Ислам дін ғалымдарының дін тәпсірлерін ақылдан жоғары қоюмен, Алланы тану нанымдық қуаты шектелумен ақылдың қуатының даму эволюциясын да тежеп ойлау аясы негізделіп, ендігі біздің Бір Алламыз Ханафи масхабы мен мешіттердегі құлшылық қана болып алды. Сонымен әлемнің барлық жаратылысын, тәңірлік қуаттарын меңгерумен бір жүйеге айналдырып, бір ақыл естілікпен жаратылыстың барлық нәрселерінен; Алланың барлығын, хикметі, кереметі, ғылымын белгілері арқылы түсінудің қазақ дәстүрінің қадір-қасиетін жоғалтуға іс басындағы ел билеуші, білімді, зиялы атты қауымның қолдауымен ібілістің жолына түсіп алған елге айналдық. Сондықтан «Шерік» деген ұғымның адамның ақылын аздыратын қарсылықтарға байланысты екі сипаты барын: «Шерік қосу» деген сөзді барлық жерге тықпалап, ал «Шерік қату» деген ұғымдарын дін ғалымдарының талқылаған пәтуаларында кездестіре алмайсыз.

    Дуальность — екіжүзділік, мұнафақтық, кәпірлік, жындылық болып адамзаттың мінезі құлығымен бейнеленсе, ал жалпы жаратылыста әр нәрсенің жұбы, пары және қарсылығы болып, аталарымыз жалпы жаратылысын «бес күн жалған» деп түсіндірген. Ал енді бес күн дегеніміз біздің негізгі жер бетіндегі тіршілігімізге, материалдық тұрғыдағы өмірімізге байланысты несібе қуаттар екенін де білген жөн. Олай болса осы бес қуаттық жүйені меңгеру үшін қандайда бір заманда болсын екі жүзділіктен, жалғандықпен күресумен түрлі сынақтардан, тарихи оқиғалардан өтіп келеміз. Исламдағы шариғатпен байланысты бес парыздық негізі де осындай жалғандықты меңгерумен байланысты екені де хақ. Бірақ осы жалғандықты растыққа айналдыру үшін шариғаттан да биік тұратын тарихат, мағрипаттық ақпараттық жүйеге жалғануды неге терістейміз? Жұп парлық шарттылықты қайда қоямыз?

(Төртеу түгел болса төбеден келеді, алтау араз болса ауыздағы кетеді) (Атадан алтау, анадан төртеу туғанмын, жалғыздық көрер жайым жоқ….Аларманда алтаусың, берерменде бесеусің…) (Абай әулие)

Біздердің жоғарғы ел басшымыздан бастап төменгі имамдарға дейін жан мен рұқтың мән-мағынасын, яғни ғылымын түсінбейді. Сондықтан да қазақтың сөз байлығы, нақылдары әлемдегі ең жоғарғы ғылым деректері яғни жанды жетілдіріп рұқтың жоғарғы дәрежесін меңгеруге адамзаттың тұлғалық, тектілік сапасын арттыруға арналған құдайдың берген сыйы екенін мойындамақ түгіл, керісінше ақылдың өркениеті жете мен саналықтың, яғни тарихат пен мағрипаттық тұрғыдағы екі күнін меңгеруден бас тартып қудалап жоғалтумен ғана айналысып ақырзаманның үкімінің түсуіне себеп болғандары да хақ. Бұған ең басты кінәлі кейіпкерлер білімді, зиялы қауым өкілдері мен философ ғалымдар, теологтар екені де хақ.

Исламдағы «экстремизмдік», бүлікшілік пен соғыстардың, түрлі топтарға жіктелудің де себебі жан ғылымын меңгеруден бас тартып, құран аяттарын ертегіге айналдырып ақылдың өркениетін меңгере алмаудан деп түсінген де жөн. Алты жан ғылымын меңгеру тәурат, інжіл және пайғамбар жазбаларының тылсымдық, кісілік бейнеленген ақпараттық кітаптарына жалғанумен байланысты болып, қазақтың еншісіндегі бұл рухани байлықты, құранның кітаптарын енді орыс халқының білімді қауымы еркін меңгере бастағанына да арланатын қазақтың білімді, ел билеуші қауымдары әзірге жоқ десе де болғандай. Сонымен мына аятттағы; «Мұхаммед оларға айт: «Әй кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгендерді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68)

    «Қашан бір өлкені жоқ еткіміз келсе, олардың дәулет мастарына әмір етеміз. Сонда олар оған қарсы келеді. Сондықтан оларға деген сөз (аян, уақи, белгі, үкімдер) шындыққа айналады. Сүйтіп оларды негізінен жоқ етеміз.» (17-16) Енді ел билеушілердің, іс басында жүрген барлық дәулетке мас болған, жетесін меңгере алмағандарға құдайдан әмір, замандық рухани жобаның, уахилардың түсірілетінін ашық ескертіп, діншілердің пәтуаларының жалғандығын ашық ескертіп тұр. Ал енді ел билеуші, іс басындағы дәулетті қауымға мұндай уахи түстерді көрсетіп ескерту берілгенмен, мұны жорып әрекет қылмақ түгіл, тез ұмытуға да тырысатыны хақ.

     Қазақ білімді қауымы мен діншілердің надандығын орыс ғалымдары ашық дәлелдеуде. Әттең, олар қазақ дәстүрін ата жолын зерттесе, қазақ әулиелік жолын әлемге де паш етер еді. Дем алыс, дем алу, дем салу — тәндік, рұқтық, жандық болып бөлінетінін, Жандық дем алуды тек Құдайдың ғана ісімен, достары, әулиелер жандары арқылы ғана атқарылатын қазақтың ғана дін дәстүрінде ғұрып болып бекігенін әлем білетін күн де туар!…». Все заметили давно, что эти потоки энергий в некоторых людях вызывают болезни (гипертония и сердечно-сосудистые, болезни крови, раковые), которые напрямую связаны с притоком новых энергией. И Министерство здравоохранения знает об этом. Их неоднократно предупреждали, но, к сожалению, ортодоксальная наука наличие «каких-то мифических» энергий официально не признала (за исключением научно-общественных исследовательских центров, организованных учеными-энтузиастами на собственные средства).

      Егер бұл қасиеттіліктерді меңгеру «серік қосуға» жататын болса, онда мына аятты құраннан алып тастау керек болады. «Құраннан мүміндерге шипа және рахмет түсіреміз» (17-82) Масхаб діншілері бұл қасиеттіліктерді меңгеру мүмкін емес, ол үшін МҮМІН болулары керек. Ал мүмін болуы үшін (23-68) аяттың үкімін және «Мұхаммед оларға айт; (аянмен ескерт) «Әй кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларыңның тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» (5-68) Ал Інжілді орындап көрсек;….

  Қазақтың білімді қауымы мына төмендегі сұраққа толық жауап беріп қазақ дәстүрінің тура жол бола алғанын біле ме? Құранда; «Кәпірлер Алланың нұрын ауыздарымен өшіруді қалайды. Егер кәпірлер жек көрсе де, Алла тағала мұны ұнатпайды да өз нұрын толықтайды» (9-32) аятын орыстар дәлелдеуге, білімін түсіндіруге тырысып жатыр. Аруақ білімін терістеп, исламды бөлшектейтін; Антисознание — кәпір болудан жалықпайтын мақтаншақ екі есті қазақтың ғалымдарына «орысқұлдар» өздерінің шынында құдайдық құлы екеніне де жауап беріп жатқанына дәлел емес пе?