(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

    Қазіргі таңда қазақ философиялық мектебінің рухани жетілмеуінен әлемдік дәрежедегі барлық киелі  кітаптардың бұлжымас заңдылығы сандық ғылым туралы сөз қозғаудың өзі артық. Менің өз басым масһаб дін зерттеушілерінен қазақ даналығының нақылдарының да құпия сыры, ішкі ой қуаты сандық ғылыммен негізделіп құран аяттары және пайғамбар сүннеттері мен Ясауи бабамыздың сани-ақыл дәптерінен бастау алатынынан насихат айтамын деп, олардың мазақтауымен надандық пәтуаларына ғана куә болғанмын. Пайғамбарымыз;  «Ізгі адамның жақсы түсі пайғамбарлықтың қырық алтыдан бір бөлігі» (2081-өсиет) деген астарлы өсиетімен ақыл-парасаттылықтың өлшемін және сандық ғылымның да бір сырын көрсетіп кеткен екен.

                  

  (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

«…Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті…» деген Абай атамыздың ойшылдығымен Ол Алланың бізге көрсеткен махаббатын ақылмен  танымақтың өзі ақылсыз, білімсіз қиын екені даусыз. Сондықтан  махаббатың мәнісінен, жан ғылымынан айырылған әлемде діннің бүлікшілдікке, азғындыққа соқтыруына себеп болып, әлем халқының махаббатын іздеп таба алмай жатқаны да сөзсіз. Қазақ елі де масһаб білімінің соңына түсумен өз дін дәстүрінен, шежіре даналығынан айырылып мұндай зұлымдықтан шет қалған да жоқпыз. Ал енді жаратушы иеміздің бізге берген махаббатын білу үшін;  «Пенделерде болатын қуат; Құдірет, Ғылым ақылдан бөлек тұрады. Ал Алла тағаладан болатын Құдірет-Ғылым және рахметі болмақ. …»

  (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы, философиялық ойшылдығы)

…..Әрбір амалды қылсаңыз ізгілік үшін жасаңыз. Сондықтан ізгілік болсын деп мақсат қойып ниет етесіз. Ниет амалдың парызына есеп болмақ. Пайғамбарымыздың өсиеті бойынша амалдың нәтижесі ниетке байланысты деген. Сонымен ниет етіңіз; дәрет алмаққа, намаз оқымаққа, ораза тұтпаққа, бұл намаздарды ниетіңізді дәлелдеу үшін қылып, бірақ жүрекпен қабылданбайтын болса ғибадатыңыз дұрыс бола ма? Сіздің ішкі дүниеңіздің таза болуы әуелі иман болып, бұл сыртқа біліну үшін (бой жарығына айналу үшін) сыртыңызды тазалауға жасаған ғибадатыңыз иманды болған соң ғана парыз болған. (Егер сіздің ішкі тазалығыңыз дұрыс болмай иман жарығыңыз сыртқа шықпаған болса, онда бұл ғибадаттың түкке де пайдасы болмас еді) Сіздің ниеттеніп жасаған ғибадат намазыңыз ішкі дүниеңіздің иманның көлеңкесі, бейнесі болып және сол иманды нұрландырып, көрік беру үшін жасалады деп бұйырған, парыз қылған. (Олай болса құр тілмен иман келтірдім деп иманды ізгілік, игілікті  амалмен жинамай ішіңізді жарық қылмай мұндай ғибадатпен тура жолда жүрміз дегеннің өзі надандық болып табылады.) Сол үшін де ғұламалар иман екеу емес біреу, бірақ (иманды келтіру үшін жанды) ізгілікті тағат, құлшылықпен нұрландырады. Мұндай құлшылық болмаса иман күңгірттенеді. Бәлки иманның сөну де қаупі бар деген. Егер надандар мұндай ғибадаттың ізгілікті құлшылықтарын, ішкі сырын (иман жинау, үш сүюді) ескермей қылса,  құлшылығын қылып жүріп (өзінің ғана қажеті үшін намазын оқып, ораза тұтып жүріп-ақ) иманы сөнер деген.

       Ата жол жазбаларында Ғиса пайғамбардың крестке тартылып өлмегенін, оның жұбы болып Исаның екеу болып, Ал Ғиса деген атпен белгілі болған Иисустың зираты қазақ жерінде жатқанын және Мариям анамыздың Сайрамда жерленгенін, сонымен бірге көптеген жағалы бабалар туралы деректер мен олардың басындағы мұрағаттардың барын 10 жылдай қанша жазып таратқанмен ел билігі де, зиялы қауым өкілдері де керісінше масһабтың шариғаттық ұстанымын құдайдың ісінен, аяндарынан, белгілерінен де жоғары қойып алып ақылдарын қазыққа байлап қойғаны да даусыз.  Ясауи бабамыздың сопылық мағрипаттың тұрғысында жетілген  дінді, дәстүрді сырттай мойындап, ал ішкі сырын Абай-Шәкәрім даналықтарына, ойшылдығына қарсылығын тоқтатудың орнына, керісінше маһабшыларға ашық қолдау беріп ақпараттық жүйеде насихаттауларын да үдете түскені сөзсіз.

  (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы, философиялық ойшылдығы)

    Адамға  халінше адамгершіл болмақ-қарыз іс. Бірақ өзгелердің адамгершілігіне сүйеніп алу (пайда іздеу) дұрыс емес. Молдалар тұра тұрсын, әсіресе бұл заманың ишандарына (қожаларға) бек сақ болыңдар. Олар-бүлікшіл ғалым. Бұлардан зияннан басқа ешнәрсе шықпайды. Өздері үкім, шариғатты таза білмейді, көбі надан болады. Оған қарамай өзін-өзі дін жолын жетік білуші деп және біреулерді де түземек болып әрекет қылады. Бұл олардың сыбағасы емес, бұлардың жеткізбек болған үлгілері адам аздырушылық, дінге де зиян келтірушілер болмақ. Бұлардың сүйгені-надандар, сөйлегені-жалған, дәлелдері тасбиғы мен шалмалары, онан басқа ешнәрсе жоқ.

(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы, философиялық ойшылдығы)

Сонымен шынайы ғылым әр ұлттың өзіне тән нақылдары мен онан туындайтын ғұрыппен, дәстүрмен және осы дәстүрлі дінін дәлелдеген даналарының философиялық ойшылдығынан белгілі болмақ екен. Олай болса әлемдік дәрежеде мұндай ғылымның негізі де философия іліммімен сөз тазалығын қалыптастырушы  ойшылдықпен өлшену керек. Құранның өзі философияның адамзат ойшылдығының жоғарғы межесі және логикалық білімнің де тұғыры, себебі ашық аяттар мен сыры жабық аяттардан тұрады. Енді Абай атамызды әрі қарай тыңдасақ; Дүниеде шынайы ғылым бар, олар айтылған, жазылған нақылдар деп түсіндіріледі. Бұндай нақылға жүйріктер ғалым аталады. Құдай тағала еш нәрсені себепсіз жаратпаған мұны зерделеп, зерттеп ұлы жаратушы туралы түсініктерге негізделген хадистерге, жақсы істерге құштар болып ғибраттанушыларды тыюға болмайды. Бәлкім игілік ісінің себебін білмекке құмарлықтан жақсы іске, жақсылық жасауға ғашықтықтық шығады. Құдай тағаланың затына пендесінің ақылы жетпесе де дәл сондай ғашықпын демектің өзі орынсыз.