Жеті кітап жазылды аруақтар үніменен,
Алматы қаласында бес ата қолдауымен.
Ата жолы аруақтық ар білімі -ақ бастауы,
Ақ ұлға таныстырып ұлықсат берген.
Жеті кітап жазылды аруақтар үніменен,
Алматы қаласында бес ата қолдауымен.
Ата жолы аруақтық ар білімі -ақ бастауы,
Ақ ұлға таныстырып ұлықсат берген.
Үш ағашқа ат байлау еркектіктен,
Тектілігін меңгермек ата тектен.
Заманның өнер, білім, қозғалысы,
Қасиет жан көбейтер бес қуатпен.
Қияметпен өркендеу бірге жүрген,
Адамзаттың бұл сыны кезеңімен.
Тоғыз жолдың торабын тоғыстырған,
Қазақтың еншісіне тиген кезең.
Ақ пен қара тіршілікте қатар жүрген,
Жақсы жаман өмірмен бірге келген.
Сыналмасаң мініңді көре алмассың,
Бұл бір діннің шарты ескермеген.
Ата жолы дәстүрмен салтың білген,
Әр заманның салты бар ес меңгерген.
Қазаққа түскен діннің белгілерін,
Әдет пен ғұрпың бар киеменен.
Дәлелі құранмен сүнетте көрсетпеген,
Мал табарлық саясатпен үкімдеген.
Қазақтың дін ғалымы, білімдісі,
Ата жолын соттатып дінсіз деген.
Топ құрған партиямен білімді елдің,
Арсыздығын әдеп деп түсінгенің.
Жынды мас жапарқұлсың алтын артқан,
Ақыл қылған әрбір топтың өз білгенін.
Ата жолы — бақ жолы елге келген,
Ақ ұлмен мұғжизасы жүрекке енген.
Тылсымнан перде артынан аруақ сөйлеп,
Қазақ түгіл, барша ұлтқа кеңес берген.