Жазылып көкте тағдырың,
Ақиретпен саудаң, шат күнің.
Таразыға түсіп ниетің
Тартылар болар тар күнің.
Байтасов Т.К. жеке блогы
Қарсының бұзып қамалын,
Қайратпен тап амалын.
Қара түске енгізбей,
Адамдықпен жалға, ағарсын.
Адалдық пен арлылық
Қайнар көзі өмірдің.
Талап пенен ұждандық,
Бастауы тегі еліңнің.
Қырықтың бірі, деп Қыдыр
Сыйлы еткен қонағын
Ұстанып мықты салт-дәстүр,
Адалдан беріп астарын.
Қара жер тартар тәніңді
Бұйрығы келсе өлімге.
Ақиретке дайындық
Кеш болар жатып көріңде.
Өмірдің мәні — Құдайды тану,
Міндіні міндеп, мінсізді табу.
Берілген сертке, айыққан дертке
Шыдамды болып, сөзінде тұру.
Қателік бар әркімде,
Мойындап оны түзей біл.
Ақтай бермей әрдайым,
Бөлшегі едің жүректің
Жарығы кісі өсетін.
Жүректерді қосатын,
Жар болған өзі иенің.
Қалықтап ұшқан құсыңды,
Қолыңа қондыр жалғанда.
Қазына кілті-білімде
Бес қуат өнер қолға алса.