Елді рухани тұрғыда күйзеліске апарып соқтыруға немесе түрлі жағдайда шаруашылық, білім саласында ақыл-ой қуатының бөлшектеніп халықтың рухани тұрғыда ұйқысынан оянбай мәңгүрттенуіне апарып соқтыратын жалған ақпараттарды таратып мұны өмір сүру қағидасына, әрекетіне, теріс ақылға айналдыруды «экстремизм» деп атайды. Қазақ билігі мұндай әрекетпен күресуге халықтың қазынасынан мол қаражат бөліп, ал діни тұрғыда масһаб білім мен дін ісі агенттігі айналысып жатқанын және ақпараттық тұрғыда кімге шектеу керек, қандай білімді халыққа тарату керек дегенді де шешуге құқылы бүгінгі таңдағы қазақ руханиятының айқын бейнесі деп атауға да болады.

Әрбір өзін ұлтжандымын, арлы, ұждандымын деп есептейтін адам баласы өз ұрпақтарымыздың, балаларымыздың алдында жауапкершіліктеміз деп түсінеміз және ұрпағымыздың қоғамда өз орнын табуын және олардың өмір сүрген  қоғам өмірінің де дұрыс болуын, еліміздің өзге елдер алдында мәртебесі биік рухани жетілген болуын қалаймыз. Сондықтан мұндай жағдайда замандық шаруашылық, экономикалық даму жарысында кеше ғана бір жүйенің, кеңестік заманның бір орталыққа ғана бағындырылған, өзге елдермен қатыныстар құруға шектелген тәртібінен босаған біздер үшін әлемнің барлық оқиғалары да, даму заңдылықтары да қызық және ерекше тартымды, үлгі алуға тұрарлықтай көрінетіні де сөзсіз.

Жалғыздық жарасады бір Құдайға,

Бар нәрсе жұбымен пар болмай ма?

Тілдің бар серіктері жұбы пары

Ұлтыңда діл мен дін болмай ма?

Құр тілді сөйлеткенмен бар қазаққа,

Тіл жетім дінсіз тұл болмай ма?