Ібілістің әрекеті қалайда Алланың жібін үзу. Адамзаттың тарихына, мирасқа алған құндылықтарына, адамдық туысқандық, нәсілдік белгілеріне деген сүйіспеншілік, махаббатын жою. Оның орнына бір-біріне деген өшпенділік, кекшілдік, қатыгездікті арттырып оны заңмен қорғап, ел билеудің саясатына айналдыру болмақ. Ал оны қолдап, орындайтын сол қоғамның ішінен шыққан ақылдары белгілі бір жындылық біліммен, іліммен негізделгендер талантты ел билеуші, атқарушылыққа тұрған білімді қоғамның өкілдері болмақ.
Байтасов Т.К. жеке блогы
Ғылымсыз пендені сөзінің ой үнінен, дыбысынан яғни жүрек, ақыл, қайратын шамалауға болады. Үнде шындық болмаса, сөзде жан болмайды. Жансыз сөз ақылға айналмайды. Шындық ұят, қазақтың әр сөзінде қызыл қуат ұяттың үні жасырылған. Шындық жер анамен таңба арқылы жалғанып, қуаты жүректің соғысын қалыптастырады. Сөздің үнінен ұят жоғалса, жүректен жылу, сүйспеншілік, махаббат азайып жоғалады. Қан қарайып жынды әсершіл, шайтандық азғындыққа құштар болады.
Қырық үйден сезім алмақ,
Жан өсіріп ақыл таппақ.
Қыз күнінде бәрі жақсы,
Жаман қатын қайдан шықпақ?
Жақсының ұрпағы көп болған кісі,
Атаның ұлы болып ұқсас түсі.
«Қожамыз» деп аталары текті болған,
Құдайдың құлы болған, мықты діні.
Тарқамай жастық базары,
Дүниенің қызық сайраны.
Сөз қадірін кім ұғар.
Тазармай көңіл назары.
Тегіміз бір ұлтымыз болған қазақ,
Тектен иман көп жұртта болған шатақ.
Өзін-өзі көтерген, жерге тәңірсініп,
Адамдықтың өлшемі шен мен атақ.
Тоғыз кісі қалада қарсы болған,
Бұзықтықтың әдістерін ойлап тапқан.
Құранның бұл аятын дін ғалымы,
Масһабтан табылмады сырын ашқан.
Надандық адамзаттан қалмай қойған,
Әр заманның өз наданы шықты мұнан.
Құранды түсіргенде арап елі,
Түсініксіз сөздерді елші неге айтқан.
Рухани жаңғырамыз енді қазақ,
Дүние қызық, ойынды болдық қалап.
Жиырма бес жыл жасырып ел басшымыз,
Таң қалдырып әлемді ұлт жаңғыртпақ.
Қияметтік мезгілдің хақиқаттың көрінісін шілде айында қар жауып, Алла тағаланың ірі белгісі түскенімен, білім тұрғысында бұл бір табиғаттың тосын мінезі деп бей-жай қарай салдық. Сонымен бірге ел басымыздың қазақтың ар үнін қалайда жоғалтумен байланысты, рухани жолдаудың қателіктерін түзетуге ұсыныс беруге қарсы шығатын бірде-бір зиялы қауым өкілі болмады. Керісінше, қалайда латын таңбасына ауысып алу керек, немесе кеңселік тұрғыда, құдайдың қалауынсыз, рухани жаңғырмақ саналы болмаққа деген құлшыныстар арта түскені байқалады.