мен-Адам сипатын, Раббымыз ақ топырақтан жаратқан еді.

   «Әй адам баласы! Сендерді бір кісіден жаратқан және онан оның жұбайын жаратып, ол екеуінен көптеген ер әйелдерді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сол арқылы өзара сұрасқан Алладан және туыстардан безуден сақтаныңдар. Шәксіз Алла тағала сендерді бақылаушы.» (4-1) Жер бетінің барлық тұрғындары заттық, тәндік болмысында жануарлық сипатта, қуаттық, ұлттық, қылықтық, мінездік нәпсілік тұрғыда ерекшеленетін болсақ, адамдық нәсілдік, кісілік, тектік тұрғыда; Адам баласы болып аталамыз. Кісі ұғымы; толық кемел, жетілген адам, тұлғалықпен адамзаттың жасырын рухани жетілген, дін тұрғысындағы тазалық жағдайымен байланысты. Адам — бір тұтас кісіліктің шамасы және жаратушымыздың Раббылық Меннің сипаты, көшірмесі, бейнесі болып саналады. Олай болса, толық кісіліктің дәрежесі; Адам-Хау-Ер-Әйел рұқтық жағдайда төрт сипаты болып және адам балалары нәсілі  болып қалыптауы үшін жандық тұрғыда көбейіп жетілудің бес түрлі кісілік қуатын меңгеруіміз керек.

         Адамзатты көргізіп, естіртіп, ойлантып, сөйлетіп, бүкіл жаратылыстың барлық жандыларынан артық қылу үшін де жұп-парлылық жаратылыс негізінде жындық қуатты меңгеруге және өзіне құлшылыққа қойғаны да хақ. Аятта; «Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін жараттым.» (51-56)  деп адамзат пен жынның біртұтас екенін ескертеді. Егер екі түрлі жаратылыс болса; адамзат «ЖӘНЕ» жынды деп ескертер еді. Жыннан ібіліс жаратылғанымен, оған оның баласы тұрғысында «Әкеге» тікелей ықпал етуге мүмкіндігі жоқ. 

    Алла деп – түп негізді жаратушы, барлық әлемнің нұры, жарықтың негізі болып,  бүкіл әлемді баурап тұрған; тәңірілік қуат иесін айтамыз. Түпкі жаратушымызды ақыл, біліммен танып, құлшылығымыз арқылы тікелей ешқандай дәнекерліксіз, екі аралық жаратылыс киелерінсіз жалғануға, біздер ақылымызды да жеткізе алмаймыз және жақындай да алмаймыз. Себебі Алланың негізі; біздің әлемнен тыс, барлық әлемді де, ішкі жаратылысты да баураушы қабы, бейнелену, кеңістіктен орын алу шегі, Алланың құдіретті сипатынан болып саналады. Ал енді бізге ақылымызға лайық танылу үшін, жаратылыс әлемнің ішкі қадірі, қасиетін ,барлық жаратылыстың жанын; Алланың өзі –Алла тағала деп атаймыз.

  «Ұлтымыздың өз тамырынан қол үзбей оған балта шаппай, әрі қарай өсіп-өркендеуіне жағдай жасау – ең үлкен міндеттердің бірі. Нарық қазақтардың болмысын бұзбайды, керісінше жаңаша жетілдіре түседі» (Нұрсұлтан Назарбаев). Ұлтымыздың тамыры бабаларымыздың бізге қалдырған көместік тұрғыда әрбір мен қазақ ұрпағымын деген пендесінің жеті атасына байланысты тарихы, шежіресімен арадағы байланысын, жан жібін жалғаумен, жалпы ұлттық тұрғыдағы ортақ аманаттарын жүктеліп меңгерумен, әлемдік қуаттар жүйесіне жалғанумен нәтижеленбек. Сондықтан да біздерге бұл өте күрделі, қиын, көмес тұрғыдағы рухани құлшылығымызды меңгеру үшін құдай ісінің ортақ жол-жобасы дәстүрімізді аманат қылып, нақылдармен, мақалдармен бекітіп берген.

  «..Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі, «Мені мен «менікінің» мағынасы – екі. «Мен өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «Менікі» өлсе өлсін, оған бекі. Шырақтар, ынталарың «менікінде» Тән құмарын іздейсің күні-түнде. Әділеттік, арлылық, махаббат пен — Үй жолдасың қабірден әрі өткенде..» (Абай әулие). Әрбір адам баласы өзінің жаратылысының рухани жүйесін, ішкі сырларын түсіну арқылы ғана өзін танумен жаратушыға, адамзатқа деген көзқарасы, махаббаты, сүйіспеншілігі адамдық тұрғыда қалыптасады. Абай атамыздың насихатынан ғибрат үлгісімен және құдай ісі мен салыстырып және ұлттық жол-жобамызға да қайшы болған; бүгінгі ел билеушілердің, зиялы қауымның, жастарымыздың ұрандатып «Ұлттың арманы, Ұлттың жоспары; Мәңгілік ел, Бір ел – бір тағдыр» деген сөздермен іс жүзінде дүниелік, тіршіліктік тұрғыда бағалануынан бабалар аманатымен, нақылымен таразыға салып көрсек; сөз мінезін теріске алған бір тұтас жынданған ел екенімізге ашық дәлел болуы да хақ.

Қазіргі таңдағы масһаб және ислам дін «ғұламаларының» өзге діндердің бәрі де адасқан, сондықтан олардың кітаптары мүлде жарамсыз деп, ал ақиреттік  аруақтық, кісілік сипаттармен бейнеленген, көктегі жұлдыздармен, жаннаттықтармен оқылатын Алла тағаланың тарапынан жолына қосылған шындықтардың жоғалып өзгермейтінін, оның иман қуаты болып жанға кітап болып қайта оқылатынын мүлде жалғанға шығарады. Иман келтірдім деген ұғымның осындай шындық кітаптарға жалғандым деген ұғымды, сендім, мұсылман аталдым деген ұғыммен алмастырып алған.