(Мұқтар Мағауин ағамызға)
Адамзаттың тегі Адам,
Топырақтан жаратылған.
Жер емес пе түпкі анаң,
Жаратылыс тегің болған.
(Мұқтар Мағауин ағамызға)
Адамзаттың тегі Адам,
Топырақтан жаратылған.
Жер емес пе түпкі анаң,
Жаратылыс тегің болған.
Масһабтық біліммен, қазақ дін «ғұламаларының» заманға қарай берілетін құдайлық жол –жоба мен пайғамбарымыздың шапағатына жалғанып, біздің өмір сүрген заманға білім тұрғысында жеткен өсиеттерімен, дін ғалымдарының пәтуаларының тозғанын ауыстырып, жаңадан аяттар алып отыруды терістеуден және масһабты тура жол, яғни таза ақыл- Аланың өзі, құдайлық сипаты қылып алумен дін намаздарының ақылды өсіріп, жанды көбейтуге емес, керісінше ақылдың негізделіп, жан өрістік қуаттық жүйені шектеуге негізделіп алғаны да хақ деп біліңіз.
1. Қандай да бір өліктің күн аумай тұрып жаназа намазы оқылу керек. Жаназа намазы 3 рет фатиха сүресімен оқылу керек.
2. Өлікті жерлеуге жолға шыққанда қамат оқып, қатым құран оқылу керек. Қатым құран 3 рет ясин сүресі немесе бір ясин сүресі мен мүлік, тарық, філ, ықылас, фаләқ, фатиха сүресімен оқылады.
3. Қабірге жерлер алдында Аятул күрсі оқылып дұға іштей қайтарылады.
4. Қабірге көміп жатқан кезде және бұл жағдай аяқталғанша дүниелік сөздерден аулақ болып имамнан бастап, қолы босағандар бәрі таспих тартады.
Садақа туралы масһаб-шариғат білімінде кең көлемде қамтылған және оған тоқталмаса да болады. Тек құрбандық арқылы садақа беріп, жолда қалған міскіндерді құранмен азықтандыру ғана масһаб білімінде «серік қосу» аталып, шындығында осындай тәсілмен халықты кедейшілікпен қорқыту, садақаға тиым салумен қазақ дәстүріне және Аллаға да ортақ қосу екенін қанша аяттармен мысал бергенмен, оған тоқталатын ендігі діншіні табу қиын.
Қанынан ұлттың діл тегі,
Алты жан тұқым дәнегі.
Қыз өріс деген қазақта,
Егіні рұқтың белдегі.
Ел басшы болып Нұрсұлтан,
Өнер, білім қуғызған.
Шаруаның түрлі істерін,
Меңгеріп қуатты ел қылған.
Тастан қашап мүсінін ойғызамыз.
Ескерткіш деп өлілерге қойғызамыз,
Анда-санда той жасап, гүл апарып,
Риза қылдық деп аруағын мәз боламыз.
Өзін-өзі сынаған,
Нақылын алып бабадан.
Текті қазақ қашанда,
Құдайдан жоба сұраған.
Сөз жазамын уәзінмен,
Бабалар өткен ізімен.
Қалдырған өсиет өлеңмен
Құранның жеті үнінен.
Ет етке, сорпа бетке деген қазақ,
Сорпасыз ет қорытылмай қылар азап.
Бек, билері қазақтың кісі болып,
Халық малдан айырмасы болар аз-ақ.