Қандай замандарда болсын ел билеушілердің ұстанған дінінің тазалығына байланысты халықтың да бақытты, бақытсыз өмір кешуіне себеп болатыны да хақ. Сондықтан ел билеушілерінің халықтың ата салт-дәстүрін жетік білмеуінен немесе онан бас тартуынан бүкіл мемлекет тұрғындарының да қайғы-қасіреті туындайтынын да білген жөн. Қандай да бір елдің әлеуметтік тұрақтылығы, мемлекеттің саясатының беріктігі де діннің жағдайына тәуелді болмақ. Діннің арқасында ғана көкіректің ояулығы немесе жүрек көздерінің жабылып керісінше зұлымдыққа түсуіне себепші болатыны да хақ. Егер ел билеуші шынайы қайырымдылықтың жаршысы болса,
Байтасов Т.К. жеке блогы
Ел басшымыздың талай уақыт ұйықтап жатқан қазақтың әрекетшіл (интеллекттік) рухын оятуға, ақылын жетілдіруге деген тәуекелшіл бастамасын қандайда бір өнерлі, ғылымды елдермен терезесі тең ел болуға деген ниетімен, көршілермен бірге тізе қосып әлемдік дағдарыстан өтуге шынығуға деген одақ құруға жасап жатқан бастамасын дүниемен ғана ойланып, өз қара басының амандығынан басқаны ойламайтын, тұтынуға, дайын асқа ғана еге болып, ұлттың болашағын, ертеңін көре алмайтын надандардың ақпараттық, ел басқару жүйесіне келіп енді халықты мұндай рухани өркендеуге қарсы қойып азғырып, оған ақылы толмаған жастардың қосылып жатқаны да бұл шайтанның қақпаны деп түсіну керек.
Заманың болып дүние серуен,
Ақылың, ділің азды елден.
Білімді аталған пенделер көп,
Тектімін деп өзін атап жүрген.
Қазақтың тілін қорлаған,
Ел билік пе аздаған.
Кеңестік болған заманда,
Үлкендер еді азбаған.
Жындылық сөзден басталар,
Құл деген сөзді тастатар.
Құл Қожа Ахмет атаңды,
Надан ғып жынды атар.
Құл болу болмақ арманы,
Нәсілің тектің номадты.
Қазақ дәстүрлі дін ұстаны талай мыңдаған жылдар тарихтың сындарынан шыңдалып жер бетіне түсірген негізгі 8 дінді де толық қамту арқылы тоғызыншы ұлтық жол-жобамыз, тәубелік құлшылығымыздың ерекшелігі болып; «Тоғыз жолдың торабы», «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» болып және 91-99 санды құран сүрелерінің 9 түйіні де қазақ дәстүрінен амалдармен бекіп орын алған. 90- (Бәләд сүресі) ұғымы-өспірім, өрімдей, уыздай; 91-(Шәміс)-күн менен түн хикметі; 92-(Ләйіл)-ажар, әр, келбет туралы; 93-(Зуха)- ер адам бойы;94-(Шарх)-жұлдызнама; 95-(Тин)-жол тізбектеу; 96-(Ғалақ)- қоспенделік, жұптық; 97-(Қадыр)-Екі нығметтің ашылуы; 98-(Бәййіна)-7 қанатты құс (періште); 99-(Зілзал)-көк пен жер ауысуы болып
Бұдан бұрын да көргеніміздей хадис деп аталатын сөздердің көпшілігін Құран мен ақыл жоққа шығарады. Оның үстіне діни қайнар ретінде берілген бұл хадистердің қателіктерін көрсетіп оларға жою үкімін беретін де хадистер бар. 4.Тараудағы хадистердің зерттелуінде және 7. Тараудағы хадистердің өзара қарама-қайшылықтары тақырыбында бұның мысалдарыны көрдік. Бұл тарауда хадистермен хадистерге үкім кестіруімізде мақсатымыз бір бөлім хадистерді жоққа шығарып, пікірлерімізге үйлесімді хадистерді жинап алу емес. Себебі бұндай іске кірісу Құранды жеткіліксіз көрудің басқа бір түрі болып табылады. Құран жеткілікті болса сонымен қанағаттанып, шындық пен өтіріктің араласы болып табылатын жорамалдардан медет сұрамауымыз тиісті. Мақсатымыз, хадистерді діни қайнар ретінде ұсынғандардың жору арқылы әки елемей әм көптеген бөлек мағыналы хадистерден ақылдарына сайларын таңдау жолымен, өздері шығарған хадистеріне түгіл қайшы келгендерін көрсету болады.
Тағы кейбір хадистер бойынша Пайғамбарымыз Құранды насихаттау және Құранды ұстанудан тыс мәселелерде қателер істеуі әбден мүмкін. Сондықтан Құранның хабарлағанынан басқа Пайғамбардың өмірбаяны жөнінде қосымшалар шығару адасушылық болып табылады. Себебі бұл, жоғарыдағы хадистен түсіндігіміздей Алланың адамдарға берген ықтияр бостандығы-дүр. Хадистер мынандай:
“Пайғамбарымыз Мәдинеге келгенде Мәдинеліктер құрма ағашын
екпелеп егуші еді. Пайғамбар: «Не істеп жатырсыңдар?» деп сұрады. Олар:
«Біз мұны жасаушы едік» деді. Пайғамбар: «Бәлкім жасамағандарың дұрыс
болар» деді. Олар Пайғамбардың сөзін тыңдап, әлгі әдісті тастады. Құрма жеміс бермейтін болды.Бұл жағдайды Пайғамбарға хабарлағанда, ол былай деді: «Мен де жәй ғана адамның бірімін. Сендерге діндерің туралы бір нәрсені әмір етсем, оны алыңдар. Ал, өз пікіріммен бір нәрсені сендерге бұйырғанымда мен тек жәй ғана адаммын.”
Егер Пайғамбарымыздың хадистері де Құран секілді діннің қайнары және әр Мұсылманның білуі әм ұстануы қажет қағида болғанда, онда Пайғамбарымыз хадистерінің өзінен кейінгі адамдарға ұласуы үшін сахабаларға жаздыратын әм жаттатқызатын еді. Пайғамбарымыздың өйтіп істеуі былай тұрсын, хадистердің жазылуына түгіл тыйым салғандығыны өткен тарауларда көрдік. Егер де Пайғамбарымыз хадистерінің жатталуын қалаған болса, онда Пайғамбарға ең жақын сахабалардың; Әбу Бәкрдің, Омардың, Османның, Алиның, Зубәйрдың, Зәйд бин Сәбиттің, Салман әль Фарисинің риуаят еткен он мыңдаған хадистері болар еді. Алайда бұл сахабалардың айтты делінген сөздері тым аз.
Әсіресе иудаизм дінінен Ислам дініне өтіп кеткендер, иудаизмдағы көптеген хикаялар мен өтіріктерді хадис атыменен Ислам дініне қосып жіберген. Бұндай нәрселер Исламды бұзу үшін жасалған деп айтылса да, адамдардың бұрынғы дәстүрлерінен, дін-ғұрыптарынан айырыла алмағандықтарынан немесе дінімізді өздерінің діндеріне бейімдету үшін жасаған болулары мүмкін. Ибн Халдун Муқаддима атты кітабында осы тақырыпқа байланысты былай дейді: “Хадис риуаятты тәфсирлерде қателер мен дұрыстары, қабыл көретіндер мен жоққа шығарылатындар, яғни ішінде бәрі бар еді. Бұның себебі; Араптардың сауатсыз болулары еді. Олардың өмір ғұрпы бәдәуилік пен надандық еді. Жаратылыстың сырлары, әлемнің жағдайы және тағы басқа мәселелерде бір нәрсе білгілері келгенде оны өздерінен бұрын Кітап берілгендерден сұрап бұл мәселелерде олардан пайданалатын еді. Сол Әһлу Кітаптың арасында Қағб әль-Ахбар, Уәһб бин Мунәббиһ және Абдуллаһ бин Сәләм бар еді. Хадис риуаятты тәфсирлер осындай кісілердің риуаятымен толып тасиды. Тәфсиршілер бұл мәселеде қатаң болмаған және тәфсирлерін банағылар сындылардың риуаяттарымен толтырған.” Ибн Халдунның айтқанын бүгінгі күндегі тәфсирлерде де көруге болады.