Сақалсыз, бөріксіздер парасатын,
Сипаты бүгінгі күн ақсақалдың.
Төрт көсе бас қосуда талқылады,
Халықтың жаңғыртуға рұқ, санасын.
Сақалсыз, бөріксіздер парасатын,
Сипаты бүгінгі күн ақсақалдың.
Төрт көсе бас қосуда талқылады,
Халықтың жаңғыртуға рұқ, санасын.
Жетесіздер жеті айтқанмен тыңдамайды,
Құдай берер жол-жобасын ала алмайды.
Өзінде жоқ өзгеде болмайды деп,
Іші тар, жынды екенін байқамайды.
Қазақтың сөзі ұзын деген Абай,
Сөзі рұқпен бейнеленбек үніне сай.
Еркек пен әйел сынды некеленіп,
Таңбасы киесі елдің мекені жай.
Қиямет мезгілінің арсыздары,
Құдайын терістеуге жарысады.
Өзің білме, білгеннің тілін алма деген,
Қарғыспен жүктелуге тырысады.
Латынға көшсек алыстаймыз,
Орыстан дейді қашықтаймыз.
Алланың жібін тағдырын ұлттың,
Тарқатқан біз қатындаймыз.
Білімнің екі түрі түсірілген,
Жұбымен жаратылыс ілімінен.
Құдайдың сынағы әлемге ортақ,
Діл білімін ұлтымен негіздеген.
Қазаққа бұл қай заман,
Дүниемен қызық бай заман.
Екі жүзді ел билік,
Ұрпағына ібіліс айналған.
Сөзімнің мазмұны — ойдың үні,
Адамдықтың мазмұны — ардың жүзі.
Ел билеудің де бар мазмұны
Ар-ұятты, мәңгілік жан елдігі.
Жүрегіме қарап едім үңіліп,
Дүние қызық, өліп қапты түңіліп.
Тіршіліктен жалыққан шалды енді,
Жақсы көрмек қай ісіме қызығып.
Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8
Бабалар қалдырған аманатын,
Қазақтың тектілігі боп аталатын.
Адамзаттың бәрін сүю баурым деп,
Дәстүрі әлем дінін қоса алатын.