Раббымыздың ескертуімен қазақ елінің жарты жылдық сын сағатының жағдайын алдын ала хабарлап отырғанымыз көптеген оқырманға да таныс болар. Өткен қыркүйек айы жалпы қоңыр салқын шаруаға да жайлы болып, бірақ халықтың жер мәселесінде қарсылық білдіруі болады деп ескерткенді. Бұл жағдайдың уақытша шектеу қойылуымен, бірақ әлі халықтың, дінннің жағдайына қарай шешілмегені де белгілі. Олай болса ел билігі Раббымыздың ескертуіне қарсылығын жалғастырумен сынақтардыңда артуына себеп болып жатқаны сөзсіз. Енді осы айға тоқталсақ;
Байтасов Т.К. жеке блогы
Қазақ елі көгілдір терезе арқылы Астана қаласының күнінде халық қыдыратын ең басты көшелерді жаңбырдан соң топан су басқанына куә болды. Бірақ бұл жаңбырдың қазақ халқы тек қана осы көшелердің ауданына жауғанын білмейтіні сөзсіз. Бұл хикметты тек қана Құдай патшалғынан хабардар, аруақтарған бата алып, тылсым құпия
Адамзат әлемнің көшірмесі, және әлемдік уақыттың негізі болып саналады. Себебі барлық әлемнің нәрселерін адамзаттың пайдасына ғана жаратып, ал оның тағдыры уақыт болып табылады. Сондықтан адамзаттың тағдыры, уақыты аруақ болып, аруақтық қуаттан замандық уақиғалармен табиғатыңда жағдайы туындайды. Бүгінгі таңдағы заманың уақиғалары өткен шақпен, бүгінгі адамзаттың іс әрекеттерінің қилысунан пайда болған қуаттық жүйеге жаратушы тарапынан жауап берумен пайда болады.
Жалпы жер әлемінде қияметтік мезгілдің жүріп жатқаны әрбір есті пендеге күнделікті болып жатқан тосын оқиғалар мен түрлі азап, аурулардың да артып келе жатқанымен де белгілі екені сөзсіз. Әрине мұндай жағдайда қарсылық түнек күштерінің де ықпалы мен білім тұрғысында жасап жатқан, көрсететін кереметтері де артып, халықты құтқарушы болып іс басында отырған ібілістің ұрпақтарының да ойластырып жатқан түрлі шешімдері, заңдары, қарарлары да халықты рухани ұйқысынан оянбауына, ақ пен қараның арасын таба алмай, тіптен өзінің не үшін жаратылғанын да білмеуге мәжбүрлеп жатқаны да жалған емес.
Әрбір пенденің бұндай заманда қоғамға тарихи оқиғаларға баға беріп, өзінің өмірдегі орнын, не үшін, кім үшін өмір сүріп, болашағына керекті қандай рухани дүние байлығын жинап, обал сауабын ажырата білу үшін де өзінің ішкі дүниесін жан, рұқ, иман, сенім қуаттарының жаратылысын (атрибуттарын) түсініп, денсаулығының, ақылының, естілігінің қандай жағдайда жоғалып, қандай жағдайда адамдығы жоғалмай өсіп өркендейтінін де білім тұрғысында меңгеру де шартты. Ол үшін де ата-бабаларымыздың біздерге мирас болған естілік жадына, мирас көместік тұрғыдағы кітаптарына жанымызға ұйқы кезінде аян, уахи болып берілетін құпия білімдерін меңгерудің жолын, амалын, намаздарын да түсініп меңгеруді ақылдылық, ғылымды болу деп атаймыз.
Сонымен 3-4 жылдан бері әрбір жарты жылдық сын сағатының белгілерін жариялаумен келеміз, бірақ оған ел билеушілердің тарапынан ашық қарсылықпен қалайда халықты мұндай құдайдың ескертуін елемеуге, заңға бағынып ел билеушілердің бәрінен де дүние байлығымен құтқара алатындарына сендірумен келеді. Және көптеген келеңсіз жағдайларды ақпараттық жүйелерде жарияланбауына, халыққа таралмауына да кедергі қойғандары да сөзсіз. Сондықтан ата жол сайтына кіріп оқып таныспағандар үшін; 2016 жылғы алғашқы жарты жылдықта қазақ елінде болатын рухани сынақтарды қайталай кетейік:
Айта-айта алтайды, әжеміз сонан қартайды деген төркінін, туған жерін сағынған әжеміздің мұңын түсінген ұрпақтары. Біздің де ата жолында аз да болса ата-баба дәстүрін, тақуалық тазалығын сақтауға тырысып, сонан болар, әйтеуір тылсымнан келіп жатқан хабарлардың көп жағдайда өз басымызда жан ұяларымызда және жұртқа жеткізген ескертулердің де нақты орындалып жатқанына да дәлелдер жеткілікті де бар. Сондықтан біздер айтудан жалықпаймыз; әлде де айта береміз, ел басшылар мен бұқара халық тарапынан тыңдар құлақ аз болса да.
«Құранның мүлде шын екенгі айқындалғанға дейін әлемдегі және өздеріндегі белгілерімізді жедел көрсетеміз. Расында Раббыңның әр нәрсеге куә екендігі саған жеткілікті емес пе?» (41-53) Құран әрбір пенденің жүрегінде кітап (нейрон) түрінде болса, жартылыстық барлық жанды жансыз нәрселерінде Алланың рұқы, аят үкімдері яғни тағдыры барын білген жөн. Сонымен биыл қазақ елі қияметтік сағаттың 4-ші жылына аяқ бастық. Әрбір жарты жыл сайын ел билеуші мен жалпы қазақ қоғамының құдайдың ашық ескерту белгіліріне аян, уахи , түрлі азап, ажалдармен, сынақтармен сыналып және табиғатпен жаратылыстағы ерекше құбылыстармен жауап беріп жатқанымен ел билеуші зиялы, білімді қауым өкілдері ашық қарсылық білдіріп құдаймен білім таластырып әлемдік «Армеддегондық» , арсыздық салты дәріптеуден қайтар ойлары жоқ. Қазақ дәстүрін ұстануды алға қойдық дегендері екі жүзділік тұрғысында, сөз және әр түрлі шоу, ойын-сауық қойлымдар түрінде ғана болғандықтан еліміздіегі қияметтік жағдайдың айдан-айға ауырлап келе жатқанын, және оның бір жағы экономикалық дағдарысқа ұласып жатқанын білген жөн.
«Хақиқат келді сөзсіз негізсіз нәрселер жойылады» деген Раббымыз құранда. Шындықпен шынның арасында хақиқат тұратынын, ал хақиқаттың шындықты айыру мақсатында Алла тағала тарапынан түсетін ерекше хикметті білімі, белгілері хабарлары екенін, «ата жолы және аққу сұңқарлар» атты тақырыппен баяндап жатырмыз. Әлемдік тұрғыда; Аруақ Алланың жаратып, бейнелеген шындығы, ғылымы болып, ал оның кітапқа, тағдырға айналған бейнелері, адамзаттың өнімі- ғұмыр кітаптары, қол-бала періште, қанаттары, жанның көлігі болып саналды. Қазақтың ұғымында ғана жан ғылымының сырлары нақылдармен, насихатармен сақталғанда; Алланың хақтығы, растығы дәстүрімен бекіп, намаздық амалға айналған тура жолдың ірге тасын дін ғалымдары, діншілер, білімді қауым өкілдері ел билеушілерді айдап салып, халықтың санасынан өшіріп, қызылбастық елдің орта топтық дін салтын енгізіп, ақылдарымызды қазыққа байлап, енді тек заңмен ғана жүріп, ойлану еркін, жігерін жоғалтқан мәңгүт елге жаппай айналып алғанымызды несіне жасырамыз?
Қыркүйек айының қандай уақиғалармен өткені, хикметті себебі белгісіз сынақтардың да қазақ елінде көптеген белгілері түскеніне халық куә болып отырғаны да сөзсіз. Масһаб діншілері, дін ғалымдары Құдай пенделеріне уахи бермейді, көріпкелдік деген «серік қосу», себебі Раббымыз қалаған құлына өзінің жіберетін азаптарын, сыйларын көрсетпейді деп халықты пайғамбарлардың, әулиелердің тірі және олардың аруақтары-ғұмыр кітаптары, Алламыздың үкімін орындаушы құдіретті қолынан екенін де мойындамауға шақырып, ата жолын қудалап, соттап, әлі күнге дейін халықты азғыруын тоқтатпай жатқаны да таңсық емес.
«Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Ағарған таңға, (1) Құрбан айының алғашқы он кешіне. (2) Әр жұп пен таққа. (3)..Сондай олар, мемлекеттерде шектен шыққан еді. (11) Сонда олар, ол жерде бұзақылықты көбейткен еді.(12) Сондықтан Раббың оларға азап қамшысын жаудырды.» (89-13) Бұл аят бойынша әрбір жылда құрбан айында шектен шыққан елдерге құдайдың сынағы түсіп және бұл сынақтар қай күні жұп немесе тақ болса, бір жыл бойы сол күндердің қауіптілігі де артады. Жалпы исламның шектен шығуына, адасуына Мекке қаласында жүк көтергіш кранның мешітке құлап жүзден астам қажылыққа барған адамдардың ажалымен үлкен белгі түсті де.