Айналайын шырағым
Алтын тұғыр пырағым.
Сен туғанда жетпіс мың періште
Бет пердесін шешіпті
Сөйтіп тұрып Алладан
Тілеуіңді тілепті.
Байтасов Т.К. жеке блогы
(Басы 1-6 тарауларда)
Жаратылыстағы қандайда бір жаратылыс егесінің кеңістіктен белгісі және алатын орны болады. Бұл орынды белгілі бір өрістік жағдайда шектеліп бейнеленуін сол тануға тиісті қандайда бір нәрсенің денесі деп атаймыз. Сонымен Аллаға тән болған мұндай барлық жаратылыс егесінің де денесі болып олар екінші бір жағдайда өмір сүру үшін өзара бірігумен тұтастық тәнді құрайды. Мұндай күрделі құрылымды тән деп атап, тәннің бөлшектерін, ағзаларын өзара қарым-қатынаста тұтастықта бір мақсатқа, Алланың үкіміне қызметке, құлшылыққа тұруға сәждесін мүлтіксіз атқаруға дінін қоса жаратып, ал дін бұл ағзалардың тұтастығын сақтап қызмет қылуға бағдар беріп тұратын ақылдық қуаттың басқару, реттеуге арналған негізі жүйесі болып саналады.
Зайырлы деген ұғым адамзаттың және барлық жанды жаратылыс егелерінің, адамзат қолынан пайда болған туындыларының ішкі жасырын қасиетін білдіреді. Сонымен біздер неге зайыр сөзін мемлекеттің дін ұстанымына пайдаланып, ел билігі діннен бейтарап деп түсіндіреміз? Бір нәрсені ұғыну үшін бейтарап болмай, сол нәрсемен бірге өмір сүріп, оның ішкі сырын жан-тәніңмен сезінбей, оның жалпы мазмұнын, құрылымын және қозғалысын, әсер-әрекетін зайырын білу мүмкін емес. Сонда біздің мемлекетіміздің ел билеушілерінің саясатының құпиялығы ма, әлде өздерінің ойларына шоқыну ма бұл жағдайымыз?
Аллаға табынамын деген ұғымда-Аллаға ғашықтықтан бастап оған ұқсау, еліктеу, сондай болу деген ұғым пайда болады. Біз түп иеміз жаратушыға табына алмаймыз. Ондай болғанда бізде жаратушы боламыз деген ұғым пайда болып немесе барлық қарсылық жамандақтарына да табынуға тиісті боламыз. Сондықтан бар әлемді жаратушыға табыну да мүмкін емес. Бізге ақылымызбен қабылдауға лайық, әлем ішіндегі «ӨЗІНДІК» «Бірлік», «Мендік», махаббаттық сипаттарының көрінісі пайғамбарларға, ғұлама-даналарға, елшілерінің меңгерген ақылындарына ғана табыну арқылы біз бірге, жаннат тұрғындарына бірленіп қосыла аламыз. Ал «Мен» , «Маған»-деген де таза ақыл нұрының сипаты екенін білген жөн. Раббымыз; «Мұхаммед егер Алла қаласа еді, мен Құранды сендерге оқымас едім де, оны сендерге білдірмес еді. Расында мен бұдан бұрын іштеріңде өмір бойынша болдым. Сонда да түсінбейсіңдер ме?», де.» (10-16)
Мұхамедия ағамыз Сары әулие туралы мақаланың астына; Бұған Тоқберген Байтасов не айтады? деген сауал қойған екен. Бұл сауалға жауап берсем; Мұқан ағамен сонау 1995-жылдары біздің үйде дастархан басында бірге болып және есте қалатын бір әңгіме, оқиғаларға да куә болған едім. Мен Алматы маңына Киз ауылына көшіп келіп Каскелеңде көлік жөндейтін шеберхана ашып жұмыс істеп жүріп, Сары әулие аталған Марат мырзамен біраз жолдас болған да едім. Ол кезде бүкіл халықтың Маратты Сары әулие деп атап, емдеу тәсіліндегі түрлі кереметтерге таң қалып, ерекше құрметтеп жатқан уақыттары да болатын.
Көл анасы жер болар,
Ер анасы ел болар.
Әр елдің өз әулиесі,
Аруағына дем болар.
Түсінгенге сөз — дәулет,
Әншілерге үн — дәулет
Арсыз адам жын болар,
Іздесе мақтан сән дәулет.
Расулулла кезінде айтып кеткен,
Оның айтқаны өзгеріссіз бізге жеткен,
Болашақты болжаған бізден емес,
Деген сөзбен балгерлерді қатты сөккен.
Әр пенденің тағдыры өз қолында,
Бар жақсылық Алланың ақ жолында,
Дұғамен өмірің өзгереді,
Ықыласпен көңілің тура болса.
Үміт күтсең ұрпақтан,
Тый бойыңды жаманнан,
Сырттан келген жаман қасиет,
Ол ұрпаққа қәсірет,
Жамандық қаныңменен болады,
Зияны ұрпақ қуады,
Тағдырың содан байланып,
Жақсылықты, имандықты жояды,
(басы; 1-3 тарауларда)
Адам баласын өзін-өзі тану үшін Ес деген қабілетін жаратқан. Қандайда бір жаста, атақ дәрежеде, ел басқару орындарында жыныстарының ерекшелігіне де қарамай естіліктің де әр түрлі деңгейде болып, адамдығын тану үшін есті ақылдың шамасына қарай өзіміздің де есіміздің артық кемін ажырата аламыз. Сонымен біз қандайда бір қасиеттің, адамдық құндылықтың шамасын анықтау үшін білімді меңгеруіміз, яғни білімді болуымыз шартты. Шартты деген ұғымның өзі белгілі бір шектеумен байланысты ақпараттарды қабылдап, сіңіруіміздің шамасын белгілейді. Қандайда бір танымның, ақпараттардың, қасиет-қабілеттердің, күштердің ең жоғарғы өлшемі Алланың Өзі болып табылады. Сондықтан біз жаратушымыздың бізге өлшеп берген дінісіз яғни шартсыз ақылының қуаты, құдайлық идея арқылы ғана біз «Өзін» яғни жаратушы иеміздің бізге айқын болған хикметті қасиет егелерін тани отыра және осындай құндылықтарды меңгерген қасиетті құлдары, Өзінің досы аталған әулие-әмбилеріне, даналықтың бұлағы болған кісілеріне қарап ұнап ұқсауға, үлгі-ғибрат алуға міндеттіміз. Мұны біздерге қалдырған мирас, аманат деп атаған, киелі кітаптарға, кісілікке жалғану деп атаған да дұрыс. Олай болса біз ақылға, рухани тұрғыда кісілікке табынуымыз яғни сәждеміз, қызметіміз, құлшылығымыз болып табылады. Адам атамызды алғашқы жаратқанда таза дінсіз шартсыз ақылдан Ақтардан сансыз (топыр) аяттардан яғни құраннан жаратқан екен. Сондықтан оған Раббымыз барлық біздерге әшкере болатын жаратылыстың негіздерін белгілеген сөздердің атауларын Адам атамызға үйреткенде періштелер бұның ішкі сырын, жаратылыстық нәрселердің қасиетін, аттарын білуге Ақтық-таза ақылдық шамасы болмағандықтан; Адам атамыз мұндай атаулардан тарайтын барлық жаратылыс егелеріне ат қойып шыққан екен. Сонымен Ақ-құдайлық идея таза ақыл болып біздің жаратылысымызда бұл нұр, шырақ яғни Мұххаммед-сүйіспеншілік-махаббат деген атпен Адам атамыздан бері жалғасып келеді. Сондықтан Адам атадан бұрын Мұхаммед пайғамбарымыз, яғни махаббат атты пайғамбарлық қасиеттің жаратылғаны да мәлім болды. Қандай да бір жаратылыстың сырын, білімін меңгеру үшін біз қалайда осы Ақтың белгілі бір қуатын жүктеп алуымыз керек. Ал енді Ақ-нұр болса жердің барлық жаратылыс нәрселерінің ішкі зайырын және жердің серігі Ай планетасы арқылы жердің бар тіршілігін басқарушы негізгі қозғалыс қараның және қызылдың қарсылық себепшісі және Ақтың ең көп мөлшері суда болуын да білген жөн. Барлық нәрсенің жұбы пары болу себепті жұп ұғымы қасиеттілігі, мақсаты ұқсас жаратылыс егелері болса, ал парлық; бұл қарама- қарсылық жағдайындағы қасиетімен байланысты болмақ. Сонымен жерге жаратушымыз алты түрлі оттың сапасын беру үшін яғни алты күнде жаратылудың да және жалпы әлемнің жеті күнде жаратылуын паш еткен. Осылай жаралыстың негізгі себептерінің сипаттарынан біздің яғни адам баласының киелігінің қасиетінің негізгі өлшемдері де пайда болып, бұл қасиетті қуаттарды, күштерді меңгеру үшін де біздерге керекті ақылдың қуатын, шамасын меңгеруміз адамзаттың негізгі сәжде құлшылығы болмақ. Осындай жағдайда барлық жаратылыстық нәрселердің бәрі адамзаттың тіршілігіне арнап жаратылғанмен олардың белгілі бір мөлшерде ғана бізге пайда беріп шектен, шамадан асырып пайдаланған жағдайда зиянын тигізетінін, мұның сырын біздің қысқа өмірімізде меңгеріп түсінудің мүмкін еместігі де сөзсіз. Сондықтанда бұл ілімнің тәжірибелерін біз мыңдаған ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан ата-баба тәжірибесіне, олардан қалған ақылдың өлшемі білімге сүйене отыра пайда-зиянын ажыратуды үйренуіміз керек. «Сонымен біздің өмір сүрген жердің үстінде, астында, ортасында және көктен түсетін кез келген құбылыста құдіретті күштің киесі болмаса адамды жалықтырып жібереді. Ақылды адам өлгенше айналасынан сол Ұлы Күштің киесін іздеп аласұрады. Мән мен мағынадан жұрдай болған барлық білім адамның сакральды табиғатын ашпайды. Адам қарабайыр тіршілік иесіне айналады.» Бұл ойларды айтқан Иран ғалымы Саид Хусеин Наср екен. Адамзаттың қандай да бір замандарда, дәуірлерде өмір сүрсін, тылсымды табиғат күштерінің сырын меңгеруге талпынысы және оны қалайда басқаруға деген құштарлығы ешқашан бесеңдеген емес. Біздің жаратылысымызда өзгелерге ақыл айтып, көпшілікті басқаруға деген құштарлығымыз Адам атамызды жаратып, оған барлық періштелердің қызмет қылуымен және Ібіліс періштесінің қарсылығымен оны қалайда меңгеріп жеңіп бағындыруға деген құштарлық, нәпсілік негізіндегі арадағы бәсеке қиямет-қайымға тіршіліктің соңына дейін жалғаса беретін, ұрпақтан ұрпаққа өмірдегі өзіміздің тәжірибе білімімізді аманаттап қалдырып отыруға; біздің жаратушы иеміздің Өзі-ұлы күшті, бір тәңірімізді ақылмен танып, әрекетке, амалға, намазға айналдыра білген құлшылық сәждеміздің нәтижесі де болмақ. Енді Адам атамыз жер бетінде адамзат тіршілігінің басы болып және жер бетіндегі өмір сүру, тіршілік етуден ешқандай тәжірибесі болмағандықтан құдайдан үнемі тікелей үйреніп сұрап отыру қажет болғаны да сөзсіз. Сонымен діннің ілім тұрғысында яғни сөз жүзіндегі ақыл тұрғысында көрінісін, кітабын Адам атамыз алғашқы болып алып, мұны тәжірибе жүзінде ақылға, білімге яғни белгілі шартты дінге айналдырып ұрпақтарға аманаттап отырғаны да хақ. Олай болса замандар өткен сайын бұл білім жеткіліксіз және оған қарсы білімдердің ібіліс тарапынан пайда болуына байланысты ілім жүзінде үнемі құдайдан уахимен ел ішінен елшілерді, даналарды, пайғамбарларды шығарумен жетілдіріп отырғаны да сөзсіз. Білімнің де адамға тікелей берілген көрсетілген аяндар жүзінде және теріс ойдың ібілістің ықпалымен тіршілік нәпсілік қажеттілікті өтеу барысында пайда болатынын, ал мұның пайда-зиянын анықтап отыруға үнемі ақылды толықтырып отырмаса, бағы замандағы адамзатқа пайда берген білімнің керісінше зияндылығы да артып мұның соңына түскен жағдайда адамзаттың азғындыққа түсуі де, тарихаттан қалған оқиғалар айқын дәлелді де болмақ. Сонымен тек Адам атамыз ғана білімді алудан бас тартып, себебі жаратылыс киелерінің де қарсылықтары болған- қара күштердің ол замандарда Адам атамызға тигізетін зияндылығы да аз болғаны сөзсіз. Ал қалған ұрпақтардың мұндай қарсылық тұрғысындағы қара күштердің өндірушісі де болып шайтан жамағатына айналып азғындыққа түсуіне, ібілістің азғыруына ерушілердің де артуына байланысты, діннің де сан алуан тұрғыда ілімінің артып отыруына да себепші болғаны сөзсіз. Сонымен бұл қарама-қарсылықтың соңғы нүктесін дін ілімнің оқылуының, оның кітап болып түсуінің соңғы нәтижесі болып Мұхаммед пайғамбарымыздың ислам дінін толық негіздеп, намаздарының орындау үлгісінің негізін қалап кетуі болмақ. Бірақ бұл енді дін білімнің адамзатқа оқылмай осымен тұрақтады десек, онда ібілістік білімнің де — қарсылықтың да тоқтауы керек. Ондай болу да мүмкін емес. Жаратылыс, қозғалыс заңына да қайшы. Сондықтан құранның біздерге аталарымызға түсініксіз құпия сырларының және оның көмес-физикалық, ғайып-метафизикалық ілімдерін сөз жүзінде құдайдың Өзі яғни киелігін, даналығын меңгерген сүйікті құлдары арқылы оқылуын ой тұрғысында жалғастыра бермек. Ой қуатын заманға қарай меңгеру арқылы біз ақылымызды толықтыра отыра және бұрынғы заман ойшылдарынан, даналардан, елшілерден, пайғамбарлардан үлгісін алып, ғибраттанып табыну, сүйіспеншілік арқылы біз жер бетіндегі тіршілікті онан ары қарай дамытып отыруға тиістіміз. Осы тұрғыда өмірде өзіміздің атақ-даңқымызды, ақылды сөзімізді, шаруашылық өмір сүрудегі білімімізді кейінгі ұрпақтарға мирас қылып қалдыру арқылы біз өзіміздің мәңгілік өмір сүруге жер бетінде белгі қалдырамыз. Осы тұрғыда; Омар сахаба былай дейді: «Дүние даңқы малмен, ақирет даңқы ізгі амалмен шығады». «Адамдармен жақсы мәміле жасай алу — ақылдың жартысы, жақсы сұрақ қоя білу — білімнің жартысы, істі жақсы басқара білу — тіршілік етудің жартысы».
Иманым шарықтап отырған кезім еді,
Періштелер маған тылсыммен белгі берді,
Ойымды жинап дағы үлгермедім,
Бабамның кесенесіне алып келді,