Ата жолын меңгеруге жалғанудың негізгі шарты; алдымен күнәдан ақталу, өлімді еске алумен, ақиреттік мәңгілік өмірге, 7 ата –бабаларымыздың жадына, естілігіне, аруақтық тағдырларына өзіміздің жинаған тағдырымызды яғни екі қол істерімізден өсірген әруақтық көлеңкемізді жалғаумен байланысты болады. Алайда мұндай намаз орындаулардың құранда Раббымыздан белгі аяты болуы шарт. Егер ондай белгі болмаса, белгілі бір аяттың үкіміне сүйенбегенде, онда ол дінде жаңалық енгізу, дінді терістеумен байланысты болуы керек. Ал егер мұндай аяттардың болуымен, оған ғылымдық дерексіз қарсы шыққанда, онда Аллаға ортақ қосып зұлымдыққа түсу, ібілістің жобасынан болып саналады. Олай болса, серік қосу амалына да еніп, дерексіз, дәйексіз Алладан басқаға, қара түнек қарсылықтарына жалбарыну деп аталуы керек.

«Рұм жеңілді (2) Ең жақын жерде олар жеңілгенен кейін жеңіске ие болады (3) Бірнеше жылдың ішінде. Іс бұрында кейінде Алланың еркінде. Сол күні мүміндер қош болады.(4) Алланың жәрдемімен. Ол, кімді қалса, жәрдем етеді. Ол аса үстем, ерекше мейрімді.» (30-5) Рұм-ризықтану деген ұғымды беріп, қазақта; «Ұлыңды ұрымға, қызыңды қырымға қондыр» дегенді. Ұрымды болу ерік, күш, қайраттылықты адамзаттың сегіз жындық қуатын меңгерумен байланысты қазақта; «Сегіз қырлы бір сырлы болу» деп астарлаған. Рұм сүресінің 60-аяттан тұруында да сандық ғылымдық мән бар. Пайғамбарымыздың бірінші дәрежелі 60-бұтақты иман негізін меңгеру, осы қуаттық жүйемен, шариғатты толық меңгерумен байланысты болмақ. Ер азаматқа рұмдылықты, яғни шариғатын толық меңгеру үшін 5-рет сегіз жындық қуатпен жалғану керек. Мұны ақылдың рухани күші деп аталады. «Бес қуаттың бәрі де өнерге салар бар күшін» деген Абай атамыз.

   Ата жолы жазбаларының қазақтың Адам атамыздан бері тектік, нәсілдік, ұлттық тұрғыда қалыптасуымен байланысты ділдік, қандық тектік тұрғыдағы сөздің қасиет, құдіретін, қуатын, құнарын меңгерумен байланысты; дін, саулық, серт, сауаптылықты меңгеру құлшылығын баяндайды. Біздердің мейлі қандайда бір дінді меңгеруміздің шамасы; Саулық- денсаулығымызбен көрніс береді. Ал енді, (ден-діл) денсаулық тән саулықпен емес, негізінде ақыл естілікпен, заманға сай надандықсыз өмір сүре білумен көрніс беруі керек. Сондықтан дені-ділі саудың жаны сау, ақ жаулықтық қуатқа жалғанумен ата –баба аманаты сертіне, уәдесіне жалғанған аманатты ақтаған болады.

    Адамзат әлемнің барлық жанды жаратылыстарының ең жоғарғы дәрежедегі бейнеленетін қуаттар жүйесінің көшірмесі, әрі барлық қозғалыстардың ақылмен басқарылатын бірлігінің орны болып табылады. Алланың өзі сипатының ешқандай қарсылығы жоқ және 3 түрлі дәрежесі болып және барлық қарсылық қуаттарының 4-ші тұрғыда  бір тұтас тәңірлік жүйемен басқарылумен; «Алладан басқа тәңір жоқ» деп атаймыз. Және жер әлемнің 6 күнде жаратылуымен байланысты, әрбір жанды жаратылыс нәрселерінің 5 қуаттық жүйеден тұруымен 6-шы тұрғыда Алла болып, аятта; «Үш кісі сыбырласса; сөз жоқ, төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла. Тағы бұлардан аз, я көп тіпті қайда болса да әрине Ол, олармен бірге болады…»(58-7) Олай болса, Алланың тәңірлік сипаты жұптық тұрғыда «БІР» болып, сондықтан аятта; «Алла деңдер Рахман деңдер бәрібір..» деп ескерткен. Және «Ол» сипаты жұптық тұрғыда; 2;4;6;8;10.. т.б. барлық жаратылыспен бірге өмір сүреді де адамзат үшін; «Мен-Маған» құлшылық қылыңдар деп ескерткен Раббымыз.

    «Не іздейсің, көңілім, не іздейсің? Босқа әуре қылмай, шыныңды айт. Шарқ ұрып, тыныштық бермейсің, Сырласарлық, бермен қайт. Абиыр, атақ сол жанда-Кімді көп жұрт мақтаса. Ол мақтаудан не пайда, Көп мақтауын таппаса? Көп Тәңірі атқан мақтай ма, Ол Тәңірі атқан болмаса? Жоқты-барды шатпай ма, Көптің өзі оңбаса?…Жұрттың бәрі сөз сатқан, Сатып алып не керек? Екі сөзді Тәңір атқан-Шыр айналған дөңгелек..Мен ақылдың құлы емес, Шын ақылға зорлық жоқ. Антұрған көп пұл емес, Өлім барда қорлық жоқ. Өмір, дүние дегенің Ағып жатқан су екен. Жақсы-жаман көргенің Ойлай берсең у екен.» (Абай ата)  Өзінің көңілімен-ұжданымен сырласа алатын, «төртеуі түгел»; «Екі сөзді Тәңір атқан-Шыр айналған дөңгелек.. тағдырлық «Шар»-ды, яғни шеңбер-күн, чакраның ортасында қосу белгісімен тоғыз «кісілігін» төбеден алған, төрелігі жетілген үлкендер, ел билеуші, зиялы қауым, дін ғалымдары бар ма қазақта?

 «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ болу керек; Әуелі-надандық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі-залымдық деп білесің. Надандық-білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік-бәрі осыдан шығады. Залымдық-адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады. Бұлардың емі  халқына махаббат, ғалам халқына шапағаты, қайратты, тұрлаулығы, әділет ісінің алды –артын байқарлық білімі, ғылымы болсын…Ол білім, ғылымы құдайға бағынумен, ерумен, құлшылығымен болсын. Ғылым әуелі ғалами (әлемдік жаратылыстық) ғылымға ерумен бағыныштылықта болсын. Яғни құдай тағала бұл ғаламды жаратты ерінбеді, келісімменен, хикметпенен кемелділікті бір жолға салып жасады, сіздердің ісіңізде жақсылыққа негізделіп және оған арқа сүйерлік шеберлікпен болсын. (Абай ата өсиетінен)

Қазіргі таңда қазақ елінің сырттан қарағанда мемлекет заңына бағынған, көп ұлттардың басын біріктіріп ұстап отырған, әлемге татулықтық, бірліктің үлгісін көрсетіп отырған ел болып саналамыз. Сондықтанда шаруашылғы, өндірсі дамып жетілген елдердің өзі қазақ мемлекетінен үлгі алуға достық қатынаста болуға құштарлық тантуларында да осындай адамдық  тартылыс заңдылығы бар. Бірақ өзімізге әлем жұртының емес ата –баларымыздың ақыл-ойлық дәрежесімен қарап, сынайтын болсақ; яғни рухани жағдайымызды іштен, төменен қарап бақылағанда,іштей іріп, заңмен бекітілген шегелердің шіріп, ашық теңізде ескексіз, желкенсіз басқарусыз келе жатқан, түбінде желдің айдауымен бір тасқа соғылып быт-шыт болып қирайтын кеме сияқтымыз.

Жаратушымыздың адамзатқа түсірген барлық кітаптары негізінде пайда болған діндердің негізгі мақсаты; адамзаттың бақытты өмір сүріп, жер бетінің барлық тіршілік әрекетінде Алла тағалалық (Аллалық әлемді тұтас баураушы емес) яғни жаратылыс әлемнің ішкі сыры, зайыры болған (метафизикалық қарсылықсыз қуаттар жүйесі) өзіндік сипатына ұқсас халифалық, басқарушылық қадірін, рахметін меңгерумен, яғни құдіретті қолының қызметшісіне, сүйікті құлына, белгілі бір дәрежелі қанатты періштесіне айналумен нәтижеленеді.

   Жаратушымыз әлемді шындықпен яғни даналықпен, ақылдың жоғарғы дәрежесімен, сөздің қуаты, білімнің үні- ғылым арқылы жаратқанын құранда, киелі кітаптарда ескертеді. Ал дін ғалымдары; «дінді ақылдан жоғары», деп мұндай аяттарға қарсылық жасап Аллаға да ортақ қосады. Қандай да дін құлшылығы, адамзаттың мәдениет өркениеті  ақылдың қуатын біліммен, намаздық, тіршіліктік амалдармен өсіріп, байытып өркендетуге ғана бағыталған жағдайда, адамзат бақытты өмір сүруге мүмкіндік алады.

   «Дін –үгіт әрі насихат» деп түсіндіреді барлық киелі кітаптарда. Үгіт дегеніміз жамандықтан тиым салып, жақсылықтың, адамдықтың жолын көрсетумен баяндалатын өсиеттерімен, көркем сөз ақылдың үлгісі екені белгілі. Ал енді насихаттың ұғымын аятта; «Олар сөзді (құранды, дінді)зертемей ме? Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нәрселер келді ме? (68). Немесе «Онда бір жындылық бар бар» дей ме? Олай емес. Оларға шындықты әкелді де көбі шындықты жақтырмайды. (70) Егер шындық олардың көңілдері тартқан жаққа кетсе, әрине көктер мен жер және онда болған әркім бұзылып кетер еді. Олай емес. Оларға үгіт келтірдік. Сонда олар насихаттарынан жалтарады.» (23-71)