Бүкіл әлемді билеуші-пәни дүниенің барлық жаратылыстық нәрселерін қозғалып түрленуге, өсіп-өнуге немесе бір жағдайдан келесі жағдайға өлім, туылу, қартаю сияқты себептерін өзара келісіммен жан-жақты қарым-қатынастарға, табиғи реттілікпен өзара ынтымақтастыққа сай етіп жаратқандықтан, олардың барлығы да басты мақсат үшін қаракет ететіндей, бір заттай тұтастықта болып көрінеді. Мұны біз бүтіндік, бір тектілік деп атаймыз. Адамзатты осы жаратылыстың негізгі себепшісі, тұтынушысы ретінде жер бетінде жаратушы иеміздің орынбасары, яғни жалпы әлемдік тұтастықта да халифа басқарушысы, Алла тағаланың ұқсасы болуға тырысу үшін жаратқан. Ал біздер қандай істі бастасақ та;«Бисмиллаһи рахаман, рахим» деп айтуымыз керек
Байтасов Т.К. жеке блогы
«Адамзатқа алдымен тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп Әл-Фараби бабамыз неге ескертті? Шәкәрім атамыздың; «Жаралыс басы қозғалыс, қозғалысқа керек қолқабыс» деген насихатын інжіл жазбалары да растайды. Баста сөз болған, сөз құдайдың буы-нұры еді деп түсіндіреді. Демек, сөздің пайда болуы ақыл – нұрмен, яғни қозғалыс тегімен байланысты. Қандай бір жаратылыстық нәрсенің, қуаттардың белгілі бір қозғалу тәртібі бар. Сондықтан әрбір адам баласы да өзінің жартысын, жынысын, тегін, қуаттарының шамасын білуі керек. Бұл білімге жатады. Бірақ осы қуатымызды, яғни білімімізді біз қажетімізге қарай жұмсауымыз және онан пайдалы зиянсыз әрекеттер шығаруымыз үшін төменгі, жоғарғы шамаларын, шектерін яғни тәрбиесін меңгеріп, салыстыру арқылы жұмсалмаса, онда бақытсыздыққа душар боламыз.
Біздердің өмір сүрген әлемімізде ешқандай бостық немесе белгілі бір тәртіпке бағынбайтын, өз ара қарым-қатынаста қуаттық алмасуда болмайтын жаратылыс себебі жоқ десек жалған емес. Әлемдегі қандайда бір жақсы, жаманды өзгерістердің бәрі әлемдік тұтастықтың ішіндегі қуаттардың алмасуынан пайда болатыны да хақ. Жер анамызды жаратқанда даналықтан жаратып, ал даналықтың ішінде парасаттылық қуат та болған еді. Мұны «Жерді 4-күнде жаратып несібелеріңді түгелдедім» деп түсіндіреді. Ал жер көкті 6-күнде жаратқанын да, жалпы бүкіл әлем 7-күнмен жаралып біздің аптаның ішіндегі 7-күніміз және олардың аттары да осыған дәлел болады. Сонымен парасаттың 7-белгісі бар мұны жер әлемде бейнеленуін апта, яғни күш, қайратты белгілейді.
Еркек- рұқ, әйел- жан жаратылған,
Бес қуат жанға шипа азық болған.
Атаның шақуатының көп қой мәні,
Дене –киім, терің-әке ризық алған.
Құдайым жарылқасын бұлағыңды,
Некемен сүйіп қосқан қосағыңды.
Ақ жаулық, кең пішілген жеңді болып,
Күн көрмеген ақ білек жан жарыңды.
Сүюге де қыз жігітке ақыл керек,
Ұлтының дәстүрінен білсе дерек.
Арсыз қыз бен опасыз ер ғашық болып,
Көп ұзамай ажырасқан кімге керек?
Қандай жақсы нәзік жан жылағаның,
Көзден шығып ыстық жас, тулағаның.
Жаның таза әйнектей бол берсін,
Нәзік дыммен өсірмек бақшаларын.
«Біз – тегіміз түрік, дініміз – ислам екенін ұмытпауымыз керек. Олүшін, қасиетті кітап – Құран Кәрімді насихатауды естен шығармауымыз керек.». Н.Ә.Назарбаев.
Ел басшымыз мұны қазақ зиялы қауымына, ғалымдарға, дін ғалымдары мен имамдарға, заң шығарушы лауазымдыларға, құқық қорғау мекемелеріне арнаған жолдауы деп түсінуміз де керек. Ал енді қазақ қоғамында ел билеушілер, заңгерлер, зиялы қауым өкілдері ұлттың бірлігін қалыптастыруға жұмылған болса, онда ел басшысының әрбір айтқан жолдауын насихатын талқылап мұны заман талабына сай деп тапса, дереу орындау үшін заңмен бекітіп іс-әрекет амалға да айналдыра білу керек.
Сонымен қазақ елінің бүгінгі ұлттық болмысымыз, ата-бабадан алған аманатымыз, құдай алдында берген уәдеміз, болашақ ұрпақ алдындағы абыройымыз, шежіреден алатын бағамыз қандай? Әрине қазіргі ақпараттық басылымдар мен телеарнаға қарасақ біздің мәңгілік ел болатынымызға және өндірісті дамыту, жаңа кәсіптерді меңгеріп жер ана байлығын өңдеу арқылы біз әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналатынымызға сенімдіміз. Сонымен бірге масһаб деген құдаймен арадағы кепілдікке тұратын дін ұстанымымыздың да қиямет-қайымға дейінгі барлық ғылым-білімге, рухани даму жолымызға пәтуа беріп, жол көрсетуге де шамасы жетеді деп насихаттап жатырмыз. Осы жерде сенім мен иманның да сырын, маңызын білу арқылы ғана біз таңдаған жолымыздың, болашаққа жасаған жобамыздың айқындығын аңғаруға шамамыз келмек.
Осыдан 10 жыл бұрын қазақ елінің болашақта қандай рухани дағдарысқа түсіп, жастардың азғындап, мәңгүрттеніп, көздері қызарып қолына қару ұстап кететін де қаупі бар және масһабтың тәпсірлерінің дін салтын құлшылық істерін қалыптастыратын көптеген пәтуаларының жалғандығын жазып мұны зиялы, білімді қауым өкілдеріне қаншама жылдар бойы алдарына апарып таныстырғанда қолдарын сілтеп, есіктерін де жауып алған еді. Енді қазіргі ата жол жазбаларында масһаб білім мен жалпы исламдағы діни ахуалдың мұндай шиеленіске түсуі де білімсіздіктен, құранды теріске алып шариғатты ғана меңгерумен құдай ісін «Біздерден» келетін хабарларды мойындамай, өздерін «Жұлдыз» санаған тажалдық білімнің қасіретін нақты мысалдармен, аяттармен дәлелдеп те жатырмыз.