«Шын асықтың әрбірі Өліп топырақ болды да. Жаралыстың тағдыры Жаратты мені орнына. Бәрінің нұры қосылған Мол керемет менде бар. Жалғыз жарға шоқынған Қайда мендей пенде бар? Менің жарым қыз емес Хақиқаттың шын нұры. Оны сезер сіз емес, Көзге таса бұл сыры…»  (Шәкәрім әулие). Қазіргі таңдағы «зайырлы мемлекетпіз, зайырлы дін ұстанамыз» деген дінші, ел билеушілердің пәтуаларының қазақтың нанымына, сөз өнеріне, атау сөздердің ұғымына ашық қарсылық болып; «хақиқаттың нұрын жүрегіне алған, еліміз түгел әулиеге айналған, құдай патшалығындағы  елміз» деген ұғымды меңзейді.  Атау сөз ұғымдарының ойына жүгінсек; Сауаттылық – тектілік, ұғымдылық болып адамзатқа тән қасиет болады.

Зайырлық – ішкі жаратылыстық құпия сыры, тегі болып барлық жаратылыста кездесетін қуатқа жатады. Шәкәрім атамыз; «…Бәрінің нұры қосылған Мол керемет менде бар.» зайыр ұғымының адамзаттың болмысында кездесетін Алланың нұрынан, жанның ғылымдық сырын хақиқаттың шын нұры, құдайлық белгі-жар деп түсіндіреді. Олай болса, мұндай атау сөз ұғымдарын терістеп, халықтың ақылын қазыққа байлаушылар ібілістің ұрпағы деген ұғымға да лайық болады.

Ел тағдыры елімнің болашағы,

Ауыртады жүректі қинап жанды.

Жындылығы жастықтың сөзі емес,

Ауырмаса жүрегің, көзің көрмес.

Көргендерім тіршіліктің күні емес,

Тарихтан белгі келді тұрған елес.

«Ақ жолында өледі бірталай жан. Ыразы қылам дейтұғұн құдайы жоқ, Өлген соң тірілмеймін деп ойлаған. Осыны терең ойлап, тексерейік, Сорлыны ер ынсабы қайда айдаған?…» (Шәкәрім әулие). Қазіргі таңдағы адалдықтың ақ жолын ұстануға, әділетті заңдар жазып, елдің тұрмысын, денсаулығын түзеп, дүние байлығын арттыруға түрлі ойлар жазып, оны орындау үшін ел билеуге таққа таласып, партия құрып күресіп жүргендер де аз емес елімізде. Ал енді; «..Ел түзелсе, өлген соң, не пайда оған? Не дін емес, не тыныш өмір емес, Артқы үшін арпалысты неге осыған?» деген әулие бабамыздың сауалына ел басшымыздың өзі жауап бере алмайтыны да хақ.