Байтасов Т.К. жеке блогы

Жылдың аяғына дейін осы екінші жартысында ел билеушілердің екі жүзділік саясатына байланысты қиямет мезгілінің сынағы арта бермек. Билікте отырған пенделерге тазарту жүреді. Ибрагим ата Қарашаш ананың қолдауымен Алланың құдіреті түсіп, ақ пен қара беті ашылады. Сырдың қасиеті шыңдалады. Қазақ ұлтының аруақтарының көтерілуіне байланысты халықтың рухани оянуы басталады. Халықтың арасында өзара екі бөлініп, айтыс тартыстар жүреді.

Қадір ата батасында қазақ еліне 3 түрлі сынақтың түсетінін ескертті. Демек Ел басымыздың рухани жаңғыру жолдауының Құдайға қарсылықтарымен байланысты жауаптың түсуіне жол ашқаны да хақ. Және қазақ дәстүрін халықтың өзін-өзі басқарып меңгерулеріне, арсыздықтың барлық түріне тыйым салып, екі күнін қайтарып бергенше қияметтің азабы арта бермек.