Қазіргі заман бұл қай заман,
Қуаты адамзаттың қашқан заман.
Белсіз еркектен мезі болып,
Шалда да болады ма деген заман.
Қазіргі заман бұл қай заман,
Қуаты адамзаттың қашқан заман.
Белсіз еркектен мезі болып,
Шалда да болады ма деген заман.
Қызға қиын мойындауы сүйгенін,
Білдіре алмай іштей жанып күйгенін.
Ым-ды білмес, Дымды білмес ерлер көп,
Түсінбейтін қыздың адал ниетін.
Жанарымен түсіндіріп сүйгенін,
Қыздар жүр жасырумен кеудесін.
Оңашада еске алды алқынып,
Қайталаумен сүйгенінің есімін.
Ақ боз аты ағытылмай белдеуден,
Кісінеген үні шығып кеудеден.
Жүрек соғып, тамырлар дызылдайды,
Көңіл талып, көз қарауытып үздіккен.
Ғашық болса қыз шоқ қой қыздыратын,
Қыздырмаса неге қойған қыз деп атын.
Қыздарға ғашық болу жарасатын,
Сүйсе ерін болады онда жақсы қатын.
Сүйсе жарың, сенде сүй оны деген,
Абай атаң біздерге үгіт берген.
Ғашық болған нәзіктерді қадірлеп,
Сүйіктісі оған адалдықпен қолын берген.
Бұрында бұл салтты ұстап бекем,
Астыртын жеңгелерден береді екен.
Ғашық қыз кестелеп бейне салып,
Қыз көңілін жігіт осылай білген екен.
*** ****
Нан қымбат, сән қымбат,
Қағаз қымбат, оқу қымбат,
Атақ қымбат, тақ та қымбат,
Көлік қымбат, киім қымбат.
Мінез қылық адамзат еркі екен,
Жұбы бар бұл сырдың бейнеленген.
Шеріктер деп аталып дін білімде,
Жер мен көк арасын мекен еткен.
Жалғыздықпен өтіп жатқан талай ғұмыр,
Тау, тас та мұжылып, тозады және темір.
Жеке өмір ошақсыз жанған от сияқты,
Қалатын шала жанған оттан көмір.
Дүние желден жүйрік, судан терең,
Жан жұсап тәнді, ар іздеген.
Әр пендеде әр түрлі күнкөріс бар
Бір әке, бір шешеден туғанменен.
Қар жауып қаңтар келді сықырлаған,
Қаңтарда жорықтарға шыққан еді бабам.
Ақша қар, қас сұлудай көңіл тербеп,
Сұлуға қандай ақын сөз арнамаған?
Жылан да жылжып өтіпті.
Кісінеп жылқы жетіпті.
Сықырлап аяз, қар қаңтар боп,
Қозғалысқа қолқабыс келіпті.
Ерте тұрған еркектің ырысы артық,
Қатыны болса пысық, ұйқысы ашық.
Ерін де арсыздықтан сақтар тартып
Ерте тұрған қатынның бір ісі артық.
Жинауды неге білім жек көрелік,
Білім — байлық, ақылмен ес білерлік.
Кемесін Нұхтың мініп оймен шарлап,
Бұл теңізден несібе жеп көрелік.