Байтасов Т.К. жеке блогы

           Барлық жаратылысты жұп және пар қылып жараттым деген жаратушы Иеміздің танымдылық заңдылығы бар. Сондықтан қандай бір болмысты тану үшін осы жұп пен парлық заңды міндетті түрде меңгеру керек. Адам баласына сенім мен иман қасиеттерін меңгеруді бұйырып, осы екі игіліктен бақытты болатынын ескертіп данагөй аталарымыз; «Бақ қарасын Қыдыр дарысын» деп бата берген. Енді бақ адамзаттың сенімімен байланысты және сенімнің ағаш болып, қалай гүлдеп жеміс беруіне қарай бақ құсы қонып, оның қонғанын көрген Қыдыр-иман болып дариды, яғни жүрекке зейнеттеледі  екен. Бірақ осы бақ пен қыдырдың қасиетін меңгеру үшін де адам баласы мұның парын меңгеруге яғни өзін-өзі тану, есеюі үшін ақылдың толымдылығы мен  естілікті меңгеру керек. Бұл естіліктің жетілуі үшін үш байлық керек; «Денсаулық, ақ жаулық, он саулық».

Бүкіл әлемді билеуші жаратушы иеміз өзінің патшалық іс-әрекеттерін, рахым, мейірім, әділеттілік болмысын да жаратып, оны адамдық қасиетке, тұлғаға айналдырумен адамзатқа ел билеушілердің түрлі замандардағы уақиғаларға байланысты жарқын үлгілерін де, керісінше халықтың зұлымдығына, ниет пейілдеріне қарай сондай зұлымдықты жақтаушы, өндіруші билік өкілдерін де жер бетіне өз арамыздан тағайындап «Ел билеуші, патшалар жаратушы иеміздің жер бетіндегі көлеңкесі» деген нақылдардың да аманат болуына да  негізі де бар. Құран Алланың сөзі болып,  ол адамзат ақыл-ойының жоғарғы философиялық ой тазалығының қуатын қалыптастаруға негізделген ақылдың ақ бұлағы болып табылады. Сондықтан Раббымыздың әрбір ескерту, үкім аяттарының ішкі сырында, сандық мәнінде ғылым болса, ал сыртқы ақылдық бейнесінде философиялық ой қуаты бар.

    

«Әрбір жүз жылда сөз атаулары өзгеріске түседі» деп ескерткен екен пайғамбарымыз. Олай болса осыдан мың жыл немесе екі жүз жыл бұрынғы құран және хадистердің аудармаларында бүгінгі заман біліміне, сөз ғылымына, философиялық пайымдауға қайшы немесе маңызын жоғалтқан сөз атауларын сол қалпында қайта пайдаланудың дінде де ғылымда да кері әсері – надандық пікірлердің пайда болуына себеп болмақ.  Сондықтан да бүгінгі қазақ сөз ұғымдарының үндік дамуының құран аудармасын зерттеуге, философиялық тұрғыда тәпсірлеуге сүре атауларының білімдік маңызын білу басты қажеттілік болмақ. Құранды оқу барысында және құран арқылы пәтуа беру саласында зерттеушілердің қателесуін туындатпасын деген мақсатпен Раббымыздан келген хабар бойынша қазақша ұғымдық сипаттарын жариялауды жөн көрдік.

   

         Қандай да бір іс-әрекеттердің жаратылыс себептерінің түп негізі бірліктерін, тұтастығын қалыптастыруымен «Бір» ғана түпкі жаратылыс себебіне қызметке, құлшылыққа байлану, жалғану керек. Сондықтан да бастапқы жалғыз «Бір» ден, тұтастықтан пайда болып, қарсылық жаратылыс себептерімен әрекеттесумен көбеюден заттық, денелік бейнелерін қалыптастырып, тіршілік ету, өмір сүру барысында барлығы да бір себепке қызмет етумен бірлену, бауырластықта, бірлікте болумен «Бірге» қызметке сапқа тұрумен нәтижеленбек. Бұл қуаттардың негізі бастапқы жаратылыс періштелері болып табылады да қарсылық күш қуаттарымен әрекеттесу барысында сан алуан бейнелерге, нәрселерге, заттарға айналып, бөліктерге бөлінумен өздерінің белгілі шектері, шамалары да пайда болып және қайта бірлену барысында, тіршілік ету барысында рухани қуаттарды меңгеруден, өзара қосылудан, табиғи көбеюден пайда болған өздерінің белгілі қуаттық шамаларын, қозғалыс себептерін де туындатуымен алуан түрлі іс-әрекеттің бір ғана жанды жаратылыс егесінің меңгеруіне әкеліп соқтырады. Яғни барлық қуаттардың адамдық болмыстағы ең күшті ерекше жаратылыс «Бір» жанға айналуымен бастапқы киелі рухтан болған «Бір» себепке жалғанумен жаннатқа енуімен нәтижеленеді.

Әбір жаратылыстық нәрселердің өзінің қадір-қасиетін, мақсат, талабын айқындайтын атаулары болу шартты болса, онда сол атаулардың да жұбы, пары болу да міндетті болмақ. Құранда жаратушы иеміз; «Сендерге түсінікті болу үшін барлық нәрсені парымен жараттым» деген үкім берген. Олай болса құлшылық сөз атауының сырын тарқатып көрсек; Құлшылық-қызмет жасау, әрекет ету, ұғынып, ұқтыру болып бұл істердің адамдықты сақтап, парасатылықты қалыптастыруға негізделген амалдарын; «Намаз» деп атаймыз.

1-ей ұлым, әуелі ұлы құдіретті жаратушыны таны.
2-біреуге насихат айтсаң, алдымен өзің оны атқара біл.
3-сөзді жағдайға қарап сөйле.
4-адамдардың қадірін біл.
5-басқалардың пікірін тыңдай біл.