Қазіргі әлемдегі болып жатқан негізгі қауіптің ошақтары неге ислам әлемінен пайда болып отыр деген сауалға жауапты іздеп көрдіңіз бе? Егер мұның астарына терең үңілсек, мұның бәрі құранда ашық аяттармен сол түскен заманда-ақ осындай бүліктердің құранды теріске алудан пайда болатыны және мұны пайғамбарымыз да; қияметтік сын сағатында 30 түрлі тажалдар пайда болады, деген екен. Жалпы тажал ұғымын қазір дінсіз, намаз оқымайтын білімсіз, надан деп түсіндіреді. Сонымен бірге иман деген киенің барын барлық адамзат мойындауы да хақ. Бірақ сол иманды меңгеруді біздер исламдық бес парызбен шариғаттан ғана пайда болады және намаз оқымағанда иманы болмайды дегенді мойындағандар; діншіл, оразашыл болып, ал мойындамағандар; исламды да, дінді де осындай пәтуалары кемсітулері үшін жек көретіні де, мұндай діннен аулақ жүруді қалауы да сөзсіз.
Байтасов Т.К. жеке блогы
Дін атын, шапанын жамылғандар
Исламды, бірлігін қорлағандар.
Адамзаттың бәрін сүй махаббатпен,
Өсиетін дана Абайын алмағандар.
Қыз өріс байлығы қазақтағы,
Шырағың сөнбесін деген бата барды.
Тегің бар, елім қытайда қазақтағы,
Кені бұл өлемейтін ген қаныңдағы.
Әулиелердің «тірі екендігі» туралы Базар жыраудың мына жырынан байқай аламыз:
Мына бір шолақ дүниеден
«Әулие өлмес» дер едім;
Отқа салса, күймеген,
Байлығы ұлттың ақша ма?
Рухына қуат қоса ма?
Әлде ұлттың жанына,
Құпия білім болар ма?
Талайларға өлеңді арнағанмын,
Алма деп дүниенің жамандарын.
Қыз-қатындар көбісі жек көреді,
Мақтамайтын әдетін бұл жалғанның.
Әйел барда мерекең де мейрамың,
Жаның құмар алуға әйел сыйларын.
Әйел сенің күзетшің де, ұрың да
Біле алдың ба рұқынан қуат ұрларын.
Тән заттық түрің бейнеленген,
Дене жарық тәніңе киім берген.
Тән саулық пен денсаулықты,
Бірін-бірі қайталап түгелденген.
Мүміндік дәстүрін сақтаушы еді,
Мұсылман деп мұндайды атаушы еді.
Ақылды, пайымды, сабырмен ізеттіні
Иманды жанды құдай өзі жақтаушы еді.
Әл-Фараби атамыз; «Адамзатқа әуелі тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы болады» деген өсиетінің де маңыздылығы біздердің жаратылысымыз періштелік сипатта, яғни махаббатың бір бөлшегі, ұшқыны иманнан тектен пайда боламыз. Әсіресе әйелзаттарының екі қанатты періштелігі болып жаратылысынан иманның сырын, ұлттық байлығын, сөздердің ой қуат үнін қандарында ділмен алып туылатындарын да білген жөн. Ал енді ерлерде қанында болатын бұл тектің дәнін біз жасымызға қарай тәнімізбен бірге өсіріп отыра алмасақ, онда меңгерген біліміміз, іс-әрекеттеріміз, ақылымыз да белгілі бір сенімді қалыптастырып және рухани болмысымыз да тәрбиемізге өскен ортаның қылығына да тәуелді болмайды. Сондықтан сол ортаның белгілі бір үлгісі билері, ел басқарушысы, зиялы қауым өкілдеріне табынып, кімге, қалай сенсек солай өмір сүріп білім қуатымызды да соған бағыттауға тура келеді. Мұны көңілдің айнасы деп те атайды. Бірақ әрбір пенденің ішкі жарығы, иманы, қуаттық өлшемі де тағдырында бірге берілгендіктен біздердің жаратылысты, руханиятты пайымдау, еліктеу, табыну ерекшілігіміз де алуан түрлі болуы да сөсіз. Сонымен иман жүректе зейнет жарығы болып және қандағы 11-жұлдызбен байланыста тұратын оларға қуат беретін Алла тағаланың сегіз сипатынан пайда болған Рахмандық біздің жердегі тіршілігімізге тән қасиеттердің, яғни 99-көркем есімдердің белгісінен жанның ойлау қабілеті; «Меніміз» болмақ. Бұл меніміздің бізде; Иман, имандылық болып жалпы әрбір атау сөздің ұлттық сөз өнерімізге сай ұғымдарының болатыны да хақ.