(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы, философиялық ойшылдығы)

    Сонымен жоғарыдағы насихат бойынша құдай тағала; Ғылымды; Рахымды, Әділетті, Құдіретті еді. Ал адам баласы; Ғылым, Рахым, Әділетпен 3 сипатпен игілікті меңгеріп, ізгілікті іс қылуға талап қылсаң, онда  мұсылман болдың. Және толық адамгершілік, адамдық болмысыңның да бар болғаны. Енді осындай игіліктің 3 сипаттарымен бірге жүретін; Шындық, шыншылдық; Ақ пейілділік, жомарттық; Ақылдылық деген үш қасиетпен шын әділет болып жомарттықтың шапағаты пайда болар. Ал ақыл, ақылдылық бұл ғылымның бар екеніне дәлел дүр. (Олай болса; әділеттіліктің де сипаты 3 қасиеттен туындап сонда ғана жүректің жомарттығы деген сырдың пайда болатын, ал ақылдың өзі 6 сандық белгімен ғылымның да қағба кірпіші болып алты қабырғасы болуы да сөзсіз). Бұлар әр адамның бойында Алла тағаладан тағдырынан шамасына қарай бар қылып жаратылған. Бірақ оны таратып, гүлдендіріп өсірмек, әр адам баласы өз әлінше кәмелетке жеткізбек мақсаты, талап та болу керек. (Періштелерден де жоғары тұрған Адамдық болмыстың адамзаттың бойындағы құдайлық сипаттың белгісі де, жеке діні де осыдан пайда болмақ.)  Бұлар адам баласы таза ниетті іздегенде  берілетін нәрселер, болмаса жоқ.

Кемеші болған еді жиһан кезген,

Үлкен бір шаһарға келіп кірген.

Сапарлас болуға ниет қылған,

Ғалымды мінгізгенді дін меңгерген.

Сөз жазумен, дін білімін ғылым көрмек,

Шырын сөзбен сұқбаттасу болып ермек

Кемешіні айыптады  білімсіз деп.

Кім тең келіп кемеңгерге жауап бермек.

            Алла тағаланың ұлық сипаттарын біз қасиет қылып меңгеріп жалғану арқылы шектеулі де шектеусізге қарай жылдан жылға,  ғасырдан ғасырға қарай үнемі даму үстінде адамдық тұрғыда жетіліп келеміз. Абай атамызды әрі қарай тыңдасақ;  «… Осыған қарай біз әлемді қандай хикметпен жаратып, қандай құдіретпен сипаттарын бір-бірінен артық, кем, нашар өлшемді қылмай жаратқанына ақылымыз жете алмайды..» Олай болса біздерге белгілі болған 99 көркем есімдерінде және сегіз сипатында біз жеке-жеке өлшем бере алмаймыз. Сондықтан да қандай жағдайда кеңістікте, заттық жағдайда да Алла тағаланың құдіретті сипаттары «Бір» жене «Бар» деп ұғыну керек; «Енді біздердің ақылымыз — үкім беруші, ал қайрат, қуатымыз-қызмет қылушы болмақ.

Сан ғылымы болмаса әлемде де, жаратылыста да ешқандай тәртіп болмас еді. Құранның құдіреттілігі де өзгеріссіз сақталуы да, әрбір аяттың, сүренің өз орны, мәні болып оның ешқандай да әрекетпен өзгерте алмауында.  Философияда, сөз ғылымында дене, орын, мекен деген ұғымдар тек санмен ғана анықталады, жүйеге айналады. Уақыт сандық ақылмен ғана тәртіпті қозғалады.  Сандық ғылым болмаса қозғалыс жоқ, тіршілік те жоқ. Сәни дәптер де сан ғылымымен, белгілі хикметтердің орны сандық мәнімен, құран аяттарымен, ақыл-ой қуаттарының  сәйкестігімен түркі әлемін ақыл, дін тұрғысында әлемде жоғары жетістікке жетуіне себепші болды.

Рахметің қалқам, қабылды болсын!

Байыңның да ақындығы болсын!

Басыңа жаулық киесі қонсын!

Етектен қазық үйлерің толсын!

Байыңа бойдан жарығы болсын!