Сөздің көркі мақалды,
Ғылымнан хабар астарлы.
Би, шешендер меңгерген,
Даналық деп аталды.
Сөздің көркі мақалды,
Ғылымнан хабар астарлы.
Би, шешендер меңгерген,
Даналық деп аталды.
Жылдың бар төрт мезгілі,
Жаратқан уақыт үлгіні.
Өлімнен бастап жаралып,
Көктейтін мезгіл көктемі.
Мақтанамын қазақпын шатанамын,
Шақырып әлемді төріне Астанамның.
Әлемнің бар салтына еліктеумен,
Мен қазақпын бүгінде заң жазамын.
Ақылдан киім киетін,
Ойымен әрлеп денесін.
Әулиелер өткен өмірден,
Алланың құлы сүйетін.
Өлең едім, көркем сөз- өнер деген,
Сөзін қазақ үнімен кемелдеген.
Абайдай әулиелердің үні болып,
Анасынан дәретсіз емізбеген.
Аңыздың бір сипаты шындық деген,
Құранда аңыз, түсірілген шындықпен.
Талай аңыз бүгінде шынға айналып,
Адамзатқа білім-ғылым өнер берген.
Армандап өткен талайдың,
Құлшылығын арнайтын.
Үмметінен Мұхаммед,
Тура жолға жалғайтын.
Патшалығын Құдайдың,
Ақыл –ойы сарайдың,
Қайрымды қала тұрғызар,
Болатын ұлты құдайдың.
Ойын керек жастарға,
Мал қуатын баққанға.
Жан күйеді өсе алмай.
Айналса ойын мақтанға.
Үлкенге ойын жаққан ба?
Алты ауызын қосқанға.
Есі шығып қуанбақ,
Жындылықты баққанға.
Уақыттың барлық тұрағы,
Тоғысы заман болады.
Дәуір боп тарих жазылған,
Тоғыз жолдың болып торабы.
Уақыттың барлық тұрағы,
Тоғысы заман болады.
Дәуір боп тарих жазылған,
Тоғыз жолдың болып торабы.