Байтасов Т.К. жеке блогы

«Тіл дұрыс болмаса жүрек түзелмейді. Ал жүрек дұрыс болмаса-иман дұрыс болмайды.» (хадистен)

«Жебірейіл періште Мұхаммед  пайғамбарымызбен сұқбаттасып отырған еді. Бір кезде көктен бір періште түсті. Жебірейіл бұл періштенің дүниеге алғашқы түскенін айты. Періште; Әй Мұхаммед! Мені саған Раббың жіберді. Ол сенен «Патша пайғамбар болғанды қалайсың ба, әлде құл пайғамбар болғанды ма?,-деп сұрап жатыр,-деді.

Пайғамбарымыз;Жәбірейілге қарады, Жәбірейіл: Ей Алланың Елшісі! Раббыңа өте сыпайы бол!,-деді. Сонда Рассулла; «Құл пайғамбар болғанды қалаймын» дей отырып, ерекше сыпайылығын танытты. Оның осы таңдауынан кейін құлдық адам баласы қол жеткізетін ең шарапатты мақам дәреже болды. Сондай-ақ пайғамбарымыз өзіне шектен тыс тағзым қылған кісілерге;

     «Құдайсыз қурай сынбайды» деген даналар. «Жаралыс басы қозғалыс, қозғалысқа керек қол қабыс» деген Шәкәрім әулие атамыз. Энштейн ғұлама; «Күнә жоқ, оның барлығы Құдайдың жоқтығы, Құдай болған жерде күнә да болмайды. Сол сияқты қараңғылық та жоқ, оның барлығы жарықтың жоқтығынан, суықтық та жоқ , оның болуы жылудың жоқтығынан.» деген екен. Ал жаратылыстың түп негізі Алла қандай жағдайда да бар және мәңгі. Алланың барлық қуаттардың егесі- тәңірі болып және жаратылыстағы; жамандық та, жақсылық та, жанды, жансыз барлық жаратылыс та тәңірлік сипаты, қуатымен басқарылып түрленетін және мұның бәрі де тұтастай бірлікте Алланың тәндері болып, барлық әлемді Алланың денесімен баурап тұрғанын білсек онда барлық нәрселерде белгілі бір Алланың мөрі бар екенін де аңғара аламыз

«Мұхаммед ғылым берілгендер, Құранның Раббыңнан бір хақиқат екендігін біліп, оған сеніп және оған жүректері берілуі үшін. Күдіксіз Алла иман келтіргендерді әлбетте тура жолға салады.( (22-54) Бұл аятпен  Алланың өзі ғана тура жолға салушы екендігін, яғни Алламен байланысқа түсуші, хабар алушы және оның ашық белгісі түрінде ғылым берілу керек екен. Сонда ғана иманның толысуы мен жүректердің көзі ашылып хақиқатты көруімен белгілі болмақ. Ал онда ғылым берілгендер қандай хақиқатқа бөлену керек?

Адамзатқа жер ортақ, күн, ай аспан денелері де ортақ. Барлық адамзаттың тегі Адам мен Хау анамыздан ғана таралады деген діншілер тарапынан шыққан сөз емес, мұның нақты дәлелі барына осы біздің қоршаған ақпараттық әлемнің ортақ әсерімен заман өткен сайын барлық әлем халқы бірі-бірін жақын туыстай тани бастауы да дәлел болмақ. Сонымен бірге қандайда бағзы замандағы ертегіге айналған әңгімелердің, аңыздардың бүгінгі күні ғылымдық тұрғыда шынға айналуынан да, біздерге құпия беймәлім көп нәрсенің әлі де зерттеліп адамзаттың өзара тұтастығымен ақпараттарды өңдеуде, қабылдауда әлдемді уақиғаларға да себепші адамдық жан өнімінен пайда болатыны да болашақта дәлелденетіні де хақ. Мұндай кез келген адам баласына таңсық емес сөздерден бастап отырғаным да біздердің қазақ халқының осындай адамзаттың шығу даму үдерісінің ең басында тұрып, барлық адамзаттың дінін, рухын, жанын бірлікте ұстауға болатын әлемдік тұрғыда ең құнды белгі ақпараттарды, қазына деректерді сақтаушы ел екенемізге жүздеген нақты дәлелдер келтірмек ойым бар.