Жеті атасын білмейтін – ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін – ел жетесіз. Күніне мың да бір шүкіршілік айтып, өзінің санатқа кіріп сапқа тұрғанына жұбанатын, бабасының бертінгі атасының атына кір келтірмей, қалың қол аттанбай тұрып үлгергеніне қуанатын. Қазақ ол заман тұрмысқа шағынбайтын, бұтын артар жалғыз көлікті мініп шапса да, ханның қасына еріп қалың қазақпен бірге кетсе болды. Оған бақыт та сол, бақ та сол. Қазақтың руханияты терең еді ол кезде. Өзімшілдік, үй күшіктік деген жоқ, көпті көрсе арқасы қозып, есі кететін бойындағы барын салып жігіттілігін, тектілігін жұртына, жұрт билеген ел ақсақалдың алдында көрсетіп батасын алса сол жетеді. Ең үлкен саудасы қазақтың бата болатын. Басын өлімге тігіп көзге түсуге ұмтылғанының ақысы бидің батасы мен елдің пай-пайлап баласына сүйінгендей ғана. Ерлігі үшін ақша алу, сыйлық алу дегенді түсінде де көрмеген. Сол қазақ бүгін президенттің қолдауын айлық ақша көбеймесе тыңдағымыз келмейтін жағдайға жеттік. Сол ер бабаларымыздың, әулие аталарымыздың ұсақ ұрпақтары тұяғы қыбырласа аранын ашып ақша талап етеді. Тұяқ қыбырласа емес жай ғана тілеулес болуға, қарны тоймаса пейілі жоқ. Еліміздің тыныштығын тілеп патшамыздың аман отырғанына шүкіршілік қылудың орнына, басқа елдің айтағына еріп, өзінің аузы арақ сасып отырған мастығына қарамай өзіміз өсірген ұлы не технология білмейтінін, не үйленбейтін жасықтығына қарамай қыңыраятын болды. Жолдауды естідік, тамақ көбейді, семіретін болдық, енді бір үш жыл шыдасақ, әукеміз салбырап, ырсылдап әрең жүретін жағдайға жетеміз деп көңіліміз орнымызға түсіп отыр.

       Қазаққа жан ашып отырған азаматтарымыз парламентке өтпей қалдық, сүйектің майлы басынан құр қалдық деп шет жұрттың қолтығына кіріп, айтағына еріп өз еліне қарап үріп жатқандары қаншама. «Су ішкен құдығына түкіріп, одан болашақ өз ұрпағы ішетінін кім ескертер?». Сонда жақсылыққа жамандықпен жетер ме екен? Ойланайық, атадан онсыз да аз ұлтпыз. Тектілігімізді қалай табамыз? Абылайханның еліміздің төрт құбыласын тең ұстай білген рұхын, Абай атамыздың жерді ешқандай реформасыз-ақ кімге қанша, қалай жерді бергенде тиімді болатындығын қарапайым-ақ дәлелдей кеткен ғылымын, Абай рұхын, билеріміздің күрделі қиын шытырман оқиғаларынан оңай шешімін тауып шыға білген рухтарын, батырларымыздың елім-жерім деп мыңдаған қолға қарсы шығып жеңе білген рұхын, малдың соңында жүріп-ақ небір шешендік, мәнін әлі кезге дейін жоя алмаған сөз қалдырған бабалар рұхын қалай табамыз. Жаратушымыздың әмірімен сол мәңгілік келместей болған ата-бабаларымыздың рұхы сөйлеп жатыр. «Адам олар қаперсіз бет бұруда. Олар раббыларыңның өздеріне келген әр жаңа ескертуді мүлде ойыншық етіп қана тыңдайды». (Әнбия – 12). «Менің пенделерім бата алған қауым. Олардың қайсысының яғни біріншісінің яки соңғысының жақсы екені беймәлім». «Алла тағала ақирет күні адамдардың екі тобын назардан тыс қалдырады, олар; туысқандық тамырларынан арылғандар және нашар көршілікте болу». (х-186, 26) Қазақтың тамырына нәр беріп тұратын қандай да бір шешім қабылдау үшін әулиеге түнеп бата алатын дәстүрін пайғамбарымыз менің қауымым деп ескертіп өсиет етсе, Жаратушы иеміздің сыйлығы және ескертуі қазақ халқының тағдырына жазылғаны бекерден бекер емес. «Батаменен ел көгерер, жауынменен жер көгерер» дегендей өліктерді Алла тағаламыз сөйлестіріп, сонан алып жатқан шапағатқа тоқталсақ.

     Бабаларымыз өздерінен ғана мағлұмат беріп қоймай, тарихта жоғалып кеткен сіздің жеті атаңыз, сонымен бірге қасиетті өмірден өткен ұрпақтары жойылып та кеткен ата-аналардың аттары аталып қажет деп тапса қай жерде жатқандығын, сол жер белгілеріне дейін айтып дәлме-дәл тауып беріп жатыр. Болашақта тарихтағы көп деректерге түзету енгізесіңдер деп ескертеді. 

     «Әр әлеуметтің белгілі бір мерзімі бар. Олар, сол мерзімі келген сәтте, бір дем кешікпейді де үлгермейді». (Ағраф – 34 ). «Тура жолды түсіндіру Аллаға тән. Ол жолдың қисығы да бар. Егер Алла қаласа, барлығын да тура жолға салар еді».
«Біз жаратқан адамдардан туралыққа бастап, шындық арқылы әділетті бір топ бар». (Ағраф – 181).

«Құраннан мүміндерге шипа және рахмет түсіреміз. Ол залымдардың зиянын тым арттыра түседі ». ( Ісра – 82 )
Аурусыз жанға айла жоқ,
Аурулы жанға дәрі бар.
Аурусыз адам қайда жоқ,
Аурудың онда бәрі бар.

       Адам баласының басты ерекшелік қасиеті өзін-өзі ұғынуында. Ал адам өзін ұғыну үшін өткенге бет бұрады, онан сабақ алып барып келешек даму жолын таңдайды. Қандай халық немесе ұлт болсын адамды тәрбиелеуде оны қайырымды істерге ұмтылдырып, жаман қылықтардан бойды аулақ ұстауда батаны мақалдарға айналдырып ұрпақтарға өсиет еткен.

       Бақсы деген сөз моңғолдарша – «ұстаз», ұйғырларша – «білімдарадам», түркмендерше – «әнші» дегенді білдіреді. Шындығында да көшпенді тұрмыспен күнелткен қазақтар үшін бақсы басқаларға қарағанда сиқыршылық білімі мол әрі ақын, әрі музыкант және оның үстіне емші болған. Бақсы болу екінің бірінің қолынан келмеген. Ол үшін бақсы болушы асқан зор психиканы, емшілік пен

     «Мен саған Құдайға құлшылық етуіңді өсиет қыламын, өйткені Құдайға жалбарыну-жақсылық атаулының басы. Құранды үнемі оқып отыруға кеңес беремін, бұл сен үшін аспандағы естелік пен жердегі жарық сәулемен тең болмақ. Пайдасыз сөздерді көп қолданба, бұл сенен шайтанды аулақтайды, дін жолындағы істеріңе жеңілдік туғызады.

     «Олар Қиямет мезгілінің өздеріне кенеттен келуін ғана күте ме? Расында оның белгілері келді ғой. Қиямет келіп болғанда, үгіт алулары неге жарайды?»(Мұхаммед-18) Енді қияметтің басты белгісі қандай? «Сол күні тақуалардан басқа достар бір-біріне дұшпан болады»(43-67) Тек дінді толық меңгерген сабырлы тура жолдағылардан басқа туысқан, дос елдер арасында ала ауыздық болады.

      «Негізінен Құран, әрине бір ардақты елшісінің сөзі. (19) Ол күшті елші ғаршысының иесінің қасында беделді. (20) Ықпалды онда сенімді.» (Текуир-21) Ардақты елші Жебрейіл болып Алланың ғаршысының қуатын жеткізуші, яғни сөз, бедел (дәреже) және сенім бекітуші періште болып есептеледі. Демек шұғара жұлдызы болып сандық мәні 21 болып Айша ананың туының белгісі соны

     Адам өміріндегі ең жоғарғы құндылық туылу мен өлім арасындағы кезең өмір болып табылады. Сол құндылықтың негізгі мәні әрбір ұлтқа берілген тілі, оны қалыптастыратын жады, тарихи есі. Мәңгілік тек тілмен ғана байланысты. Мәңгіліктің белгісі жанда болып, жандағы жиналған асыл қасиеттер тіл арқылы көрінісін беріп, іске сөзге айналу арқылы ақыл ойды дамытып, жанға қуат беріп өсіріп отырады.