Байтасов Т.К. жеке блогы

Рахметің қалқам, қабылды болсын!

Байыңның да ақындығы болсын!

Басыңа жаулық киесі қонсын!

Етектен қазық үйлерің толсын!

Байыңа бойдан жарығы болсын!

Абай атамыздың 38-ші қара сөзі біздер үшін теориялық философия тұрғысында баяндалғандықтан, мұның логикалық білім және ақыл тұрғысында пайымдаулары жалпы ислам әлеміндегі сопылардың, әулиелердің еңбегінде кездескенмен, бүгінгі масһаб және діншілер қауымымен, дін ғалымдарымен ақыл, білім тұрғысында құпталмайды. Себебі бұл ұғымдар құранда жоқ және арап тілінде сөз байлығында да кездеспейді деп түсіндіреді. Бұл логикалық сезімдік, қаракеттік ақыл тұрғысында тез қабылданып, құдықта отырған құрбақа әлемді қалай тар екенін құдықтың шеңберімен анықтаса, біздің білімді қауымдардың да осындай исламдық ұжымдық ақылға негізделіп, ел билеушілері де осындай топтың өкілдері болғандықтан кез келген қазақ баласы бұл философиялық құндылықтарды ақылмен, жүрегімен қабылдай алмайды.  

       

(Абай ата философиясынан)

Иман деген бір ғана иланудан, нанудан тұрмайды. Иман келтірдім деген иланып нандым, сендім деген ұғымды береді. Ал иландың делік, онан саған не пайда түсті? Тек өзің үшін ғана иман келтіріп, иланып сенгенмен құр сенім қуаты күйінде қалса, оны пайдаланып, пайда таба алмасаң (ақылыңа қуат алмасаң) ол иман болмайды. Иланып сеніп, оны пайдаға асырып пайда алсаң (ақылға қуат, бойға шабыт, білімге дерек) ғана ол кәміл иман деп аталады. Ол үшін де иманды (қуатын, тылсым кітабын) тауып оны пайдаға жарата білу керек. Иманды меңгермек үшін де Алла тағаланың 8 сипатын; 1. Аят-Өмір тіршілік; 2. Ғылым; 3.Құдірет; 4. Көруші (түсіну, білу, қабылдау)5. Естуші; 6. Тілек қалаушы; 7. Сөйлеуші; 8. Тудыру, бар қылу сипаттарын ұғынып, пайымдап өзіңді соған ұқсап бағу (табыну) құлшылығын меңгеру керек. Алла тағалаға ұқсап бағу бірдей болуды емес, ұқсаудың жолында болмақпен ерекшеленеді. Алла тағаланың барлығы біздің бойымызда (сыртқы аура өрісі) осы сегіз сипатының белгісі болуында тұр.

Біздің негізгі тақырыбымыз құлшылық ұғымының біздің дін амалдарымыз, күнделікті тіршілігіміз адамдық тұрғыдағы рухани байлығымыз, өзімізді тану жолында ізденісіміздің негізі намаз оқып, бес парыз орындап, қажылыққа барып Құдайдың ең сүйіктісі боласың деген жалған ұғымның ақылға қақпан болған осындай білімдердің қайсысы дұрыс, қай істер мен амалдарды алдымен орындау керек деген сияқты сауалдарға біліммен, ақыл-оймен тану арқылы жауап табу болмақ. Ол үшін де жаратылыс туралы білім мен ілімді салыстыра отыра, ортасын — ақылдық қуатын алып, білімнің таза ой қуатын, үнін табумен ғана және ақыл-ойымыздың дәрежесін арттырумен  ата-бабамыздан мирас қалдырған рухани құндылықтардың ақ-қарасын ажыратып бағалай алатын қасиеттік сапаға ие боламыз.

Себебін таппай үлкендер,

Ақылсыз болған тар заман.

Құр білімге жүгініп,

Құдайсыз, дінсіз азды адам.

Ардан сұрау болмаған,

Дүние байлық ойлаған,

Ессіздік, мастық жаулаған.

Серіксіз жаратылыс жоқ. Иман — серік адамзатқа. Өзіне иманды қосу амалының қандайы да болса Құдайға қарсылық жала болмайды. Алланың үкімдерінің, аяттарының, хикметтерінің ортағы жоқ. Адамзаттың бүгінгі білімді заманда Әлемді тағы да бір екінші Алла қосылып жаратты деп немесе көп құдай бар деп серік қосуы мүлде мүмкін емес.  Себебі пайғамбарымыз; «Алланың атымен айтылғаныңнан басқа аттың бәрі-көп құдайға табынушылық» (627-хадис) деген өсиетімен  көп құдайға табыну үшін ислам дінінен шығып, құранды тастап қойғанда ғана мүмкін екенін ескертіпті. Ал олай болса, қандайда бір құлшылық ісінде мейлі тауға, тасқа, ағашқа тағзым жасап тәу етпес бұрын құран оқып, Алланы мадақтағаннан кейін, киелі орындарға құрметпен сәлем беруді ағашты, тау-тасты, әулие мазарын екінші  Құдай қылып алды деп халықты қарайлай үрейлендіріп қорқыту тажалдық болмақ.