Байтасов Т.К. жеке блогы

«Өз күшіне сенбеген халық та, адам да ешқашан өмір бәйгесін ала алмайды.» «Өзің түйеден өткен жетекшіл болсаң, саған ақыл не керек?!» деген халық даналығында. Пайғамбарымыз; «Қиямет күні 30 түрлі тажалдар шығады» деген екен. Жалпы тажалдық дегеннің өзі әрбір заманға қарай, білім мен ілімінің жетістігіне қарай ойлау қасиетінің әлсіреп, орына тек осындай ілімді, білімдік ақпараттарды адамзаттың ақылға айналдырып алуымен, ал білімнің таразысы болатын ақыл өркениетінің дамымауынан халықтың санасы жабылып, жетесі жоғалып түсіну қабілеті жоғалғанда түйе сияқты жетекшіл, заңға, білімге ғана негізделген ақпараттарға жаппай тәуелділікте өмір сүре бастайды. Мұндай халықтың өзіндік ұлттық, отандық әдет-ғұрып, салт-дәстүр болып қалыптасқан рухани күштеріне сүйене алмауынан ел билеуші, ақыл беруші қауымның ой жорудың жетегіне еріп естіліктің маңызы үлгісінің қажеті болмай,тұтынуға, дүниеге ғана негізделген хайуандық, ұжымдық ақыл дәрежедегі басқару үлгісі қалыптасады.

Ақжолтай
bajtasov@mail.ru
28-08-14 13:24   Әулиелер, пайғамбарлар, елшілер Алламен арада делдал бола алмай ма?

ортаңғы жолдағы Ханафит   Өліп кетсең де бола алмайды!
20-09-14 18:04

Ақжолтай
bajtasov@mail.ru
20-09-14 13:38    Құдайдың құлымын, еркек атым бар десең масһаб білімі ақиқатын хабар береді десең, осы сөзіңе ант бер! ҚҰДАЙ МЕНІҢ ОСЫ СӨЗІМ ӨТІРІК БОЛСА ТЕЗІРЕК МАҒАН ЛАҒНЕТІҢДІ БЕР ДЕП ТІЛЕ. Сосын әулиелер арада делдал болмаса, Құдай мені ат деп менде ант берейін. Ал баста!

ортаңғы жолдағы Ханафит
20-09-14 18:04 Алла Тағалам! Сенің ешқандай ДЕЛДАЛға, мейлі ол Әулие болсын, мейлі ол Пайғамбар болсын, мейлі ол Елші болсын, мұқтаж емес екеніңді білемін. Ешкімнің арада ДЕЛДАЛ бола алмайтынын білемін. Өйткені, Сен бәрін Білушісің, бәрін Көрушісің, бәрін Естушісің, Құдіретің ТІКЕЛЕЙ беруге және ТІКЕЛЕЙ қабылдауға жетеді. Алла Тағалам, осы сөзім өтірік болса тезірек маған ЛАҒНЕТІҢДІ бере гөр! Аумин!

Ақжолтай
bajtasov@mail.ru
21-09-14 04:04

О Алла! Өзіңнің ұлықтығыңды білдіру үшін Алла тағала сипатыңды; заман қозғалыс, уақыттың бәрін сыйдырған біздей ақылы қысқа пенделеріңе ақылмен қабылдансын деп 8 түр ұлықтық сипатыңды жаратып, бұл сипаттарыңды «БІР» атауды бұйырып «Бар» екеніңді әшкере жариялау үшін екі аралық 99 көркем есімдеріңді ойыншық үшін жаратты деп ойламаймыз, масһабшы бауырларша. Бұған қарсы 99+2-101 күнәнің ісін де жеңіп, меңгерсін деген өзіңнің елші делдалың Мұхаммед пайғамбарымыздың артынан сапқа тұрған әскері болған 103 әулие, 33 сахбалардың өзіңінің 10 сипатты шапағатыңның мирасқорлары екеніне ақылмен, біліммен иман келтіреміз. Сонымен бірге біздің бұл түсінігімізге байланысты ата-бабаларымыз табынған сияқты Һұд сүресі 109-аятпен амал қылған біздердің ісімізді, сөзімізді жалған деп санаған масһабшы бауырларымызбен, дін қандастарымызбен араға үкіміңді бере көр! Біз қателессек қандайда лағнетіңе лайықпыз, ажалды да қуана қарсы алуға дайынбыз! О құдіретті, әділдікті меңгеруші Раббым, бұл анттарымызды тезірек амалмен өзің хақиқатыңмен шынға шығара көр!Аумин!

                   (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Сонымен пайғамбарлық қасиеттің бірі «Аян алу» яғни құдайдың хикметті белгілері, аяттарына жалғанудың Алла тағаланың «Бір» және растығының дәлелі болып, Бұл нұрды Алланың құлына берген сыйы және ол барлық жаралыстың да себебімен жалғанып тұрғанын да білген жөн. Сондықтан ақылдылық, жоғарғы дәрежедегі зеректік, сезімталдық, аңғарымпаздықты осы парасаттылық қуаттарынан нәр алып біз ақылымызды жетілдіре аламыз.

  (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

    Қазіргі таңда қазақ философиялық мектебінің рухани жетілмеуінен әлемдік дәрежедегі барлық киелі  кітаптардың бұлжымас заңдылығы сандық ғылым туралы сөз қозғаудың өзі артық. Менің өз басым масһаб дін зерттеушілерінен қазақ даналығының нақылдарының да құпия сыры, ішкі ой қуаты сандық ғылыммен негізделіп құран аяттары және пайғамбар сүннеттері мен Ясауи бабамыздың сани-ақыл дәптерінен бастау алатынынан насихат айтамын деп, олардың мазақтауымен надандық пәтуаларына ғана куә болғанмын. Пайғамбарымыз;  «Ізгі адамның жақсы түсі пайғамбарлықтың қырық алтыдан бір бөлігі» (2081-өсиет) деген астарлы өсиетімен ақыл-парасаттылықтың өлшемін және сандық ғылымның да бір сырын көрсетіп кеткен екен.

                  

  (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

«…Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті…» деген Абай атамыздың ойшылдығымен Ол Алланың бізге көрсеткен махаббатын ақылмен  танымақтың өзі ақылсыз, білімсіз қиын екені даусыз. Сондықтан  махаббатың мәнісінен, жан ғылымынан айырылған әлемде діннің бүлікшілдікке, азғындыққа соқтыруына себеп болып, әлем халқының махаббатын іздеп таба алмай жатқаны да сөзсіз. Қазақ елі де масһаб білімінің соңына түсумен өз дін дәстүрінен, шежіре даналығынан айырылып мұндай зұлымдықтан шет қалған да жоқпыз. Ал енді жаратушы иеміздің бізге берген махаббатын білу үшін;  «Пенделерде болатын қуат; Құдірет, Ғылым ақылдан бөлек тұрады. Ал Алла тағаладан болатын Құдірет-Ғылым және рахметі болмақ. …»

  (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы, философиялық ойшылдығы)

…..Әрбір амалды қылсаңыз ізгілік үшін жасаңыз. Сондықтан ізгілік болсын деп мақсат қойып ниет етесіз. Ниет амалдың парызына есеп болмақ. Пайғамбарымыздың өсиеті бойынша амалдың нәтижесі ниетке байланысты деген. Сонымен ниет етіңіз; дәрет алмаққа, намаз оқымаққа, ораза тұтпаққа, бұл намаздарды ниетіңізді дәлелдеу үшін қылып, бірақ жүрекпен қабылданбайтын болса ғибадатыңыз дұрыс бола ма? Сіздің ішкі дүниеңіздің таза болуы әуелі иман болып, бұл сыртқа біліну үшін (бой жарығына айналу үшін) сыртыңызды тазалауға жасаған ғибадатыңыз иманды болған соң ғана парыз болған. (Егер сіздің ішкі тазалығыңыз дұрыс болмай иман жарығыңыз сыртқа шықпаған болса, онда бұл ғибадаттың түкке де пайдасы болмас еді) Сіздің ниеттеніп жасаған ғибадат намазыңыз ішкі дүниеңіздің иманның көлеңкесі, бейнесі болып және сол иманды нұрландырып, көрік беру үшін жасалады деп бұйырған, парыз қылған. (Олай болса құр тілмен иман келтірдім деп иманды ізгілік, игілікті  амалмен жинамай ішіңізді жарық қылмай мұндай ғибадатпен тура жолда жүрміз дегеннің өзі надандық болып табылады.) Сол үшін де ғұламалар иман екеу емес біреу, бірақ (иманды келтіру үшін жанды) ізгілікті тағат, құлшылықпен нұрландырады. Мұндай құлшылық болмаса иман күңгірттенеді. Бәлки иманның сөну де қаупі бар деген. Егер надандар мұндай ғибадаттың ізгілікті құлшылықтарын, ішкі сырын (иман жинау, үш сүюді) ескермей қылса,  құлшылығын қылып жүріп (өзінің ғана қажеті үшін намазын оқып, ораза тұтып жүріп-ақ) иманы сөнер деген.

       Ата жол жазбаларында Ғиса пайғамбардың крестке тартылып өлмегенін, оның жұбы болып Исаның екеу болып, Ал Ғиса деген атпен белгілі болған Иисустың зираты қазақ жерінде жатқанын және Мариям анамыздың Сайрамда жерленгенін, сонымен бірге көптеген жағалы бабалар туралы деректер мен олардың басындағы мұрағаттардың барын 10 жылдай қанша жазып таратқанмен ел билігі де, зиялы қауым өкілдері де керісінше масһабтың шариғаттық ұстанымын құдайдың ісінен, аяндарынан, белгілерінен де жоғары қойып алып ақылдарын қазыққа байлап қойғаны да даусыз.  Ясауи бабамыздың сопылық мағрипаттың тұрғысында жетілген  дінді, дәстүрді сырттай мойындап, ал ішкі сырын Абай-Шәкәрім даналықтарына, ойшылдығына қарсылығын тоқтатудың орнына, керісінше маһабшыларға ашық қолдау беріп ақпараттық жүйеде насихаттауларын да үдете түскені сөзсіз.

  (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы, философиялық ойшылдығы)

    Адамға  халінше адамгершіл болмақ-қарыз іс. Бірақ өзгелердің адамгершілігіне сүйеніп алу (пайда іздеу) дұрыс емес. Молдалар тұра тұрсын, әсіресе бұл заманың ишандарына (қожаларға) бек сақ болыңдар. Олар-бүлікшіл ғалым. Бұлардан зияннан басқа ешнәрсе шықпайды. Өздері үкім, шариғатты таза білмейді, көбі надан болады. Оған қарамай өзін-өзі дін жолын жетік білуші деп және біреулерді де түземек болып әрекет қылады. Бұл олардың сыбағасы емес, бұлардың жеткізбек болған үлгілері адам аздырушылық, дінге де зиян келтірушілер болмақ. Бұлардың сүйгені-надандар, сөйлегені-жалған, дәлелдері тасбиғы мен шалмалары, онан басқа ешнәрсе жоқ.