Құрбан айт қабыл болсын Дінмұсылман!

Сәлем деген асыл сөзді амал қылған.

Сапта тұрып тілек тілеп жаратқаннан,

Қол жайған жамағат боп оқып құран!

Қан шығарып арамнан тазарудан,

Жалғауға атаң Ыбырайым жолы болған.

Ысқақтай баласын құрбанға арнап,

Иерусалим кентіндегі тасқа апарған

Сынынан уахименен құдай берген,

Өткесін қошқарды сый көктен алған.

Ысқақтай пайғамбардан манның тегі,

Маңғыстау әке-анасымен жатқан жері.

Қазақтың  әлім-сақтан  дәстүр болған

Құрбан шалу  исламнан бұрын діні болған,

Раббының көркем есімдерін ұлықтаған

Ежелден пайғамбарлар отаны боп

Аруағын ешқашанда ұмытпаған!

    (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Сонымен біздер қаракеттік ақылдың кәсіптік бағытта өсіп-өнгенмен оның талапсыз, мақсатсыз қаракеттік ақыл мен  сезімдік ақылдың өз бетімен дамып жетілуіне және қарсылық қара қуаттар мен күштер арқылы өзара бірігуіне байланысты тек дүние тіршілігімен, жануарлы мақсатта ішіп жеумен ғана тәннің қамымен,  дүниенің қызықтарымен айналысып кететін ессіздіктің, жындылықтың пайда болуына соқтыратыны да сөзсіз.  Мұндай жағдайда  жаратылыстан жанымызбен бірге аманат болып берілген тегімізбен және анамыздың қанымен берілген нағашы тегінен белгімізді яғни екі түрлі жиілік ырғақтағы ақылдық қуаттарды аралық біріктіруші ағашымыздың сапасын жындық қуатымызды жетілдіре отыра, оны тазартып кісілікті меңгеруміз, қанымыздың тазалығына байланысты  теріміздің кеңдігімен, бой жарығымызға байланысты жүректің айнасы болатын; ұжданымыздың да жетілуіне себепші болатыны да сөзсіз.

                    (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Абай атамыздың философиялық ойшылдығын жүйелі түрде меңгеру үшін бұл жазбадағы талқыланған тақырыптарды, сөздерді қайтадан ой елегінен өткізіп, ақылдық қуатымызға айналдырып, көңілімізге тоқып отырғанымыз да жөн болар.  Сонымен адамзаттың иманды тауып, махаббатпен құлшылық қылуға ниетілігінің Алласын танудың сырын 38-ші қара сөзімен баяндап өтіп, осы ниеттіліктің негізінен 4 ақылды түгелдеумен байланысты болатынын және ақылдың да өсіп жетілуі жандық қуаттармен тікелей қатыстылығын  алдыңғы тарауларда баян қылдық.

(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Алдыңғы бөлімде адам жанының екі сипатты жағдаймен жетілетіні, бірі жаратылыстан туа бітті қасиеттермен, сезімдік қуаттармен байланысты өсіп-өнуге, адам болып қалыптасуға ықпал етсе, екінші сипатын жандағы бізге берілген қабілет талап бойынша өсіріп өндіріп көбейте аламыз екен. Және жанның негізгі үш қуатпен байланысты сезімдік, қаракеттік ақылдың қуаттарын жетілдірумен біз осы дүниенің барлық тіршілігін меңгеріп, өсіп-өніп көбейе алғанмен, талаптылықты меңгермесек жануарлық, хайуандық болмыстан аса да алмаймыз. Біздің адамдық, адамгершілік құндылығымызды жетілдіру үшін де талапты болуды, яғни 44-ші пайғамбарлық қасиеттілікті меңгеруді жер бетін кезіп жаратылыстың барлық себеп пен себепшілеріне жалғанумен байланысты Абай атамыздың ойшылдығына жүгінсек; Сапарлы болу дейді;

Алдыңғы бөлімде қазақ елінің ақпараттық тұрғыда рухани абақтыға айналғанын жазған едік. Бұған тек ел билеушілер ғана кінәлі десек, онда Құдайға да, дінге де қарсылық болып шығады. Ұлттың белгілі бір мемлекеттік дін ұстану тұрғысында рухани еркіндігі өзгелерден айырмашылығы да болу шартты. Мұны сендерге өздеріңнің тілдеріңнің ерекшелігіне қарай пайғамбарлар жібердім. Өздеріңнің араларыңнан елшілер тағайындап жол-жобаларыңды түсірдім, қарама қайшылықта жақсылыққа жарысыңдар деген.  Демек біздің тіліміздің ерекшелігі бойынша пайғамбарлық қасиеттерді меңгеруге арналған рухани философиялық даналықтың  шығармашылықтың, сөздердің, нақылдардың өз жүйесі болуы да шарт. Сонымен бірге  әділдікті қалыптастыруға, рухани еркіндікті сақтауға да дін-дәстүріміздің, әдет-ғұрыптардың сақталуымен байланысты да болуы керек.

Сайт бетінде Ержан хазірет мырзаны ант беруге ата жолы мен масһаб ұстанымының арасындағы дауға нүкте қоюға шақырып, бірақ биік тақта отырғандардан жауап болған жоқ еді. Есесіне казах ру сайтында Ханафит деген атпен бір дін қандасымыз өзін масһабшы дін зертеушісі ретінде көрсетіп, масһаб ұсатнымының тура жол екендігіне ата жолдық дін дәстүрінің адасушылар, серік қосушылар ретінде түсінетіндіктеріне егер бұл істерін жалғандығы болса, онда  құдайдың лағнеті болсын, деп менімен яғни бұқара қауымның атынан ата жолдың жақтаушысы ретінде  антасқан болатын. Сонымен мен бұл ант туралы сайт бетінде де хабарын таратып нәтижесін күту ғана қалғаны сөзсіз еді. Кеше менің бір шәкіртерім арқылы аян беріліп, менің қарсы алдыма масһабшаларды қойып, ортаға жас қыз баланың  көктен ақ шұлғымен ақ жейдесін тастапты. Сонымен бұл аяның менің тарапынан болған  шалалық іс екенін кез келген мұндай салмағы жоқ жас баламен және өз қандас бауырларыммен антасудың түкке керегі жоқ, деген және бұл араға періштелердің де араласып мұны Құдайдың өзі шешеді деген белгі еді. Және масһабшылардың бәрі бірдей аруақтарына қарсы емес серік қосу деп те паймадмайды, өздері дәстүрдің  ісін ордамағанмен де. Осы тұрғыда мен Раббымыздан жалпы ата жолдық баурластармен қазақ дәстүріне жан ашушы мен жақтастар атынан кешірім сұрап, дұға тілеп, енді мұндай майда іспен айналыспауға уәде беремін. Және бұндай жағдайда екі жақта дін істерінің басшысы немесе дін басының өзі болуы керек еді. Осындай бір атаның қазақтың ұрпақтарын жастары өз ара арандатып біздерді, үлкендерді баламызбен жасты жастарға теріс дұға беруге мәжбүрлеп жатқан ел билеуші мен зиялы қауымныңда есеп беретін күні де туар. Біздердің тарпымыздан артық кеткендік болса сіздерде кешіріңіздер! Және қандай да бір -бірмізді арандатудан, ашық мазақ қылудан аулақ болып, сабырмен мұның да артын күтейін ағайындар, туысқандар. Дауласақ та жауласапайық.!

          

(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Алдыңғы тарауда пайғамбарлық қасиеттің ақылдылықты меңгеріп халықты жақсылыққа иманға шақыруға байланысты молдалықтың сипаты «уағызшы-ілімділікті»  талдау жасап, енді мұның нәтижесі 44-ші пайғамбарлық қасиет болған «Сапарлас болу» яғни адамзат арқылы жер ана рухына, жаратылысқа жалғану болу керек. Бірақ біздерге ол үшін де кімді, неге жалғану ішкі дүниеміздегі ақылдық қуатымыздан, жанымыздың сипатынан да, қандай нәрсенің ақпараттардың пайда, зиянынан да хабардар болу керек екен. Сонымен әуелі 43-ші пайғамбарлық қасиеттің белгісі болған «40-өнердің иесі» болудың сырын Абай атамыздың насихатынан баяндап көрейік.

«Өз күшіне сенбеген халық та, адам да ешқашан өмір бәйгесін ала алмайды.» «Өзің түйеден өткен жетекшіл болсаң, саған ақыл не керек?!» деген халық даналығында. Пайғамбарымыз; «Қиямет күні 30 түрлі тажалдар шығады» деген екен. Жалпы тажалдық дегеннің өзі әрбір заманға қарай, білім мен ілімінің жетістігіне қарай ойлау қасиетінің әлсіреп, орына тек осындай ілімді, білімдік ақпараттарды адамзаттың ақылға айналдырып алуымен, ал білімнің таразысы болатын ақыл өркениетінің дамымауынан халықтың санасы жабылып, жетесі жоғалып түсіну қабілеті жоғалғанда түйе сияқты жетекшіл, заңға, білімге ғана негізделген ақпараттарға жаппай тәуелділікте өмір сүре бастайды. Мұндай халықтың өзіндік ұлттық, отандық әдет-ғұрып, салт-дәстүр болып қалыптасқан рухани күштеріне сүйене алмауынан ел билеуші, ақыл беруші қауымның ой жорудың жетегіне еріп естіліктің маңызы үлгісінің қажеті болмай,тұтынуға, дүниеге ғана негізделген хайуандық, ұжымдық ақыл дәрежедегі басқару үлгісі қалыптасады.

Ақжолтай
bajtasov@mail.ru
28-08-14 13:24   Әулиелер, пайғамбарлар, елшілер Алламен арада делдал бола алмай ма?

ортаңғы жолдағы Ханафит   Өліп кетсең де бола алмайды!
20-09-14 18:04

Ақжолтай
bajtasov@mail.ru
20-09-14 13:38    Құдайдың құлымын, еркек атым бар десең масһаб білімі ақиқатын хабар береді десең, осы сөзіңе ант бер! ҚҰДАЙ МЕНІҢ ОСЫ СӨЗІМ ӨТІРІК БОЛСА ТЕЗІРЕК МАҒАН ЛАҒНЕТІҢДІ БЕР ДЕП ТІЛЕ. Сосын әулиелер арада делдал болмаса, Құдай мені ат деп менде ант берейін. Ал баста!

ортаңғы жолдағы Ханафит
20-09-14 18:04 Алла Тағалам! Сенің ешқандай ДЕЛДАЛға, мейлі ол Әулие болсын, мейлі ол Пайғамбар болсын, мейлі ол Елші болсын, мұқтаж емес екеніңді білемін. Ешкімнің арада ДЕЛДАЛ бола алмайтынын білемін. Өйткені, Сен бәрін Білушісің, бәрін Көрушісің, бәрін Естушісің, Құдіретің ТІКЕЛЕЙ беруге және ТІКЕЛЕЙ қабылдауға жетеді. Алла Тағалам, осы сөзім өтірік болса тезірек маған ЛАҒНЕТІҢДІ бере гөр! Аумин!

Ақжолтай
bajtasov@mail.ru
21-09-14 04:04

О Алла! Өзіңнің ұлықтығыңды білдіру үшін Алла тағала сипатыңды; заман қозғалыс, уақыттың бәрін сыйдырған біздей ақылы қысқа пенделеріңе ақылмен қабылдансын деп 8 түр ұлықтық сипатыңды жаратып, бұл сипаттарыңды «БІР» атауды бұйырып «Бар» екеніңді әшкере жариялау үшін екі аралық 99 көркем есімдеріңді ойыншық үшін жаратты деп ойламаймыз, масһабшы бауырларша. Бұған қарсы 99+2-101 күнәнің ісін де жеңіп, меңгерсін деген өзіңнің елші делдалың Мұхаммед пайғамбарымыздың артынан сапқа тұрған әскері болған 103 әулие, 33 сахбалардың өзіңінің 10 сипатты шапағатыңның мирасқорлары екеніне ақылмен, біліммен иман келтіреміз. Сонымен бірге біздің бұл түсінігімізге байланысты ата-бабаларымыз табынған сияқты Һұд сүресі 109-аятпен амал қылған біздердің ісімізді, сөзімізді жалған деп санаған масһабшы бауырларымызбен, дін қандастарымызбен араға үкіміңді бере көр! Біз қателессек қандайда лағнетіңе лайықпыз, ажалды да қуана қарсы алуға дайынбыз! О құдіретті, әділдікті меңгеруші Раббым, бұл анттарымызды тезірек амалмен өзің хақиқатыңмен шынға шығара көр!Аумин!

                   (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Сонымен пайғамбарлық қасиеттің бірі «Аян алу» яғни құдайдың хикметті белгілері, аяттарына жалғанудың Алла тағаланың «Бір» және растығының дәлелі болып, Бұл нұрды Алланың құлына берген сыйы және ол барлық жаралыстың да себебімен жалғанып тұрғанын да білген жөн. Сондықтан ақылдылық, жоғарғы дәрежедегі зеректік, сезімталдық, аңғарымпаздықты осы парасаттылық қуаттарынан нәр алып біз ақылымызды жетілдіре аламыз.