Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

     Баспасөз беттерінде, әсіресе діни баспасөз басылымдарында діни сауаттылық ұғымы жиі айтылып, көп жағдайда құранды арапша оқи білген және намаз оқушы мұсылманды діни сауатты деп, ал енді мейлі қандай да бір білім егесі, академик, профессор, прокурор, сот, мұғалім, инженер, т.б сияқты мамандық, өнер саласындағы мұсылмандарды діни сауатсыз деп атап, оған көбіміз мойын ұсынып, солай түсінеміз. Қазақтағы бір жақсы әдет, әйтеуір оқығаны бар, сыртқы көзге  білімді  пендесін өзімізден жоғары ұстап және сыйлауға да тырысамыз. Одайлардың айтқандарын ақыл жүгіртіп ойланбай-ақ орындай саламыз. Бұл ерекшелігіміз бір жағынан бірлік-татулығымызды ұстап тұруға септігін тигізсе, бірақ екінші жағынан іштей өзара күндестікті, араздықты, ойлардың жікке бөлінуін туындататынына да мән бермейміз.  Енді қандайда бір лауазымды; акедемик, профессор айтты немесе бір білімді, болмаса тақта отырған лауазымды әкім айтты, болмаса имам, арап танушы ғалым айтты десе болды құдайға сенгендей сенетін аңғалдығымыз тағы бар. Жалпы; Сауат-тектілік, ұғымдылық болып табылады.

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Діни сауаттылықтың ең маңызды дәрежесі жан сырын (психология) меңгеру және қара күштердің ықпалына түсіп есі ауысқандар мен жүйкесі жұқарғандарды құран аяттарының ем-шипалық қасиетін дарытып, түрлі жазылмайтын ауруларды да емдеуге болатынын көрсете білу керек. Екіншіден  дінге сенбейтін, нанымын жоғалтқан мүлде наданданған пенденің өзіне Алланың хикметін растығын сездіру, дәлелдеп көрсету. Үшіншіден ғалымдық яғни жан сырының құпиясын өзге ғылымдар алдында нақты өлшемдері мен сырларын бейнелеп, ашып көрсетіп киелі кітаптар және құран аяттары арқылы дәлелдермен салыстыра  білу. Осындай қасиеттерді меңгерген аталарымыз кезінде ишан, ахун деп аталған. Ал жаратушыдан ерекше хикметті істерге ұлықсат алып сол арқылы түрлі апаттардың, зұлымдықтардың жолын тосып, халыққа жәрдем көрсетіп ислам дінінің хақтығына, кәпірлердің өзін басын игізе білген Арыстан баба, Ясауи баба, Укаша сахаба, Пір Бекет ата, Шопан ата, Әулие ата, Зеңгі баба, Түктібай бақсы, Қорқыт ата, т.б. жүздеген әули-әмбилер мен бақсыларды, емшілерді  тарихта болмаған, өтірік немесе құдайға серік қосқан деп кімнің аузы барып айтуға, қарсы шығуға дін амандығы жете алады. Ал тарихын, шежіресін, әдет-ғұрпын дәріптеп, ата-баба істерін қорғаумен үлгілі істеріне табынып, үлгі-өнеге алуға, түс, аян арқылы көрсетілетін аманаттарын дін тапсырма қағидаларын орындауға арналған діннің рәсімдеріне және Інжіл, Тәурат, Забур, пайғамбарлар өсиеттеріне ашық тыйым салып, мемлекет басшыларының да қарсы тұруына ықпал жасай білген жан сырының нақты амалдары мен намаз орындауларын, білімдерін дін ғалымы, хазірет дегендер өздерін кімдермен салыстырып сауатты ғалым аталып жүр деген сұраққа кімнен жауап іздейміз?

«Ағаш көркі жапырақ, адам көркі шүберек», «Бөрік-адамға көрік», «Ескі киімді баптағаның жаңа киімді сақтағаның», «Ескісіз жаңа болмас, жаңасыз ескі болмас», Етігі жаман төрге шыға алмас, жеңі жаман табаққа да кіре алмас», «Жыртық етік аяқ қажар», «Киімі жаманды ит қабады, ниеті жаманды құдай табады», «Орамал тон болмайды жол болады», «Сөз бергенге ерме, бөз бергенге ер, сөз бейнет болар, бөз көйлек болар», «Қанжыға тон сақтайды, тон жан сақтайды», «Тоғыз қабат торқадан тоқтышығым терісі артық», «Киіміңе қарап қарсы алар, ақылыңға қарап шығарып салар».

Дін мен Діл кітабында шұлыққа мәсіх тартуға болмайды, үнемі жуып жүру керек екенін бүкіл құран тәпсіршілерінің еңбектерінен дәлелдер келтіріп зорға дегенде дәлелдеп шығып, ал Ислам ғылымхалы кітабында аяққа мәсі киіп жүргенде ғана мәсі сыртынан мәсіх тартылатынын дәлелдепті. Әрине негізі діннің басты шарты да осында. Бірақ көп ғалымдардың пайғамбарымыздың да, сахабалардың да жалаң аяқ жер баспағанын мүлде қаперден шығарады. «Аллаһ (Алла) Елшісі бізге дәрет алып, мәсі киген кезімізде егер жолаушы болсақ үш күн, тұрғын болсақ бір күн бір түн бойы мәсіх тартуымызды және мейлі кіші, мейлі үлкен дәрет үшін оны шешудің қажеті жоқ екенін, тек жүніп болған кезде ғана шешуімізді әмір етті.» (Сауан ибн Ассалдан) «Пайғамбардың сәлдесі мен мәсілеріне мәсіх тартқанын көрдім» (205-өсиет) «Оң аяқ бірінші киіліп, соңында шешіліу үшін, біреуің кебіс кигенде оңнан бастап, шешкенде сол аяқтан бастасын» деген. (1900-өсиет) Пайғамбарымыздың жай өсиет қана емес, өзі қалай киінуді көрсетіп әмір берген аятын онда неге біздер орындамай мешітке жалаң аяқ, жалаңбас жүріп ал тақуа, қажы, ғалым аталғандарымыз өздері пайғамбар әміріне қарсы келеді? Оған не себеп? «Сүнетті орындамайтындар, хадистерді жоққа шығаратындар» дегеніміз жөн.» (238-бет) «Пайғамбардың өзі: «Уа адамзат! Мен сендерге екі нәрсе қалдырып барамын. Соларды мықты ұстансаңдар ешқашан адаспайсыңдар. Ол Алланың кітабы Құран және менің сүнеттерім..» деп, өзінің бірқатар сахих хадистерінде тура жолдан таймаудың кепілдігі екенін ескертіп кеткен.» (243-бет).

 Аталарымыз; «Адамның басы Алланың добы» деп басты ерекше күтумен, әрбір ауа-райына, мезгіліне және жас ерекшелігі мен дәрежесіне, руына қарай киінуді және  басты қадірлеу, ойды жетілдіру үшін сөз бағушы, тылсым үнін, жан-жануарлар әлемінің сырын түсінуші «ойдың — қойшысы» болу әрбір ер азаматтың кәсібі деп түсінген. Сондықтан; «Бәрінен де қой бағып құйрық жеген озар» деп ой бағудың ғылымын адам тәнінің артық маймен арамданбауын ескерткен. Қойшы (ойшы) адамның семіз болуы да мүмкін болмай, сондықтан «құйрық жеуші» деген сөздің астарында  үлкен жан сыры бар. Қазақтың әйел затында қазіргі таңдағыдай көшеде ар-ұяттан айырылған түрлі жалпақ, қайқы құйрық нәзік жандылар болмаған. Ислам дінінен бұрын да «91-ді жеуден тыйым, 85-ті теуден (терістеуден, тебуден) тыйым» деген құранның көптеген ғылыми сырын қамтыған тамақ жеудің шариғаты «халал» заңдылығы болған.  Ұлы сөзде ұят болмас деген аталарымыздың өсиетін ескеріп, осы уақытқа дейін жазылғанмен жариялауға тыйым болған кейбір жан сырларынан мағлұмат келтіре кетсем. Және бұл жан сырын мағлұматтарды Абай-Шәкәрім аталарымыз да астарлап жазып кетіпті. Шыңғысқан бабамыз қайқы құйрық әйел, еркек пендесін «Бұлардан тек құл-құтан туады» деп арнаулы таңба басып, құлдардың қатарына қосып, ұмыт болған құйрық жеу заңдылығын қайта қалпына келтірген екен. «Әйелдің ақылы қысқа, шашы ұзын» деп аталарымыз осы заңдылықты ескерткен. Әйел затының шапшаң ойланып тез шешім қабылдап, болашаққа ұзақ мерзімге шешім қабылдауға әлсіз бірақ қылық-жыны, есте сақтау қабілеті, кекшілдігі және тіл қуаты ұзын екенін ескерткен. Сондықтан жаман  ақпаратты, күнәні әйел заты да, еркектер де құйрыққа маймен қоса жинайды. Оны ғылымда қоңыр яғни аю майы деп атайды. Құйрығы үлкейген сайын қара қуаты да өсіп керісінше тектілігі, ар—ұжданы, таза ойлау қабілеті кеми береді. Сондықтан сөзі қысқа, ана тілін толық меңгермеген және өзге қысқа тілді әдетке айналдырған қыздарымыздың күйеуге тимей-ақ тәнін май басып арамдану себебі осыдан. Бұл құбылыс аяғы қысқа, табаны жалпақтардың шалбар киіп, етегін жаппай және шашын қысқартып тастаса тез аяғының арамдануына, ана сүтінің бұзылып жоғалуына әкеліп соғады. Ал еркектер мінезінің құйрыққа қатыстылығының 6 сипатын Шәкәрім атамыз «Ер қоспақ пен сөз қоспақ» деген өлеңімен бүкіл жан сырының мінезде, яғни құйрық жаратылысында екенін тәптіштеп түсіндірген.

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

«Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы, Мінәжаты уәлилердің зар наласы. Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар, Әрбірі келгенінше өз шамасы… Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын Қазақтың келістірер қай баласы?..Мақтан қуған, мал құмар нені ұға алсын, Шықпаса мыңнан біреу талғап-талғап…Ынсап, ұят, ар намыс, сабыр талап-Бұларды керек қылмас ешкім қалап. Терең ой, терең ғылым іздемейді, Өтірік пен өсекті жүндей сабап…Су жұғар ма, Сөз ұғар ма, Сыпыра жылмаң желбуаз? Айтты –көндім, Алды-бердім, Ендің өкіндім-өзіме аз.» деп Абай атамыздың ескерткен қазіргі таңдағы ой мен тілдің арасы екі өзеннің жағасына айналды. Ортасында ескексіз қайық мінген, біресе ойға, біресі тілдің қырына жүзген қазақ атты ел келеміз. Жоғарыда бұл мәселеге аз ғана мысал беріп кетсек енді мешіттің құтпа оқыған дін ғұламалары біздерге пайғамбарларымыз бен нәбилердің мұң-зарын қалай түсіндіріп жүр екен, әзірше аз ғана мысалдар бере кетейік.

Жоғарыда басылым басында ескерткендей бұл басылымның мақсаты да ниетіміз де қазақ арасында дау туғызу емес, керісінше бірлесудің және елімізге келген жаратқаннан діни сынақтардан шығынсыз аман-есен өтіп «жүзге бөлінгеннің жүзі құрсын» деген дін қандастықтың бауырмалдық сүйіспеншілігін қалыптастыру. Оған керекті басты шарт тек ғылым-білімнің жолы, діни сауаттылықпен халықтың көкірек көзін ашу. Ал, діни немесе басқалай философиялық, психологиялық, шығырмашылық, түрлі өнер ғалымдықтарының негізгі шарттарының бірі пайғамбар өсиеттерінің (хадистерінің) түсінігін осы заман білім ғылымының түсінігіне, шаруашылық әдістеріне пайдалы, пайдасыз жақтарын анықтаумен адамзаттың парасатын жетілдіру, заман талабымен сәйкестендірумен анықталады. Ал біздің негізгі тәрбие бастауымыз дін ғылымымыздың пікірлері бойынша барлық мәдениет парасатымыздың өркендеуін 10 ғасырдан да бұрын ислам ғылымдары біздерге көрсетіп бергенге ұқсайды. Мысалдар мен дәлелдерге жүгінсек; «Қазіргі таңда хадис кітаптары алдымызда, қай хадистің сахих, ал қайсысының әлсіз екені де белгілі. Олай болса, мәзһаб ұстанудың қажеттілігі жоқ дейтін түсінік мүлде дұрыс емес. Біріншіден «фиқһта тек қана сахих хадистермен емес, кейде әлсіз хадистермен де амал етеді.» ( Дін мен Діл;21-бет).

«Ең бастысы, Құран сөздерінің оқыған адамды жалықтырмауында. Мысалы, аударманы бірнеше рет оқыған адам жалығары сөзсіз. Ал Құран сүрелерін оқыған адам түсінбесе де ерекше рухани ләззат алады...». «Хадистердің бір мәселеде әр түрлі көзқарастарға себеп болуы, араб тілінің өте ерекше тіл құрылымына ие болуында. Мысалы, бір сөз араб тілінде әр түрлі қалыпта оқылғандықтан, мағыналары да оқылған формаға сай өзгеріп отыруына байланысты ғұламалар бір сөзден әр түрлі үкімдер шығарған.» (Ислам ғалымхалі. 27-бет) «Сондықтан кейбір сөздің «сөздік мағынасынан» тыс дыбысталуының өзі баяндайын деп тұрған жағдайды білдіріп жатады. Ал мұны аудармада беру мүлдем мүмкін емес.» (121-бет) … күнә жасау мен Аллаһ Тағаламен сөз таластыру арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бірі — күнә, бірі — күпір.» (И. Ғ. 41-бет).

Ақпан айы; Ағынды судың мол болуымен және ауыз судың тапшылығымен, толассыз жауған жауынның да әсерінен халық дүрбелеңге ұшырайды.

Бұл кітап ақиқат бастауы кітабының жалғасы болып, ақ жол және тура жол туралы жаратушымыз Құранда қандай үкімдер берген және «Сәни дәптерді» меңгеріп, жалпы «Яссауи жолының»  айырмашылық ерекшелігін түсіну үшін, Құран аяттарының құпияларын шешу үшін, бабалар батасымен және берілген аяндармен бағдар алып, «Сәни дәптерді» негізге ала отырып, танымал болған ғылымнан дәлелдер келтіріп, болмыспен жүйелеп оқырманға Құран ғылымының құпияларын талқыға ұсынамын.