Мүміндік дәстүрін сақтаушы еді,
Мұсылман деп мұндайды атаушы еді.
Ақылды, пайымды, сабырмен ізеттіні
Иманды жанды құдай өзі жақтаушы еді.
Мүміндік дәстүрін сақтаушы еді,
Мұсылман деп мұндайды атаушы еді.
Ақылды, пайымды, сабырмен ізеттіні
Иманды жанды құдай өзі жақтаушы еді.
Әл-Фараби атамыз; «Адамзатқа әуелі тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы болады» деген өсиетінің де маңыздылығы біздердің жаратылысымыз періштелік сипатта, яғни махаббатың бір бөлшегі, ұшқыны иманнан тектен пайда боламыз. Әсіресе әйелзаттарының екі қанатты періштелігі болып жаратылысынан иманның сырын, ұлттық байлығын, сөздердің ой қуат үнін қандарында ділмен алып туылатындарын да білген жөн. Ал енді ерлерде қанында болатын бұл тектің дәнін біз жасымызға қарай тәнімізбен бірге өсіріп отыра алмасақ, онда меңгерген біліміміз, іс-әрекеттеріміз, ақылымыз да белгілі бір сенімді қалыптастырып және рухани болмысымыз да тәрбиемізге өскен ортаның қылығына да тәуелді болмайды. Сондықтан сол ортаның белгілі бір үлгісі билері, ел басқарушысы, зиялы қауым өкілдеріне табынып, кімге, қалай сенсек солай өмір сүріп білім қуатымызды да соған бағыттауға тура келеді. Мұны көңілдің айнасы деп те атайды. Бірақ әрбір пенденің ішкі жарығы, иманы, қуаттық өлшемі де тағдырында бірге берілгендіктен біздердің жаратылысты, руханиятты пайымдау, еліктеу, табыну ерекшілігіміз де алуан түрлі болуы да сөсіз. Сонымен иман жүректе зейнет жарығы болып және қандағы 11-жұлдызбен байланыста тұратын оларға қуат беретін Алла тағаланың сегіз сипатынан пайда болған Рахмандық біздің жердегі тіршілігімізге тән қасиеттердің, яғни 99-көркем есімдердің белгісінен жанның ойлау қабілеті; «Меніміз» болмақ. Бұл меніміздің бізде; Иман, имандылық болып жалпы әрбір атау сөздің ұлттық сөз өнерімізге сай ұғымдарының болатыны да хақ.
Қазіргі таңда қазақ халқының сөзі ұзын және рухани сөз байлығын қалыптастырған қаншама әулиелері мен даналары болғанымен, өзге елдің салтына елітіп, дінде де артта қалғанбыз деген ұғымның пайда болып, өз ұлтының кемелдікке жеткен ата-анасынан өзге елдің жақсыларын неге артық көреді? Әсіресе бұл шариғатпен, бес пазды масһабты тура жол атап, оған қарсы болған қандай да бір адам баласын, мейлі ол әкесінен де, шешесінен де үлкен болса да жағасынан алып жабыла кететін дінші жастардың бұл қылығын қалай түсінеміз?
Қазақ халқының қаншама ғасырлар бойы сынан өтіп, құдайдың қалауымен жеткен егемендігіміздің мағынасы мен мәнін түсініп, қадірлеп өркендете алдық па? Егемендік- деген өз ұлтымыздың негізгі мүдесі және рухани қазына байлығын қайта қалпына келтіріп, жоғалғанды іздеп тауып, ескіргенді ауыстырып, әлсірегенін жағын қуатандырып және әлемнің бүгінгі тыныс, тіршілігіне, қозғалысына сай бола алуға, болашаққа өзіміздің ұлттық өркендеу жобамызды қалыптастыру емес пе? Ал мұндай рухани бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана екені де сөзсіз. Олай болса ынтымақты, бірлікті тұтастықты сақтау үшін, бізге тек шаруашылығы дамыған, әлемнің алдыңғы саптағы елдерінің қатарына қосылсақ, бақытты елге және мәңгілік тегін сақтай алатын елге айнала аламыз ба?
(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)
Қазақтың өркениеттілігі, мәдениеті, тектілігі, имандылығы, естілігі аталған барлық рухани құндылықтарының негізі; үш байлықпен және «Өлі риза болмай, тірі байымас» деген ақиреттік тіршілікке арналған құшылығымен яғни құдайын танып; «Құдайсыз қурай да сынбайды» деген дәстүрмен нәтижеленеді. Сонымен біздің негізгі тануға тисті болған ұлттық имандылық пен махаббатымыздың көрінісін пайғамбарлық қасиеттіліктің 46-сапасын меңгерумен байланысты болып, оларға жеке-жеке сипаттар берумен Абай атамыздың философиялық даналығын, ұлттық ақылымыздың қуатының шамасын, яғни құдай тарапынан түсірілген кітаптарды меңгерудің ұлттық тегіміздің, иманымыздың шамасын айқындау үшін құран арқылы баяндап келеміз.
(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)
Ата-бабаларымыздың адамзаттың құлшылығының негізі: үш байлықпен негізделуін және үшінші байлық «Он саулық» туралы көктен келетін нұр деп қана түсінеміз. Ал оның қандай жаратылыстық сипаттармен, рухани қуаттармен, ақылымыздың сипаттарымен байланысты болатын мән-мағынасына көңіл бөле бермейміз. 20-шы тарауда Абай атамыздың: мұны Алла тағаланың Рахмет сипаты деп барлық жарылқаушы, қорғаушы, мейірім, рахман, ара түсуші, несібе ризық беруші, пайда беруші, уәкіл басқарушы деген ұлық сипаттарымен көрсетіп берген.
Мұсылманның мағынасы Адам деген,
Атамыз Адам алғашқы тәубе білген.
Сөз үйреніп Раббымыздан аянменен,
Ата-анамыз тәубеменен жаннат кірген.
Отау құру оңай болып алды,
Ғашықтықпен екі жас жарасады.
Күйіп, сүйіп қосылар отау құрып,
Көпке бармай неге ажырасады?
Атаған соқыр құдайын,
Ақылыңа болайын.
Қорлаған өзін мазақтап,
Өлшеумен Құдай мұнайын.
Қазақ, Созақ ұрпағы Алаштың,
Әлемге алты рет жол ашқан.
Есіктегі анаң Ұлсай Емерді,
Келіні еді бабаң Алаштан.