(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Алдыңғы бөлімде адам жанының екі сипатты жағдаймен жетілетіні, бірі жаратылыстан туа бітті қасиеттермен, сезімдік қуаттармен байланысты өсіп-өнуге, адам болып қалыптасуға ықпал етсе, екінші сипатын жандағы бізге берілген қабілет талап бойынша өсіріп өндіріп көбейте аламыз екен. Және жанның негізгі үш қуатпен байланысты сезімдік, қаракеттік ақылдың қуаттарын жетілдірумен біз осы дүниенің барлық тіршілігін меңгеріп, өсіп-өніп көбейе алғанмен, талаптылықты меңгермесек жануарлық, хайуандық болмыстан аса да алмаймыз. Біздің адамдық, адамгершілік құндылығымызды жетілдіру үшін де талапты болуды, яғни 44-ші пайғамбарлық қасиеттілікті меңгеруді жер бетін кезіп жаратылыстың барлық себеп пен себепшілеріне жалғанумен байланысты Абай атамыздың ойшылдығына жүгінсек; Сапарлы болу дейді;

          

(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Алдыңғы тарауда пайғамбарлық қасиеттің ақылдылықты меңгеріп халықты жақсылыққа иманға шақыруға байланысты молдалықтың сипаты «уағызшы-ілімділікті»  талдау жасап, енді мұның нәтижесі 44-ші пайғамбарлық қасиет болған «Сапарлас болу» яғни адамзат арқылы жер ана рухына, жаратылысқа жалғану болу керек. Бірақ біздерге ол үшін де кімді, неге жалғану ішкі дүниеміздегі ақылдық қуатымыздан, жанымыздың сипатынан да, қандай нәрсенің ақпараттардың пайда, зиянынан да хабардар болу керек екен. Сонымен әуелі 43-ші пайғамбарлық қасиеттің белгісі болған «40-өнердің иесі» болудың сырын Абай атамыздың насихатынан баяндап көрейік.

                   (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Сонымен пайғамбарлық қасиеттің бірі «Аян алу» яғни құдайдың хикметті белгілері, аяттарына жалғанудың Алла тағаланың «Бір» және растығының дәлелі болып, Бұл нұрды Алланың құлына берген сыйы және ол барлық жаралыстың да себебімен жалғанып тұрғанын да білген жөн. Сондықтан ақылдылық, жоғарғы дәрежедегі зеректік, сезімталдық, аңғарымпаздықты осы парасаттылық қуаттарынан нәр алып біз ақылымызды жетілдіре аламыз.

  (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

    Қазіргі таңда қазақ философиялық мектебінің рухани жетілмеуінен әлемдік дәрежедегі барлық киелі  кітаптардың бұлжымас заңдылығы сандық ғылым туралы сөз қозғаудың өзі артық. Менің өз басым масһаб дін зерттеушілерінен қазақ даналығының нақылдарының да құпия сыры, ішкі ой қуаты сандық ғылыммен негізделіп құран аяттары және пайғамбар сүннеттері мен Ясауи бабамыздың сани-ақыл дәптерінен бастау алатынынан насихат айтамын деп, олардың мазақтауымен надандық пәтуаларына ғана куә болғанмын. Пайғамбарымыз;  «Ізгі адамның жақсы түсі пайғамбарлықтың қырық алтыдан бір бөлігі» (2081-өсиет) деген астарлы өсиетімен ақыл-парасаттылықтың өлшемін және сандық ғылымның да бір сырын көрсетіп кеткен екен.

                  

  (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

«…Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті…» деген Абай атамыздың ойшылдығымен Ол Алланың бізге көрсеткен махаббатын ақылмен  танымақтың өзі ақылсыз, білімсіз қиын екені даусыз. Сондықтан  махаббатың мәнісінен, жан ғылымынан айырылған әлемде діннің бүлікшілдікке, азғындыққа соқтыруына себеп болып, әлем халқының махаббатын іздеп таба алмай жатқаны да сөзсіз. Қазақ елі де масһаб білімінің соңына түсумен өз дін дәстүрінен, шежіре даналығынан айырылып мұндай зұлымдықтан шет қалған да жоқпыз. Ал енді жаратушы иеміздің бізге берген махаббатын білу үшін;  «Пенделерде болатын қуат; Құдірет, Ғылым ақылдан бөлек тұрады. Ал Алла тағаладан болатын Құдірет-Ғылым және рахметі болмақ. …»

  (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы, философиялық ойшылдығы)

…..Әрбір амалды қылсаңыз ізгілік үшін жасаңыз. Сондықтан ізгілік болсын деп мақсат қойып ниет етесіз. Ниет амалдың парызына есеп болмақ. Пайғамбарымыздың өсиеті бойынша амалдың нәтижесі ниетке байланысты деген. Сонымен ниет етіңіз; дәрет алмаққа, намаз оқымаққа, ораза тұтпаққа, бұл намаздарды ниетіңізді дәлелдеу үшін қылып, бірақ жүрекпен қабылданбайтын болса ғибадатыңыз дұрыс бола ма? Сіздің ішкі дүниеңіздің таза болуы әуелі иман болып, бұл сыртқа біліну үшін (бой жарығына айналу үшін) сыртыңызды тазалауға жасаған ғибадатыңыз иманды болған соң ғана парыз болған. (Егер сіздің ішкі тазалығыңыз дұрыс болмай иман жарығыңыз сыртқа шықпаған болса, онда бұл ғибадаттың түкке де пайдасы болмас еді) Сіздің ниеттеніп жасаған ғибадат намазыңыз ішкі дүниеңіздің иманның көлеңкесі, бейнесі болып және сол иманды нұрландырып, көрік беру үшін жасалады деп бұйырған, парыз қылған. (Олай болса құр тілмен иман келтірдім деп иманды ізгілік, игілікті  амалмен жинамай ішіңізді жарық қылмай мұндай ғибадатпен тура жолда жүрміз дегеннің өзі надандық болып табылады.) Сол үшін де ғұламалар иман екеу емес біреу, бірақ (иманды келтіру үшін жанды) ізгілікті тағат, құлшылықпен нұрландырады. Мұндай құлшылық болмаса иман күңгірттенеді. Бәлки иманның сөну де қаупі бар деген. Егер надандар мұндай ғибадаттың ізгілікті құлшылықтарын, ішкі сырын (иман жинау, үш сүюді) ескермей қылса,  құлшылығын қылып жүріп (өзінің ғана қажеті үшін намазын оқып, ораза тұтып жүріп-ақ) иманы сөнер деген.

  (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы, философиялық ойшылдығы)

    Адамға  халінше адамгершіл болмақ-қарыз іс. Бірақ өзгелердің адамгершілігіне сүйеніп алу (пайда іздеу) дұрыс емес. Молдалар тұра тұрсын, әсіресе бұл заманың ишандарына (қожаларға) бек сақ болыңдар. Олар-бүлікшіл ғалым. Бұлардан зияннан басқа ешнәрсе шықпайды. Өздері үкім, шариғатты таза білмейді, көбі надан болады. Оған қарамай өзін-өзі дін жолын жетік білуші деп және біреулерді де түземек болып әрекет қылады. Бұл олардың сыбағасы емес, бұлардың жеткізбек болған үлгілері адам аздырушылық, дінге де зиян келтірушілер болмақ. Бұлардың сүйгені-надандар, сөйлегені-жалған, дәлелдері тасбиғы мен шалмалары, онан басқа ешнәрсе жоқ.

(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы, философиялық ойшылдығы)

Сонымен шынайы ғылым әр ұлттың өзіне тән нақылдары мен онан туындайтын ғұрыппен, дәстүрмен және осы дәстүрлі дінін дәлелдеген даналарының философиялық ойшылдығынан белгілі болмақ екен. Олай болса әлемдік дәрежеде мұндай ғылымның негізі де философия іліммімен сөз тазалығын қалыптастырушы  ойшылдықпен өлшену керек. Құранның өзі философияның адамзат ойшылдығының жоғарғы межесі және логикалық білімнің де тұғыры, себебі ашық аяттар мен сыры жабық аяттардан тұрады. Енді Абай атамызды әрі қарай тыңдасақ; Дүниеде шынайы ғылым бар, олар айтылған, жазылған нақылдар деп түсіндіріледі. Бұндай нақылға жүйріктер ғалым аталады. Құдай тағала еш нәрсені себепсіз жаратпаған мұны зерделеп, зерттеп ұлы жаратушы туралы түсініктерге негізделген хадистерге, жақсы істерге құштар болып ғибраттанушыларды тыюға болмайды. Бәлкім игілік ісінің себебін білмекке құмарлықтан жақсы іске, жақсылық жасауға ғашықтықтық шығады. Құдай тағаланың затына пендесінің ақылы жетпесе де дәл сондай ғашықпын демектің өзі орынсыз.

                

(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы, философиялық ойшылдығы)

    Сонымен жоғарыдағы насихат бойынша құдай тағала; Ғылымды; Рахымды, Әділетті, Құдіретті еді. Ал адам баласы; Ғылым, Рахым, Әділетпен 3 сипатпен игілікті меңгеріп, ізгілікті іс қылуға талап қылсаң, онда  мұсылман болдың. Және толық адамгершілік, адамдық болмысыңның да бар болғаны. Енді осындай игіліктің 3 сипаттарымен бірге жүретін; Шындық, шыншылдық; Ақ пейілділік, жомарттық; Ақылдылық деген үш қасиетпен шын әділет болып жомарттықтың шапағаты пайда болар. Ал ақыл, ақылдылық бұл ғылымның бар екеніне дәлел дүр. (Олай болса; әділеттіліктің де сипаты 3 қасиеттен туындап сонда ғана жүректің жомарттығы деген сырдың пайда болатын, ал ақылдың өзі 6 сандық белгімен ғылымның да қағба кірпіші болып алты қабырғасы болуы да сөзсіз). Бұлар әр адамның бойында Алла тағаладан тағдырынан шамасына қарай бар қылып жаратылған. Бірақ оны таратып, гүлдендіріп өсірмек, әр адам баласы өз әлінше кәмелетке жеткізбек мақсаты, талап та болу керек. (Періштелерден де жоғары тұрған Адамдық болмыстың адамзаттың бойындағы құдайлық сипаттың белгісі де, жеке діні де осыдан пайда болмақ.)  Бұлар адам баласы таза ниетті іздегенде  берілетін нәрселер, болмаса жоқ.

            Алла тағаланың ұлық сипаттарын біз қасиет қылып меңгеріп жалғану арқылы шектеулі де шектеусізге қарай жылдан жылға,  ғасырдан ғасырға қарай үнемі даму үстінде адамдық тұрғыда жетіліп келеміз. Абай атамызды әрі қарай тыңдасақ«… Осыған қарай біз әлемді қандай хикметпен жаратып, қандай құдіретпен сипаттарын бір-бірінен артық, кем, нашар өлшемді қылмай жаратқанына ақылымыз жете алмайды..» Олай болса біздерге белгілі болған 99 көркем есімдерінде және сегіз сипатында біз жеке-жеке өлшем бере алмаймыз. Сондықтан да қандай жағдайда кеңістікте, заттық жағдайда да Алла тағаланың құдіретті сипаттары «Бір» жене «Бар» деп ұғыну керек; «Енді біздердің ақылымыз — үкім беруші, ал қайрат, қуатымыз-қызмет қылушы болмақ.