Он саусаққа-он саулық,
Сыйғызып берген Бір Алла.
Қарама-қарсы бес қуат,
Бөлгені оң- солыңа.
Он саусаққа-он саулық,
Сыйғызып берген Бір Алла.
Қарама-қарсы бес қуат,
Бөлгені оң- солыңа.
Қаралық бойды тежесе,
Қажырлық оны ширатар.
Құдаймен ара үзілсе,
Онымен жалғар кімің бар?
Ой маржаны ұрланса,
Айналып басқа ұғымға.
Тілге түсер көп салмақ,
Қарадан шапан жамыла.
Сөз сапырып сөйлейтін,
Білімді ғана жөн дейтін.
Дамыл таппас сыңар жақ,
Құдайдың ісін білмейтін.
Сөздің құнын түсіріп,
Мәнсіздікке бой ұрып.
Перілікпен дос болар,
Өнер-білім ғылым, дегізіп.
Қабы толып бостыққа,
Байланар ақыл мастыққа.
Үлкендерде есі жоқ,
Әдеті, әдеб жат жұртқа.
Сарқылып елдің қуаты,
Сөздерде болмас иманы.
Шикі өкпе, жүрек дерттенер,
Қан азып, тектен суаты.
Ой жорыған біліммен,
Сөз үнін алып терістен.
Жанына қастық қылған көп,
Діл қатайтып өлтірген.
Артқаны билік қарасы,
Жаңалыққа құштар болады.
Сақтауға ділін тәңірсіп,
Таңбамен қосып жаланы.
Ойланып сөзді сөйлеген,
Тәңірлік қасиет өнерден.
Екі өкпеге дем түсер,
Орынды көркем сөзбенен.
Салмағын дәмін сезінген,
Астарлы нақыл сөздерден.
Жетесі ояу, санаға,
Ашылған көктен демменен.
Ойлы сөз шықса ауыздан,
Қанаты ұждан жалғанған.
Қыранша көкке самғайды,
Қырымды алыстан аңғарған.
Буына Тәңір сөзің айналар,
Өріспен жеті байланар.
Қан тазарып мастықтан,
Қасиет боп текке жалғанар.
Сөзіңмен өнер тек болған,
Пайғамбарлық қасиет жалғансаң.
Кісіліктен жарық боп,
Ойпаттардан қайта жер басқан!
Нәсілің баста сөз болған,
Раббысын танып уәде алған.
Қарсысы қара нәсілдер,
Нәпсімен пенде жалғанған!
(Қыркүйек 2018 жыл)
**** ****
Нұр жинап алтын, күмістен,
Жасырып оны еліткен.
Бөлек тілмен бөлшектеп,
Асыл сөзден ой кеткен.
Ауруын жасырған өледі,
Күнәдан ауру өнеді.
Жасаған күнәсін жақтаған,
Ауруға байланар пендесі.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Атымтай Жомарт көңілі,
Аңқыған жұпар иістей.
Сезілсе көңіл тоқыны,
Ар-ұжданды намысшыл
Бөлім: Зікір өлеңдер
Парықсыздық көбейген,
Қажырлық бойда түгескен.
Тәуекелге бел буар,
Ниетті пенде сиреген.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Қанағатсыздық жүректе,
Айналды ол бір дертке.
Мал дүние, табыс мақтаныш,
Ақылды байлап керекке.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Қыл үстінде тұрғандай,
Күй кешіп жүр адамдар.
Сынағын өмір қарсы алмай,
Төзе алмай жүр жарандар.
Асық болып адалға,
Тазалық болып қолдарда.
Асқазанға арам жинамай,
Жиркеніш болса арамға.