Шариғат заңы бойынша ер адамдар әйел адамның өзі түгіл шашына да қарауға рұқсат етілмейді.

Ажырасу шариғат заңы бойынша 4 түрлі:

а) «банн» (мүлдем ажырасу)

ә) «ража» (қайта келу)

б) «хаал» (әйелі төлем төлеп ажырасу)

в) «мубарат» (бас тарту)

«Банн» яғни мүлдем ажырасу құқығына иелер:

«Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» дегендей қоғам болған соң «бір биеден ала да туады, құла да туады», яғни қоғам ішінде жақсылары да, жамандары да болады. Үлкен отбасына келтіретін намыс – сол отбасының кісісін өлтіру, жесірін алу, малын ұрлау, т.б. қылмыстар сол үлкен отбасы түгіл, бүкіл руына жағылған күйе болып саналады. Сондықтан да бүкіл ру қажет болса «өз ұраны» шақырылғанда атқа мінбеу, сойыл ұстамау ездік саналған. Қайсы ру болмасын намысын қолдан бермеген. Заң органдарының күштеу аппараты болмаған заманда қылмыстының жазасын тек қана осындай жолмен қайтару бірден-бір дұрыс жол еді. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілеріміз «құн», «қанды кек» қайтару институтына тосырқай қарап, айыптап жатқандары да жеткілікті. Күштеу аппараты жоқ қоғамда бұлай істеу кісіні өлтіруі ниеті бар адамды алдымен қылмыс істер алдында мыңда бір рет ойлануды, егер қылмыс істеп кісі өлтірсе тек өзіне ғана емес, бүкіл туысқандарына келетін кесірін пайымдауды талап етеді. Бұл – қылмыстың алдын алу, оны болдырмаудың төте жолы. Егер «қанды қол» кісі өлтірсе не өзі өледі, не бүкіл туыстары болып «құн» төлейді, бұл оңай шаруа емес, оның үстіне «бүлінген елден бүлдіргі алма» деп, ондай рудан басқалар шеттеп, «қанды қолдығын» беттеріне басқан, қыз беріп, қыз алмауға тырысқан.

Немеурін сұрау – яғни енші алып, бөлек шыққандар туған-туысқандарынан немеурін сұрап, мал-мүлік алғанды айтады. Қазақ халқы өз руластарымен, оның ішінде ең жақын, ет жақын туыстарымен бірге көшіп-қонғаны белгілі. Қандас туыстастар әрқашанда отау тігіп, бөлек шыққан туысқанына немеуірін сұрап келсе, мал-мүлкінен қолынан келгенінше көмектесуі тиіс болған.

Сауға сұрау:

а) жорықтан не бәйгеден олжалы болып келе жатқандардан сауға сұрағанда түскен олжасының бірер мөлшерін сұраушыға беруге тиіс болған;

ә) кейде қылмысты адамды жазалап, өлтіргелі жатқанда сауға сұрап, араша түскен. Мұндай жәйтте «басына сауға бер» деп арашалаған.

Жылу сұрау.

Кенеттен бақытсыздыққа тап болып (өрт, жұт, тасқын т.б.) аппаттар әсерінен қиындыққа ұшырап қалғандар не құн төлеп кедейленгендер өз ағайын-туыс, руластарынан құда-жекжат, достарынан сұрайтын көмек. Қазіргі кезде жылу сұрау ауылдық жерде сирек те болса ұшырасады.

Бисмиллаһи Рахмани Рахим!

Алла белгісімен бастасақ «Осылайша Құранды, арапша үкім етіп түсірдік. Саған ғылым келгеннен кейін, олардың көңілдері ауған тарапқа ілессең, сені Алладан арашалайтын бір дос не қорғаушы болмайды». (Рағыд – 37).

Бұл аятпен жаратушымыз құран үкімін бұзатын, залым ғалымдар болатындығын ескертіп отыр. Демек Құран түсінігі үнемі толықтырып қадағалап отыруды қажет етеді. Ондай Құран аяттарының құпияларын меңгерген адам баласын елші немесе әулие деп атаған.

Енді өткенімізге үңілсек, терең ой, түзу тәжірибесі бар адам ғана ғайыптан хабар береді. Әулие дегеніміз сол болса керек. Сол әулие аталарымызға, бір сәт қалдырған мұраларына ой жіберсек.

Шәкәрім атамызша:

Салт-дәстүр бұл ұлттың тірегі. Ал ата-салтын білмеген пендеге өмірде есе тимейді. Біздің әрқайсымыздың әрбір отбасының игілігі, бүкіл ұлысымыздың игілігі болуы тиіс. Олжалы орайды да, обалды ұмытпайтын ұлағатты ұлттың ұрпағы болғандықтан, өткеннің бәріне кінә қоймай болашақ жайын ойлайық. Барлығымыз үшін ескінің сөзі ереже, атаның сөзі «аманаттай» болсын. Ал «Аманатқа қиянат жасама» дейді халық даналығы. Ақылгөйдің аузынан, алтыннан қымбат сөз шықса алтын сөздің ішінен артық бірін таңдай алып, еліміздің рухани байлығын арттыра беру игілікті парызымыз болу керек.

Ол ертең жұмбақ бізге,

Бүгіннің қадірін біл қыматты ізде,

Ақ жолдан адасып шалыс бассаң, етегіңді басқан кірден арылғың келсе, тәубаңа кел.

Қалмаса сенде ұждан дәрмен сірә,

Иманды ізгілерден жәрдем сұра.

Дүниеде мың кемістік, бір жетістік бар екенін ұмытпайық, қайсысына бет алсаң сонысына барасың. Ал азғындықтан арылу үшін қастандық жасағанға жақсылықпен жауап бер. Жақсылық пен жамандық дегеніңіз өмірде егіз сияқты өмірі бірге жүреді екен. Сол сияқты қуаныш бар жерде, қайғы бар. Тұма бар жерде тікен бар. Қазынада жылан бар, бал бар жерде ара бар. Бірақ екі тәтті үнемі тағы да бір жерден табыла бермейді. Сондықтан бұны да ұмытпайық, қайғылы іс бар, сәті бар. Ащы мен бірге тәтті бар. Сондықтан рахат іздесең, бейнетінен қорықпа. Қуаныш іздесең қайғысынан қорықпа. Істің басы қуаныш болса, аяғы бейнет. Басы бейнет болса, аяғы қуаныш болар. «Зейінді ұғар ай мен күндер озады, әр күн сайын әрбір нәрсе тозады» деген даналар. Сол айтпақшы толық нәрсе азаяды, бүтін нәрсе кемиді ғой. Биіктеп кетсең құлау бар, қуанып кетсең жылау бар. Тағдыр деген нәрсе бір сен үшін бақыттың барабанын ылғи да қаға бермейді. Бақытсыз күн де өтер, молшылық та жетер. Бір аштықтың бір тоқтығы бар екенін естең шығарып алмасақ екен, пендешілікке салынып бір күнгі байлыққа мастанбай, бәріне қанағат етейік. Қанағат қарын тойғызады. Біртіндеп келсе өмірдегінің бәрі қуаныш. Мынау жарық әлемге адам болып келгеннен кейін, көңілімізді де өзімізді де кірлетпейік. Адамның сыртқы дүние көлеңкесінің үш аты бар: жақсылық істеу, еңбекқорлық, кішіпейілділік. Ал енді ішкі көлеңкесінің де үш аты бар: ісінің сүйкімсіздігі, қызғаншақтығы, менмендігі.

Өлгеннен соң бай мен кедей арасы,

Теңеледі жер қойнында қарашы.

Бұл фаниде бай аз, кедей көп әрине. Кедейдің күні жақсылықта, байдың күні тоқшылықта – айырмасы тек сол ғана. «Адамдарға мейірімді болыңдар, сонда олар да саған мейірімді болады дейді қасиетті Құранда.

Бұл дүниенің ұлылығы — әлі-ақ өтер,

Опасыз баянсыз да бәрі бекер

Бақытты кімнің таза ар иманы,

Қор бейбақ зая кетер бар жиғаны.

«Жұмсақ жүрек жұмаққа жол ашады» деген. Сол әліппені ашып көрсек мейірімді болу жеткіліксіз, оған қоса әдепті де болу керек екен. Ал әдептілік әліппесінің қайнар көзі бесік жырынан басталады емес пе? Өйткені біздің ата-бабаларымыз ұрпағын әдептілік бесігіне бөлеп өсірген. Сондықтан да Қорқыт бабамыз: «Талай жылды басынан кешіріп шашы аппақ Құдай болған қарт-қарияларға құрмет! Кеудесіндегі ақ сүтін емізіп тойғызған асыл аналарға құрмет! Солар үшін отау тіккен аға-інілерге құрмет! Некелік сәтте куәлік еткендерге, жаңа туған ұлға құрмет! Бүкіл ғаламды жаратқан тендесі жоқ тәңірге құрмет!» дей келе «Қыз анадан үйренбей өнеге алмас, ұл атадан үйренбей, сапар шекпес» деген екен. Ал Абай атамыз «Әдептілік ар-ұят адамдықтың белгісі, тұрпайы мінез тағы жат, надандықтың белгісі» деген екен. Баяғыда бір адам хакім Лұқпаннан: «Осыншама әдептілікті қайдан үйрендіңіз?», — деп сұрапты. Сонда ол «Әдепсіздерден үйрендім!» деген екен. Сол айтпақшы біз әдепсіздік пен дөрекілікті басқалардан көбірек үйреніп, ұлтымыздың әдептілік әліппесін көзден таса қалдырыппыз.

Қытай елі отырықшылыққа ерте түскен қауым. Ескі заманда қытайлар рахатты кеңшілік өмірде болған. Бай, кедей өзінше бақытты еді, бірақ бір кездерде таң қаларлық науқасқа ұшырады… Әркім ұйқысы қашып тыныш ұйықтай алмайтын болды. Оның себебі; сол кездерде ұждан (ұят, ар) туды, яғни жер бетіне періште келді. Бұл ұждан періштесі бір нұрлы сұлу қыз суретіне түсіп, түн болғанда қытайларға көріне бастады, күндіз көрінбеуші еді. Әркім қызметі, саудасы болғандықтан күндіз Ұжданмен сөйлесуге қолдары тимеуші еді. Бірақ күн батып, қас қарайып, көктегі жұлдыз жылтылдаған соң, Ұждан шәһәрдің кең көшелерін аралай бастаушы еді. Халық жұмыс, шаруасынан босап тәтті ұйқыға кете бастағанда, Ұждан байлардың сарайына, кедейлердің балағына кіріп, төсегіне жақын келіп: «Ей кісі, маған қара!»- дейтін еді. Ол сасқанынан қызды көрген соң; «Ей, қыз, саған не керек?» дегенде, қыз ақырын ғана; «Сен бүгін не істедің? Соны анық тексеріп ойла!» -деуші еді. «Мен не істеппін? Бөтен, бұзық еш нәрсе істегенім жоқ» десе, ол қыз; «Әбден түсініп ақылыңды жиып ойла!» — деуші еді. Ол кісі ойланып, ойына түскен бір ісін; «менің сүйткенімді айтамысың?» дегенде ол қыз көрінбей кетуші еді. Сонан кейін ол кісінің көңілі алаң болып, тиышсызданып, түні бойы ұйықтай алмаушы еді. Ұждан қыз үйден-үйге қыдырып, әлденеше мыңдаған қытайларды ұйқыздық дертіне ұшыратушы еді. Сол уақыттың дәрігерлері бұл ұйқысыздық оба науқасына қарсы неше түрлі дәрі жасап ем қылса да, не апиын, не наша, не көкнәрі сияқтылардың түк пайдасы болмады.

«Әй, адам баласы! шайтан ата – аналарыңыздың ұятты жерлерін көрсету үшін киімдерін шешіп, жанаттан шығарған сияқты сендерге де сұмдық жасамасын. Өйткені, ол және оның сыбайластары, сендер оларды көрмеген жерден көреді. Шайтандарды иман келтірмейтіндерге дос қылдық».(Энғам-27)

«Алланың құлдарына көркем етіп шығарған нәрсесін (киім) және берген жақсы несібелерін кім арам етті» де. «Бұл несібе дүни тіршілігінде иман келтіргендер үшін». (Ағраф – 32)

Адам баласының өмір сүру барысында жинайтын қазынасы – зейнет нұры деп аталады. Жанның да бар қуаттың тегі нұрдан басталып, нұрмен толықтырылып отырылады. Алланың нұрынан құр қалудан үлкен қасірет жоқ. Пайғамбарымыз Алла үш түрлі адамға нұрын түсірмейді деген екен.