Діннің жалғыз қайнары Құран екендігіне қарамастан хадистер мен іжтихаттарды да діннің қайнары жасалса көптеген мазхаптардың пайда болуы даусыз еді. Солай болды да, жүздеген мазхаптар пайда болды. Сонау дәуірдегі жүздеген мазхаптардан қабыл көрген төрт мазхап бүгінгі күнімізге дейін жеткен. Бір хадис бойынша ер адам жіліншігіні бүркеу керек, басқа хадисте болса бүркемеуге де болатындығы айтылған. Бір хадистің жорамалы бойынша дәрет денеден қан ақса бұзады, басқасында қан емес әйелдің қолы тисе бұзады…
Байтасов Т.К. жеке блогы
Оларға: «Егер Алланы сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер. Алла сендерді жақсы көріп, күнәларыңды жарылқайды. Өйткені, Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді» де.
Және оларға: «Аллаға әрі Пайғамбарға бой ұсыныңдар» де. Егер олар бет бұрса, сонда Алла қарсы болушыларды сүймейді. -3:31-32
Намазды толық орындаңдар да зекет беріңдер. Әрі Пайғамбарға бой ұсыныңдар. Әрине мәрхаметке бөленесіңдер. -24:56
“Бірақ мен, Алладан әрі Оның пайғамбарлық міндеттемелерінен жалғастырамын. Кім Аллаға, Пайғамбарына қарсы келсе, шәксіз оған мәңгі қалатын тозақ оты бар.” -72:23
Барлық пайғамбарлар бірдей жолдау әкелді:
«БІР ҚҰДАЙҒА СИЫНЫҢДАР ДА ҚЫЗМЕТ ЕТІҢДЕР!».
Пайғамбарларға бағынбау сенбеушілік пен пұтқа табынушылыққа апарады.
АЛЛАҒА КӨРСЕТКЕН ҚҰРМЕТСІЗДІКТЕРІ ЖӘНЕ ОҒАН ЖАСАҒАН ЖАЛАЛАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ОЙДАН ШЫҒАРҒАН ХАДИС МЫСАЛДАРЫ.
1-Анастың былай дегені жеткен: Алла елшісі (с.а.с.) былай бұйырды: ¨Бүлікшілер тозаққа тасталғанда, тозақ ¨тағы бар ма?¨ дейді. Сонда Алла аяғын тозақтың ішіне тығады. Бұның ықпалынан тозақтың екі жағы бір-біріне кіреді. Сонда тозақ: Сенің даңқың әрі жомарттығыңмен ант етемін, болды!, жетер! деп айғайлайды. Ал жұмақта болса, Алла жаңа адамдарды жаратып оны толтырғанға дейін бос орындар болады.¨
Кутуб ус-Cитта, Бухари, Тафсир, Каф 1. Әйман 12. Tаухид 7, Mуслим, Жаннәт 37, ( 2848), Tирмизи, Tафсир, Kaф, (3268) )
I- ҚҰРАН МӘТНІ БҰРМАЛАНДЫ ДЕП АЙТУЛАРЫ
11-Айшаның азат етілген құлы Әбу Юнус былай дейді:-Айша маған өзіне арнап Құранның бір нұсқасын жазуымды әмір етті және маған ¨Намаздарға сондай-ақ орта намазға сақтық істеңдер¨ аятына келгеніңде маған хабар бер деді. Мен сол аятқа жеткенімде оған хабар бердім. Ол, маған бұл аятты¨Намаздарға, орта намазға сондай-ақ екінді намазына сақтық істеңдер. Алла үшін кішіпейілдікпен намаз оқыңдар¨ деп жазғызды.
Сонан соң ол:¨Мен Алланың елшісінен осылай естідім¨ деді.
Сунану Әбу Дәуд, Салят(2), Баб 5.
Құран діні мен ойдан шығарылған дінді айыра тануға жұмыстанып жатқанымызда, тариқат мәселесіні де қозғауымыз орынды болады. Жүздеген тариқаттың Құран Исламынан алыстауы әрқалай болғандығынан, кітабымызда тариқаттардың пірлеріні шектен тыс мадақтаулары және олардың мүлдем сынға алынбаулары сынды жалпы ұқсастықтарыны талқыға саламыз.
Масһабты, шариғаттық дін ісін жол-ғылым, ілім негізі қылып, сұқбаттың сөз тазалығының ұлттық маңызын жоюға жан салып еңбек еткен қазақ діншілерінің бүгінгі таңда еккен бұл улы ағашының жемісі көрініп нәтижесін бергені де хақ. Әсіресе бұл аурумен ақпарат беру саласының ауырғаны ұлттық қасіретімізді де білдіреді. Жұма күні (23-05.2013) беріліген «Біз» және «Иман айнасы» атты хабардан ғана мысал бере кетейік. Сонымен Иман айнасындағы талқылауға, сұқбатқа қатысқан Қызылорда облысының мешіт имамының сөзінен пәтуасынан оның имансыздығы ғана көрініс беріп, бұл сұқбатты жүргізушінің де оны түзетуге ақылының шамасы жетпегенінен де иманының әлсіздігі ғана байқалды. Себебі имамның; «Көріпкелдік, тағдырды болжау деген шариғатта ұлықсат етілмеген» деген пәтуасының өзі құранды да жалпы діндердің барлық негізгі құндылығын теріске алған кәпірлік сөз ғана болғаны да хақ. Себебі бұл имам құран аяттарың, «..Сендермен өліктерді сөйлестіремін, барлық нәрсені алдарыңа жинаймын…» (6-111) «Алла тағала бір адам баласымен көкейге салу түрінде немесе перде артынан ғана сөйлеседі: Не бір елші жіберіп, өз бұйрығымен қалғанын уахи етеді..» (42-51) деген және осыған ұқсас жүздеген аяттарды теріске алып, сонымен бірге Інжілдік, Ғиса пайғамбарымыздың қалдырған, рухани жетілуімен киелі рухтарға жалғануға көрсеткен үлгі мирас қасиеттерін және елшілік, емшілік істердің шариғат дін ісімен қамтылуы мүмкін емес, себебі бұл туралы құранда (5-68) аятпен нақты ескертіп «..Інжілдік бұл рухани дарындылықтарды меңгермесеңдер түк емессіңдер» деген Раббымыздың ашық аят үкімі исламдық шариғатқа, масһаб біліміне енбей қалған. Сондықтан да заманға қарай уахимен, хабар алумен арамыздан шыққан дарынды елшілік істерді меңгерушілер арқылы да Құдай ісі болып және бұдан үлгі алған мүміндер жеке-жеке аруақтарымен жалғану арқылы ғана атқарылып; «Расында Сендерге Раббылараң тарапынан көрнеу дәлелдер (аян, уахи беріледі)келді. Кім оны көрсе өзі үшін. Және кім көрмесе зияны өзіне. Мен сендерге күзетші емеспін.» (6-104) Сонымен аруақ-ғұмыр кітабының бейнелнуін, ал мұны бейнелейтін көруші, естуші, өздерінің іштеріңнен айтушы болған адам баласының серігі, иман жолдасы болып жақсы-жаманды аян, түстермен көрсетуші періштелерінің сипаттарын және оларға жалғану арқылы ескертушіден елшілік қасиеттерге дейін дәрежеленіп меңгеруге болатынын дін имамдары шариғатта жоқ деп неге құранды терістеп, Раббымыздың үкімдерін неге мазаққа алумен айналысады деген сұрау қойыңыз. Осындай жағдай «Біз» бағдарламасында да көрініс беріп, енді дәрігерлік медицинаны дәстүрлі, ал емшілік істерді халықтық деген тажалдық ұғымды қалыптастырушы ақпараттық орындағы тілшілер, жүргізушілердің надандығын қалай түсінеміз? Құдайдың ісімен арамыздан пайда болған дарынды қасиетті адамдар арқылы ғана қалыптасатын емшілік білімнен барып- шипагерлік білім, шипагерліктен — дәрігерлік білімнің пайда болуын жалпы адамзаттың «дені», «діні», «ділі», «тәні», «рухы», «жаны»- ден саулықтың тұтастығын ғана көрсетіп, оны бөлек-бөлек қарастырғаннан, бөлшектегеннен жер әлемі індеттен айыға алмай жатқанын неге мойындап, ақылымызды мұндай қазықтан, тажалдықтан босатып ойланып көруге, соған байланысты ұғымдарды да өз атауымен, орнымен атауды меңгермеске? Дәстүр деген құраннан, жалпы адамзатқа түсірген барлық діннен бөлек болғаны ма? Мұндай сұмдық тажалдық білім қайдан шыққан? Түр дегенің өзі 8 түрден тұратынын, бұл сегіз қарсылық күш, сегіз аяқ, сегіз түс, сегіз қыр, сегіз діннің бірлігі емес пе? Демек қазақ зиялы қауымында, дін ғылымында да иманның әлсіздігі, сөз тазалығын сақтай алмаудың яғни имандардың есетері екі жүзді әрі кіресілі-шығасылы ғана екеніне бұл аз ғана мысалдың өзі жеткілікті болмақ бір есті, жетелі адам баласына. Пайғамбарымыздың; «Қиямет мезгілінде адамдар ұйқыдан оянғанда мұсылман болып, кешке қарай үйіне кәпір болып оралады» дегенін қазақ ақпараттық қоғамының меңгерушілері толық дәлелдеп жатқаны да хақ.
( Мамыр 2013 жыл.)
Қатын деп байлы әйелді,
Байлыққа рухқа кенелді
Қа-деген Аққа тең еді,
Тын-деп алған киені.
Менің көп жағдайда Қатын деп әйелзаттарына арнаған сөзімді көпшілігі жақтырмай бұл бір кемсіткен, төмендеткен, мазақтаған ұғым деп қабылдайды. Абай атамыз да; ҚАРА ҚАТЫН деген ұғыммен байымен көп кездесе алмай, сосын жасырып зина жасайтын әйелді меңзеген екен. Абай атамыздың «Қатын»- атауына «Қара» сөзін қосуының өзі Қатын-АҚ ұғымымен байланысты яғни ағарушы, табаны ағарған, ерінің бойын тазартушы рухани сүннеттелген әйелзатын ескертеді. Сондықтан да Қатын ұғымы шайтанынан тазарған болып, мұны енді шайтанды әйелзаттарының жақтырмауына да себеп бар.
Барлық жаратылысты жұп және пар қылып жараттым деген жаратушы Иеміздің танымдылық заңдылығы бар. Сондықтан қандай бір болмысты тану үшін осы жұп пен парлық заңды міндетті түрде меңгеру керек. Адам баласына сенім мен иман қасиеттерін меңгеруді бұйырып, осы екі игіліктен бақытты болатынын ескертіп данагөй аталарымыз; «Бақ қарасын Қыдыр дарысын» деп бата берген. Енді бақ адамзаттың сенімімен байланысты және сенімнің ағаш болып, қалай гүлдеп жеміс беруіне қарай бақ құсы қонып, оның қонғанын көрген Қыдыр-иман болып дариды, яғни жүрекке зейнеттеледі екен. Бірақ осы бақ пен қыдырдың қасиетін меңгеру үшін де адам баласы мұның парын меңгеруге яғни өзін-өзі тану, есеюі үшін ақылдың толымдылығы мен естілікті меңгеру керек. Бұл естіліктің жетілуі үшін үш байлық керек; «Денсаулық, ақ жаулық, он саулық».
Бүкіл әлемді билеуші жаратушы иеміз өзінің патшалық іс-әрекеттерін, рахым, мейірім, әділеттілік болмысын да жаратып, оны адамдық қасиетке, тұлғаға айналдырумен адамзатқа ел билеушілердің түрлі замандардағы уақиғаларға байланысты жарқын үлгілерін де, керісінше халықтың зұлымдығына, ниет пейілдеріне қарай сондай зұлымдықты жақтаушы, өндіруші билік өкілдерін де жер бетіне өз арамыздан тағайындап «Ел билеуші, патшалар жаратушы иеміздің жер бетіндегі көлеңкесі» деген нақылдардың да аманат болуына да негізі де бар. Құран Алланың сөзі болып, ол адамзат ақыл-ойының жоғарғы философиялық ой тазалығының қуатын қалыптастаруға негізделген ақылдың ақ бұлағы болып табылады. Сондықтан Раббымыздың әрбір ескерту, үкім аяттарының ішкі сырында, сандық мәнінде ғылым болса, ал сыртқы ақылдық бейнесінде философиялық ой қуаты бар.