Ата жол жазбаларында Ғиса пайғамбардың крестке тартылып өлмегенін, оның жұбы болып Исаның екеу болып, Ал Ғиса деген атпен белгілі болған Иисустың зираты қазақ жерінде жатқанын және Мариям анамыздың Сайрамда жерленгенін, сонымен бірге көптеген жағалы бабалар туралы деректер мен олардың басындағы мұрағаттардың барын 10 жылдай қанша жазып таратқанмен ел билігі де, зиялы қауым өкілдері де керісінше масһабтың шариғаттық ұстанымын құдайдың ісінен, аяндарынан, белгілерінен де жоғары қойып алып ақылдарын қазыққа байлап қойғаны да даусыз. Ясауи бабамыздың сопылық мағрипаттың тұрғысында жетілген дінді, дәстүрді сырттай мойындап, ал ішкі сырын Абай-Шәкәрім даналықтарына, ойшылдығына қарсылығын тоқтатудың орнына, керісінше маһабшыларға ашық қолдау беріп ақпараттық жүйеде насихаттауларын да үдете түскені сөзсіз.
Байтасов Т.К. жеке блогы
(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым туралы Абай ата көзқарасы, философиялық ойшылдығы)
Адамға халінше адамгершіл болмақ-қарыз іс. Бірақ өзгелердің адамгершілігіне сүйеніп алу (пайда іздеу) дұрыс емес. Молдалар тұра тұрсын, әсіресе бұл заманың ишандарына (қожаларға) бек сақ болыңдар. Олар-бүлікшіл ғалым. Бұлардан зияннан басқа ешнәрсе шықпайды. Өздері үкім, шариғатты таза білмейді, көбі надан болады. Оған қарамай өзін-өзі дін жолын жетік білуші деп және біреулерді де түземек болып әрекет қылады. Бұл олардың сыбағасы емес, бұлардың жеткізбек болған үлгілері адам аздырушылық, дінге де зиян келтірушілер болмақ. Бұлардың сүйгені-надандар, сөйлегені-жалған, дәлелдері тасбиғы мен шалмалары, онан басқа ешнәрсе жоқ.
(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым туралы Абай ата көзқарасы, философиялық ойшылдығы)
Сонымен шынайы ғылым әр ұлттың өзіне тән нақылдары мен онан туындайтын ғұрыппен, дәстүрмен және осы дәстүрлі дінін дәлелдеген даналарының философиялық ойшылдығынан белгілі болмақ екен. Олай болса әлемдік дәрежеде мұндай ғылымның негізі де философия іліммімен сөз тазалығын қалыптастырушы ойшылдықпен өлшену керек. Құранның өзі философияның адамзат ойшылдығының жоғарғы межесі және логикалық білімнің де тұғыры, себебі ашық аяттар мен сыры жабық аяттардан тұрады. Енді Абай атамызды әрі қарай тыңдасақ; Дүниеде шынайы ғылым бар, олар айтылған, жазылған нақылдар деп түсіндіріледі. Бұндай нақылға жүйріктер ғалым аталады. Құдай тағала еш нәрсені себепсіз жаратпаған мұны зерделеп, зерттеп ұлы жаратушы туралы түсініктерге негізделген хадистерге, жақсы істерге құштар болып ғибраттанушыларды тыюға болмайды. Бәлкім игілік ісінің себебін білмекке құмарлықтан жақсы іске, жақсылық жасауға ғашықтықтық шығады. Құдай тағаланың затына пендесінің ақылы жетпесе де дәл сондай ғашықпын демектің өзі орынсыз.
Ақындықтың қазығына ат байлаған,
Қазақтың дәстүрі еді ой толғаған.
Сөз түзелді елім сен де түзел, деген
Абай атаң тілмен ойды бірге қосқан.
Ұқсаған әйел кемеге,
Аяқсыз жүзген теңізде.
Етегі жерге сызылып,
Жаяу деп атар негізде.
Абайды көп пенделер өлді дейді,
Аруақ деген ұғымға енді дейді.
Өлсе өлер менікі, «Мен» өлмеспін
Деген сөздің астарына үңілмейді.
Бабалардың рухынан ізіміз,
Сақ пен ғұннан асыл тегіміз.
Арлар болып арыстардың отаны,
Бесігі, тұран тектің еліміз.
(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым туралы Абай ата көзқарасы, философиялық ойшылдығы)
Сонымен жоғарыдағы насихат бойынша құдай тағала; Ғылымды; Рахымды, Әділетті, Құдіретті еді. Ал адам баласы; Ғылым, Рахым, Әділетпен 3 сипатпен игілікті меңгеріп, ізгілікті іс қылуға талап қылсаң, онда мұсылман болдың. Және толық адамгершілік, адамдық болмысыңның да бар болғаны. Енді осындай игіліктің 3 сипаттарымен бірге жүретін; Шындық, шыншылдық; Ақ пейілділік, жомарттық; Ақылдылық деген үш қасиетпен шын әділет болып жомарттықтың шапағаты пайда болар. Ал ақыл, ақылдылық бұл ғылымның бар екеніне дәлел дүр. (Олай болса; әділеттіліктің де сипаты 3 қасиеттен туындап сонда ғана жүректің жомарттығы деген сырдың пайда болатын, ал ақылдың өзі 6 сандық белгімен ғылымның да қағба кірпіші болып алты қабырғасы болуы да сөзсіз). Бұлар әр адамның бойында Алла тағаладан тағдырынан шамасына қарай бар қылып жаратылған. Бірақ оны таратып, гүлдендіріп өсірмек, әр адам баласы өз әлінше кәмелетке жеткізбек мақсаты, талап та болу керек. (Періштелерден де жоғары тұрған Адамдық болмыстың адамзаттың бойындағы құдайлық сипаттың белгісі де, жеке діні де осыдан пайда болмақ.) Бұлар адам баласы таза ниетті іздегенде берілетін нәрселер, болмаса жоқ.
Кемеші болған еді жиһан кезген,
Үлкен бір шаһарға келіп кірген.
Сапарлас болуға ниет қылған,
Ғалымды мінгізгенді дін меңгерген.
Сөз жазумен, дін білімін ғылым көрмек,
Шырын сөзбен сұқбаттасу болып ермек
Кемешіні айыптады білімсіз деп.
Кім тең келіп кемеңгерге жауап бермек.
Бабалардың рухынан ізіміз,
Сақ пен ғұннан асыл тегіміз.
Арлар болып арыстардың отаны,
Бесігі тұран тектің еліміз.