Имандылықтың тынысы,
Дертке дауа жан ісі.
Қисықты түзер иманмен,
Кісінің болса түгел ар ісі.
Имандылықтың тынысы,
Дертке дауа жан ісі.
Қисықты түзер иманмен,
Кісінің болса түгел ар ісі.
Топырақтан тәні жаралған,
Асылы топырақ құмырадан.
Жер анамен жүрек дүрсілі,
Рұқымен қуат жалғанған.
Бөлім: Без рубрики
Қазіргі таңда ата жолында жазбаларын зерттеп, тақуалық үлгі амалдарын орындаумен рухани тұрғыда жетістікке жетіп жатқандар, жанын жарыққа шығарып жеті ата-баба тағдырына жалғанудың да үлгісі қалыптаса бастады. Бірақ құран үніне жалғанумен байланысты Ақ ұлдың кезіндегі хикметті жағдаймен тылсымнан ақ батаның елге шындықпен оқылуы ғана әлі дұрыс жолға қойылған жоқ. Оған себеп, сол кездегі мұндай Алланың мұғжиза, хикметі, ғылымы мен кереметінің бірге жүру ерекшелігіне қарсылықтың да сол дәрежеде жетіліп, ғылымсыз жындармен байланысты кереметтерге жалғануға негізделген жалған мөр ашу, жалған батамен және жындар тобына жалғанып көріпкелдік кереметтердің де пайда болуымен байланысты екені сөзсіз.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Рахатын теріске айналдырған,
Қыз, қатын, етекбасты ерлер азған.
Ішіп-жеммен, ойын сауық, арзан күлкі,
Жеңіл тұрмыс сүрумен байландырған.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Ақиретте болар азабың,
Дүниемен байлық арамың.
Күміс жіптен үзіліп,
Хабарын алмай Алланың.
Дән егіліп жүрекке,
Иман боп өніп өскені.
Қосылған қуат қан текке,
Егіні құдай сепкені.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Рухани елді жаңғыртып,
Боламыз озық әлемде.
Дүние,байлық қуаныш,
Болады деп еншіде.
Қарама–қарсы сезімдер,
Бойынан пенденің жетілер.
Бірі туса сүюден,
Кемтарлық бірінен көрінер.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Кетіп қадір бастардан,
Қадірсіздер елді басқарған.
Көпшілік жүр жалаңбас,
Бас киіммен болып қас.
Өмірде көп адасқан,
Талай күнә жасаған.
Тыйып қойып ұятты,
Күнәға күнә жалғаған.