Жақында ел басшымыздың жолдауының маңыздылығын ғылым, білім жолына баса маңыз беріп, имандылық тұрғысында да көптеген ізгі шаралардың да қамтылғаны әрине бұған тек ризашылықтан басқа айтар сөз жоқ. Тек халықты бұл іске бастайтын ел басшыларымызға құдай иман, қажыр, жігерлік берсін демекпіз. Енді ел басшымыздың бұл ұранды тұрақтату жолында «Қазақстан» ұғымының орнына «Қазақ елі» деген атаумен аталу туралы көтерген бастамасын енді қызу талқылап та; оны халықтың еркіне бердік шешімін айтуды деген ықылас болғанмен, түбінде пәлен пайыз халық келісімін берді деп бер жағында отырғандар ата жолын, ата дәстүрін ел басының қолымен соттатып құдайға қарсы қоя білгенде бұл жұмыс олар үшін түкке де тұрмайды.