Көңілде ақыл тұрақтар,
Ескі ақылда көңіл бар.
Көңілмен көрген өмірді,
Ата-анаңнан көңіл ал.
Байтасов Т.К. жеке блогы
Заң білген ақылды –данышпандық,
Түрлі айла біліммен мал табарлық.
Шындықтан шын ғылымың жоқ,
Жындылық, жат елдің салтын алып.
Надан көп төрт аяқты малға ұқсаған,
Бар арманы дүние, мал қолға ұстаған.
Анау кедей, мынау неге байыды деп,
Бірді-бірге айдап салып дау шығарған.
Алматы телеарнасының «бес парыз» атты тұрақты түрде масһаб білімін қазақтың тура жолы деген надандықты 3-4 жылдан бері дәріптеп келе жатқан райынан қайтып енді, дін секталарымен және негізгі қазақ халқының көп ұлтты тұрғындарының діні ретінде қабылданған масһаб муфтияттықтар мен христиан дін өкілдері және білімді қауым өкілдері, саясатшылар мен философ, психолог мамандардын қатысумен ашық пікір талас сұхбат жүргізуінде, бұл қазіргі таңдағы әлемдегі болып жатқан діни топтардың саясаттарына, білім, ілім, адамгершілік құндылықтар тұрғысынан баға беруге де, халыққа оның қателіктері мен жетістіктерін түсіндіруге деген үлкен қадам болғаны да сөзсіз. Сондықтан тек мұндай исламнан өзге топтар ғана емес исламдық түрлі ағымдармен, сопылық топтармен де олардың басшыларымен де осындай сұқбаттар жасалса нұр үстіне нұр болары хақ.
Қандай да бір жаратылыстық нәрселердің және жан егелерінің тағдырының олардың заманаға, табиғат өзгерістеріне қарай бейімделуінің ішкі сыры адамзаттың жер бетіндегі өмірі мен жандық, жындық қуаттық сапасымен тікелей қатысты болатынын әзірге адамзаттың бүгінгі замандық меңгерген білімімен анықтау мүмкіндігі жете қойған да жоқ. Сондықтан әлемде жүріп жатқан түрлі оқиғаларға, апаттарға сол сияқты қазақ еліндегі соңғы 4-5 жыл ішіндегі бұрын сирек кездесетін табиғи және адамдардың да тағдырына тікелей әсері бар рухани сынақтардың, апаттардың неліктен туындап жатқанына да мән берген қазақтың зиялы қауымынан да ел билеушілерін де кездестіре алмайсың.
Дүниеқоңыз
Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5
Өзің үлкен қылығың бала- шаға,
Құдайды емес дүниені алдың арашаға.
Атақ, дәреже, тағыңды сауда қылып,
Қоңыздай боқшы аталу жараса ма?
Білімді заман әлемде,
Өнердің кілті білімде.
Темірді құдай жұмсайтын,
Адамзат ісі өнерде.
Қыздарды көріп бүгінгі,
Арланбай тұрмас есті адам.
Болашағын болжап ертеңгі,
Құдайдан талай сұрағам.
Қазақтың бүгінгі ақпараттық қоғамында дәстүр туралы, оны сақтап ұстану туралы айтылып, жазылып жатқан насихаттардан кемдік жоқ. Тіптен көшеге шайтан дамбалмен, шайтан арбамен халық алдына шыққан әкімдердің ересектердің өзара жарысын немесе түрлі жат жұрттық арсыздық салты мен жастардың ойынын, жалаңаш халық алдында қыздарымыздың сәнге айналған билерінде біздің ата-аналарымsздан қалған салтымыз, яғни дәстүрлі аманаты деп атайтын болдық та, сонымен дәстүрдің дінмен ғана жаратушы үкімдері мен мұсылмандық қарыздарды өтеумен және барлық әлемдерге түскен діндердің де белгілі бір уақыт пен заман тезінен өткен және үнемі құдай ісімен уахиымен, замандық білімімен еленіп тазарудан өтіп тұруын мүлде жадымыздан шығарып алдық.
Жалпы қазақ халқының рухани тұрғыда өзіне тән әлемде озық болған ойшылдығының қазіргі таңда жындылыққа ауысып алғанының белгісі бұл қазақ ұлтының зиялы қауымының бүгінгі бұқара халқымен және жастардың арасындағы түрлі топтарға, пікірлерге, пәтуларға бөлініп алып өзара ақпараттық майданға шығып алғанын тек жоғарыда отырғандар мен өз тағында отырып өзінің ақылдылығына, кереметтігіне шүбә келтірмей, құдай, аруақ, ата-баба рухы мен өзінің күзетшілерінің кім екенін біле алмағандар ғана бейқам, қаперсіз. Және дін ғалымдарының мұндай жағдайда ақылы қысқа жастар мен жындылықтан арыла алмаған зиялы атты қауым өкілдері дін ісінің білімін сырттан алып және осыдан басқа жол болмайды деп азғыруына ақылдарын мықтап байлауы да себеп болған.