Бисимиллә деп әр істі
Бастасам Құдай жөн көрер,
Аятын оқып Құранның,
Құлшылық ісі амалың
Бисимиллә деп әр істі
Бастасам Құдай жөн көрер,
Аятын оқып Құранның,
Құлшылық ісі амалың
Көктегі Тәңір,
Жүргізген әмір.
Алланың өзі,
Құдіреті көзі,
Заманы исламның өркендеген,
Патша екен дін заңын жете білген.
Түс көрген Раббысынан, аян алып,
Жолға шық хикметімді келсе көргің.
Дін ислам тек араптан басталмаған,
Қандай дін батаменен ақталмаған.
Бір оқиғадан ғибратын баяндасам,
Әулиесіз дұғасы қабыл бола алмаған.
Құл екен мүмін болып кітап көрген,
Азығын адал еңбек кәсіп қылып,
Дүниесін тіршіліктің жинай білген,
Болыпты бір тұяғы соңынан ерген.
Қазақта мақал қалған даналардан,
Үш байлық ер адамға пана болған.
Ақ жаулық ортасы бұл үш байлықтың,
Қазына нағашыдан текті болған,
Құранда аяты бар жаратқаның,
«Білмесеңдер білгенен сұра» деген,
Кітабын, хикметімнен аян көрген.
Бұл аятты надан дінші бұрып алып,
Таңдадым арман қылған мамандықты,
Болсам деп елдің қорған азаматы.
Талай жыл қиын-қыстау сынақтармен,
Бола алдым отаныма мен бір сақшы.
Намаз, деген, сөзді атаған тек дінің ісі,
Атау сөзді егеленген тек дінші кісі.
Намаз, деген бұйырғаны жаратқаның,
Заманың талабына қыл деп жұмысты.
Ел тағдыры елімнің болашағы,
Ауыртады жүректі қинап жанды.
Жындылығы жастықтың сөзі емес,
Ауырмаса жүрегің, көзің көрмес.