Қазақта дін ұғымын түсіндіру үшін; дін- «діңің» деген сөзді жиі пайдаланамыз. Олай болса; «дің» дегеніміз-өзек, өзек- тіреу ал тіреуіміз сүйеу. Ойшыл, білімді ғалымдар алдымен өздерінің ақылы мен еңбегіне сүйенеді. Ал өсек теріп, адам аулаған құмардың тірегі не болу керек? Ғылыммен діннің арасында қандай байланыс, қатынас бар? Немен толтырып қалай өлшенеді? Осы мәселеге кірісіп, оның шындық мазмұнын түсіну үшін, діннің де ғылымның да барлық тарауларын түбегейлі тексеріп терең білу қажет. Ондай білімді адам баласын діни сауатты ( ата текті (аталық), қасиетті) немесе ғалым деп атағанымыз абзал.
Байтасов Т.К. жеке блогы
Қазақ елі көгілдір терезе арқылы Астана қаласының күнінде халық қыдыратын ең басты көшелерді жаңбырдан соң топан су басқанына куә болды. Бірақ бұл жаңбырдың қазақ халқы тек қана осы көшелердің ауданына жауғанын білмейтіні сөзсіз. Бұл хикметты тек қана Құдай патшалғынан хабардар, аруақтарған бата алып, тылсым құпия
VII-БҮГІНГІ ӘДЕТ, САЛТЫМЫЗ, ЕРТЕҢГІ ЖАЗЫЛАТЫН ТАРИХЫМЫЗ
Бөлім: Без рубрики
Діндар болса да құдайсыздар деп кімдерді атаймыз?
Дененің «шамы» көз. Көзің кіршіксіз таза болғанда өмірің нұрға кенеледі. Ал егер аш көз болсаң, өміріңді қараңғылық басады. Сондықтан өміріңде нұр орнына қараңғылық болмасын байқа! Егерде бүкіл өмірің нұрға кенеліп, қараңғы жерің қалмаса, онда ол шамның саған сәулесін төкені секілді түгелдей жарық болады.» (Ізгі хабар 11-тарау. 34-36) Ғиса пайғамбарымыздың ескертуі бойынша ақыл жарығының шамын (шырағын) өшіретін және діншінің ең бір осал жері аш көздік. Қазақ елде болып жатқан дін аралық сынақтардың бір себебі осы жоғары лауазымдағы, діни сауаттылардың және кейбір әкім қара, ояздардың ақылдарының саяздығымен аш көздігінен, тіптен Алла жолында мал жұмсау түгіл өздігімен халықты тазартуға ниеттенген емші т.б сауап іздеген пенденің бәрін қудалауда.
ҒЫЛЫМ КЕЛУ ЖӘНЕ ҒАЛЫМ БОЛУ.
Ғылым мен ғалымдықтықтың мәні неде? Осы асыл сөздердің мағынасын түсінуден қалып, білім қалай пайда болады, ілім неден шығады дегенге толық жауап беретін жазушылар немесе «психоллог» жан танушы ғалымдар, болмаса сөз табушы сәуегей «филлософтардың» еңбегін қазіргі таңда кездестіре алмайсың. Мүмкін жарыққа шықпай баспасөзге жеткізуге қолы қысқа болып жүрген қазақ ағайындар, басқалай шабыт егелері болса, алдын ала кешірім сұраймын. Енді ғылымдықпен, ғалымдықтың ара жігін ажырату үшін Абай атамызға жүгініп; — Ғылым бағу? Жоқ ғылым бағарға да ғылым көзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз –күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып, шер тарқатар кісі болмаған соң, ғылым өзі тез қартайтатұғын күйік.-деп ғылымға күтім болып және оны естіп, тыңдап және үйрететін шәкірт болу керек екендігі және ғылым тылсым сырымен байланыстылығын ескерткен.
Өнер білім, қазақтың атқан таңы,
Астанамен көркейтіп сары арқаны.
Шаруашылық ісінде озық болған,
Нұрсұлтандай басшының аты қалды.
Биссимилла рахман, рахим сөздің басы,
Жеті теңіз адамзатқа жазылған насихаты.
Құдайдан шыққан будан сан жаратып,
Сөзді есеппен жаратып үнді салды.
Қол-аяқ адамзатқа қару қылған,
Қозғалыстың бар тегіне қимыл болған.
Алланың қолы емес пе бар әлемді,
Қозғалтып, жаратып уақыт болған.
Түп негіздің барлығын,
Тәңір, Құдай, Раббының,
Алла тағала сипаты,
Жарығы таза ақылдың
Атадан алтау, Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ. (Абай)
*** ***
Төрт әйел жаннан,
Алты қуат рұқтан,
Адамзат әлемнің көшірмесі, және әлемдік уақыттың негізі болып саналады. Себебі барлық әлемнің нәрселерін адамзаттың пайдасына ғана жаратып, ал оның тағдыры уақыт болып табылады. Сондықтан адамзаттың тағдыры, уақыты аруақ болып, аруақтық қуаттан замандық уақиғалармен табиғатыңда жағдайы туындайды. Бүгінгі таңдағы заманың уақиғалары өткен шақпен, бүгінгі адамзаттың іс әрекеттерінің қилысунан пайда болған қуаттық жүйеге жаратушы тарапынан жауап берумен пайда болады.