Қиямет мезгілінде әлемде апат болған,
Бұл заманға кезек келді сынақ болған.
Қазақ елі әлемде алғашқы боп,
Құдайдан үкім келіп, қадам басқан.
Қиямет мезгілінде әлемде апат болған,
Бұл заманға кезек келді сынақ болған.
Қазақ елі әлемде алғашқы боп,
Құдайдан үкім келіп, қадам басқан.
Кереметін құдайдың қарасаңшы,
Девальвация сынағын кімге салды.
Көппен бірге көрген ұлы той деп,
Тойы барлар осылай сөз айтады.
Адамзат бәрінен артық жаратылған,
Ақылмен ойлап сөзді түсіне алған.
Ішіп, жем, сауық құрған ойсыз пенде,
Айырмасы бар ма ақылды хайуанннан?
Сынаған сені құдай ғой,
Ақылмен ойла деген ғой.
Надандық бұл емес пе,
Әлемдік болған егес те,
Білімді дейміз керемет,
Ақтарса кітап көп дерек.
Білімді жұрт еліктеп,
Дүниенің ісін меңгерсек.
Ұжмақ деген ақылдан қашық емес,
Өлгеннен кейін ғана кірген емес.
Ұжмақты адамзатқа сыйлар Құдай,
Ақ жүрек құлына еткен адал еңбек.
Құдай бар, қара қазағым,
Партияны қылған мазағын.
Құдайсыз болды жөндемек,
Ұлтының рухын санасын.
Талай сөз даналардан нақыл болған,
Құраннан аят, хадис дін ісінен үлгі алған.
Дәстүрінен ата жолдың өсиетінен,
Талай кітап жазылды бар ма оқыған?
Өңім бе әлде түсім бе екен,
Әлде құдайдан хикмет түскен.
Ел басшы жинап алып ел билікті,
Ата жолын соттаған заң күшін жоймақ екен.
Алланың бізге мәлім үш сипаты,
Ғылыммен бұл сипаттарды жаратыпты.
Барлығы, растығы мен жалғыздығы,
Адамзатқа құлшылыққа арналыпты.