Бүгінгі күнгі бұл дұғаларым,
Үлкендерге өмірді сұрағаным.
Дәстүрін тастап, тегі азған,
Үлкендерге берме деп жазаларын.
Бүгінгі күнгі бұл дұғаларым,
Үлкендерге өмірді сұрағаным.
Дәстүрін тастап, тегі азған,
Үлкендерге берме деп жазаларын.
Пайғамбарымыздың; «Әрбір жүз жылда сөз атаулары мен ұғымдары өзгеріске ұшырап отырады» деген әулиелігі де дінде жиі қолданылатын «Тажалдар» деген сөздің сыры да осы өсиетке байланысты екенін біле бермейміз. Қазіргі таңда жалпы әлем бойынша «экстремизм» атты білімнің пайда болуымен, онымен күресу жолын таба алмай заң жүзінде қудалаудың арты «терроризмге», бүлікшілдікке және ең бейбіт дін исламның әлемге жек көрінішті қауіпті ағымдарға бөлшектенуіне әкеп де осы сөз ұғымдардың зерттелмеуі мен әлем философия мектебінің рухани дағдарысқа ұшырауынан болды десек қате емес.
Қатынды бастан баланы жастан деген,
Даналық қазағымда дәстүр білген.
Қатынның басын қисық қабырға деп,
Пайғамбар сындырып алма оны деген.
Қазақтың ар білімі дәстүрі еді,
Арлы қыз сезімді еркін меңгереді.
Жаны да бойымен бірге өскеннен,
Жанымен жүрек бірге жүрмек енді.
Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4
Тарихтың кім кетпеген тақымында,
Жоғалтқан аруақтан алмай ақылын да.
Аңызға айналдырып көп жағдайды,
Іздесең Кенен басын, онда тыңда.
Сыйлаймыз анамызды көзі тірісінде,
Балалық парыз бен махаббат жемісі де.
Арғы дүниеге аттандырып сағынамыз,
Қарыздан құтылмаққа түрлі сөз арнағанбыз.
Ертеде бір ғұлама өмір сүрген,
Әйелімен бақытты болған екен.
Бүр күні жолдасымен бәстеседі,
Тексеруге әйелін кекшіл ме екен.
Алла жаратып нұрлы буын,
Таза ақыл жақсылықпен рухтың тегін.
Иесін бұл сипатын құдай деген,
Алланың өзі болған сөз білімін.
Махаббатпен жаратылған еді Адам,
Жаннатынан жарығынан үлес болған.
Алла тегіс баураған сендерді деп,
Аятың оқып көрсең сен Құраннан.
Қой дейтін қожа текті еді,
Әй дейтін әжелер ақыл кені еді.
Әйел десем әжеме тиеді деп,
Әйелдің түрі барын меңзегені.