Байтасов Т.К. жеке блогы

    Алла деп – түп негізді жаратушы, барлық әлемнің нұры, жарықтың негізі болып,  бүкіл әлемді баурап тұрған; тәңірілік қуат иесін айтамыз. Түпкі жаратушымызды ақыл, біліммен танып, құлшылығымыз арқылы тікелей ешқандай дәнекерліксіз, екі аралық жаратылыс киелерінсіз жалғануға, біздер ақылымызды да жеткізе алмаймыз және жақындай да алмаймыз. Себебі Алланың негізі; біздің әлемнен тыс, барлық әлемді де, ішкі жаратылысты да баураушы қабы, бейнелену, кеңістіктен орын алу шегі, Алланың құдіретті сипатынан болып саналады. Ал енді бізге ақылымызға лайық танылу үшін, жаратылыс әлемнің ішкі қадірі, қасиетін ,барлық жаратылыстың жанын; Алланың өзі –Алла тағала деп атаймыз.

  «Ұлтымыздың өз тамырынан қол үзбей оған балта шаппай, әрі қарай өсіп-өркендеуіне жағдай жасау – ең үлкен міндеттердің бірі. Нарық қазақтардың болмысын бұзбайды, керісінше жаңаша жетілдіре түседі» (Нұрсұлтан Назарбаев). Ұлтымыздың тамыры бабаларымыздың бізге қалдырған көместік тұрғыда әрбір мен қазақ ұрпағымын деген пендесінің жеті атасына байланысты тарихы, шежіресімен арадағы байланысын, жан жібін жалғаумен, жалпы ұлттық тұрғыдағы ортақ аманаттарын жүктеліп меңгерумен, әлемдік қуаттар жүйесіне жалғанумен нәтижеленбек. Сондықтан да біздерге бұл өте күрделі, қиын, көмес тұрғыдағы рухани құлшылығымызды меңгеру үшін құдай ісінің ортақ жол-жобасы дәстүрімізді аманат қылып, нақылдармен, мақалдармен бекітіп берген.

  «..Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі, «Мені мен «менікінің» мағынасы – екі. «Мен өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «Менікі» өлсе өлсін, оған бекі. Шырақтар, ынталарың «менікінде» Тән құмарын іздейсің күні-түнде. Әділеттік, арлылық, махаббат пен — Үй жолдасың қабірден әрі өткенде..» (Абай әулие). Әрбір адам баласы өзінің жаратылысының рухани жүйесін, ішкі сырларын түсіну арқылы ғана өзін танумен жаратушыға, адамзатқа деген көзқарасы, махаббаты, сүйіспеншілігі адамдық тұрғыда қалыптасады. Абай атамыздың насихатынан ғибрат үлгісімен және құдай ісі мен салыстырып және ұлттық жол-жобамызға да қайшы болған; бүгінгі ел билеушілердің, зиялы қауымның, жастарымыздың ұрандатып «Ұлттың арманы, Ұлттың жоспары; Мәңгілік ел, Бір ел – бір тағдыр» деген сөздермен іс жүзінде дүниелік, тіршіліктік тұрғыда бағалануынан бабалар аманатымен, нақылымен таразыға салып көрсек; сөз мінезін теріске алған бір тұтас жынданған ел екенімізге ашық дәлел болуы да хақ.

Қазіргі таңдағы масһаб және ислам дін «ғұламаларының» өзге діндердің бәрі де адасқан, сондықтан олардың кітаптары мүлде жарамсыз деп, ал ақиреттік  аруақтық, кісілік сипаттармен бейнеленген, көктегі жұлдыздармен, жаннаттықтармен оқылатын Алла тағаланың тарапынан жолына қосылған шындықтардың жоғалып өзгермейтінін, оның иман қуаты болып жанға кітап болып қайта оқылатынын мүлде жалғанға шығарады. Иман келтірдім деген ұғымның осындай шындық кітаптарға жалғандым деген ұғымды, сендім, мұсылман аталдым деген ұғыммен алмастырып алған.

  «Ғылымсыз адам-айуан, Не қылсаң да ғылым біл. Ғылымға да керек жан, Ақылсыз болса ғылым тұл. Ақылға еркін ой керек, Матаудан ойды азат қыл. Әдеттеніп ертерек, Өрісін кеңіт жылма–жыл… Атағы шыққан жақсыға Ақылды байлап қылма құл. Шатақ дін мен дағдыға Шоқынба, досым зиян бұл…Сөз мінезі құбылса, Ар иманы жоқ деп біл. Аулақта жемтік сыдырса, Оны ойыңмен айуан қыл. Дұспанға да бол әділ, Түсірме ойға тат пен ніл. Ұмытпа болсаң біздің ұл, Осы өлеңді құлаққа іл!» (Шәкәрім сопы).

     «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас…Күллі мақұлық өзгерер, Алла өзгермес, Әһли кітап (жеті үн, түр, түс, көместің кітабы) бұл сөзді бекер демес. Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен (жындылықпен) Бос сөзбенен қастаспай, түзу келмес..» (Абай ата).  Адамзаттың жындылығын атау сөздің ішкі сырын, ойын терістеп, нәпсіге, дүниеге байланған, бос сөзге айналдырумен анықтауға болатынын Абай атамыз ашық ескертіпті. Әрбір ұлттың пайғамбарлары келіп, «Әһли кітабы», яғни сөз өнерінің құранның  Адам атамыздан бері жалғасты келе жатқан жеті үн тылсымдық; Ақ, көк, қызыл түрлермен байланысты лахфуз махфуздық төрт кітабы болған адам баласының 4 жағы көлеңке аруағымен байланып тұруын білдіреді.

Қияметтік мезгілінің негізгі 10 түрлі белгісін Мұхаммед пайғамбарымыз ашық ескертіп өткені дін шариғаттан хабары бар кез келген пендеге мәлім жағдай. Қияметтік мезгілдің басталу белгісі болып; «Қияметпен мен бірге жіберілдім» деп, сұқ саусағы мен ортаншы саусағын қимылдатып көрсеткені жайында деректер бар. Олай болса сұқ саусақ-жол бағыт сілтеуші, ортаншы саусақ әрбір пенденің тағдырлық жобасымен байланысты. Мұхаммед пайғамбарымыздың құранға куәлік болып, адамзаттың және исламдық дін ұстанымда құранды теріске алып, діннің азғындап, бүлік басталғанда құранның хақиқаты болып, пайғамбарымыздың мәңгілік екі аралық дәнекер тұрғысындағы тылсымнан беретін уахи хабарын, яғни елшілік істерін жалғастыратын топтың пайда болуымен және түрлі хикметті белгілердің басталуымен белгілі болмақ.

«Сендердің жақсы көргендеріңнің ішінде жамандық бар, ал жек көргендеріңнің ішінде жақсылық бар» деп ескерткен Раббымыз. Жын қуаты Алланың тәңірлік сипатының бірі болып, барлық қараңғылық түнек күштері мен тозақтық тіршіліктің және күш, қуат қозғалыстың тегі, табиғат әлемін жүргізіп, қозғап тұрған желдің де тегі жыннан пайда болады. Құрандағы жын сүресінің 72 сандық белгімен және 28 аяттан тұрып, адамзат өмірінің түрлену сапасын айқындап тұрғаны да және адамдықтың жоғарғы дәрежесін Алланың сүйікті құлы болу, пайғамбарымыздың елшілік ісін жалғастырып көместен хабар келтіру, көріпкелдік, сәуегейлік, абыздық қасиетті меңгеру де жындық қуаттың тазалығымен ғана мүмкін екенін ашық аятпен ескертеді.

Біздер өзімізді-өзіміз ақыл-оймен тану арқылы ғана болашағымызға жоспар жасап, оны арман және бағыт бағдар қылып, артымыздағы тарихи оқиғалардан ғибрат ала аламыз. Ал ақылды меңгеру үшін де белгілі замандарда даналыққа жеткен өз ұлтымыздың яғни ата-бабаларымыздың біздерге қалдырған ойшылдық насихатына, нақылдарына, аманаттарына жүгінуміз керек және олардың ішкі сыры ой қуатының үніне жалғана білуіміз де керек. Себебі қандайда бір кітап жүзінде деректер болып қалған білімді ақыл арқылы қабылдағанмен ақылымыздың қандай дәрежеде болуы да тәніміздегі 8 түрлі жындық қуатымыздың жағдайына тәуелді болуын ұмытпаған жөн. Өткен заман тарихының білім жүзінде шыны бар және шындардың ішінде шындығы бар.