Сөз өлшемін ұғарға,
Жете керек ұланға.
Жол ашатын санаға,
Иманан қуат аларға.
Сөз өлшемін ұғарға,
Жете керек ұланға.
Жол ашатын санаға,
Иманан қуат аларға.
Кейбіреу безді дейді елден мені,
Есалаң атайды екен сезіп нені.
Хақиқатты танитын баста ми жоқ,
Ондайлардың сау емес анық дені.
(Шәкәрім әулие)
**** ****
Сөз ұғымын зерттеумен болар зерек,
Ақылға қуат болар бұл бір тірек.
Көріп, естіп, сезінуді зейін демек,
Есті ақылға зейінмен демеу бермек.
Жанынан бақша қуат гүл өсірген,
Нәзіктерді гүл иісіне теңейді екен.
Басынан жаннаттан иісі шығып,
Ақ жаулықтың қуаты өмір берген.
Адамзаттың істері тәңірдің көз алдында,
«Біздерсіз» тірлігі адамның оңалды ма?
Алланың құдіретті нұры Раббың болған,
Алла жар деп айтамыз; мал, жаныңа.
Сап, сап көңілім жоқты іздеме,
Жалғанның қызығына көзді сүзбе.
Талаптың тұлпарына мініп көзде.
Көңілім арман жүйрік сенен озар,
Арманды тапсаң көңіл бағың болар.
Жер ана даналықтан жаратқанды,
Даналықта баста парасат қуат барды.
Парасатты жер анадан бөліп алып,
Күн мен жұлдыз болып біз аталды.
Еркек- рұқ, әйел- жан жаратылған,
Бес қуат жанға шипа азық болған.
Атаның шақуатының көп қой мәні,
Дене –киім, терің-әке ризық алған.
Құдайым жарылқасын бұлағыңды,
Некемен сүйіп қосқан қосағыңды.
Ақ жаулық, кең пішілген жеңді болып,
Күн көрмеген ақ білек жан жарыңды.
Сүюге де қыз жігітке ақыл керек,
Ұлтының дәстүрінен білсе дерек.
Арсыз қыз бен опасыз ер ғашық болып,
Көп ұзамай ажырасқан кімге керек?